Абдилла Әсемай Жанибекқызы
Академик Е.А.Бөкетов атындағы қарағанды университеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Ғылыми жетекшісі: Жұмағұлов А.Б. ф.ғ.к.
Аннотация
Бұл мақалада Оралхан Бөкейнің «Қайдасың, қасқа құлыным» шығармасындағы ішкі монолог пен астарлы мағына жүйесі кең көлемде қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде алынған туындыда автор екі түрлі сана – әке мен бала дүниетанымын қатар өрбіту арқылы адам болмысының күрделі табиғатын, рухани сабақтастық пен ұлттық дүниетанымның терең қабаттарын ашады. Шығармадағы ішкі монолог тәсілі кейіпкерлердің сыртқы әрекетінен гөрі олардың ішкі психологиялық күйін, ой ағымын, дүниеге көзқарасын көрсетуге бағытталған көркемдік құрал ретінде талданады.
Мақалада мәтін құрамындағы «жұмыр жер», «тірі кітапхана», «шаңырақ», «от», «бұғы» секілді концептуалды бейнелердің символдық және философиялық мәні сараланып, олардың қазақ халқының дәстүрлі танымымен, мифологиялық және рухани жүйесімен байланысы анықталады. Әке бейнесі – өмір тәжірибесінің, ұлттық жадтың, рухани мұраның тасымалдаушысы ретінде қарастырылса, бала бейнесі – сол мұраны қабылдаушы, оны жаңа санада қайта қалыптастырушы тұлға ретінде сипатталады.
Сонымен қатар шығармада отбасы тұтастығы, ұрпақ жалғастығы, ұлттық болмыс пен тарихи жады мәселелері көтеріліп, кеңестік кезеңдегі рухани күйзелістер мен дәстүрдің әлсіреу көріністері астарлы түрде бейнеленетіні көрсетіледі. Табиғат пен адам арасындағы үйлесім, еркіндік пен шектеу, ішкі бостандық пен әлеуметтік қысым секілді философиялық категориялар да туынды мазмұнын тереңдете түседі.
Зерттеу нәтижесінде жазушының көркемдік әлемі ішкі монолог, символика және астарлы ойлау жүйесі арқылы қалыптасатыны, ал аталған шығарма ұлттық руханиятты, адамгершілік құндылықтарды және болмыс мәселесін бейнелейтін маңызды әдеби туынды екені дәлелденеді. Мақала қорытындысында шығарма қазіргі қоғам үшін де өзекті рухани-этикалық мәселелерді көтеретіндігі айқындалады.
Түйін сөздер: ішкі монолог, астарлы мағына, ұлттық дүниетаным, символ, әке мен бала, рухани сабақтастық, қазақ прозасы.
«Қайдасың қасқа құлыным. Ішкі монолог пен астарлы ақпар.»
Кіріспе
Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» шығармасы – екі түрлі сана, яғни әке мен баланың ішкі монологдары арқылы өрбілетін ерекше көркем туынды. Шығармада әке мен бала арасындағы диалог тек оқиғаларды баяндап қана қоймай, әр кейіпкердің рухани әлеміндегі терең ойлар мен сезімдерді, өткен мен болашақтың, жеке тұлға мен ұлттың рухани мұрасының байланысын аша түседі.Әке – өмірлік сабақтар, қайғылар мен ескі дәстүрдің қамын ұрпаққа жеткізетін, адамның ішкі жан дүниесінің байлығы мен тылсым сырларын бейнелейтін тұлға болса, бала – туған жері мен әкесіне деген сүйіспеншілігі арқылы өмірдің мәнін, сананың құрылымын қалыптастыратын нәзік әрі ізденімпаз жан ретінде көрініс табады. Осылайша, шығармада екі жақтың ішкі монологтары кезектесіп, кейіпкерлердің жеке әлемін, олардың ойлау жүйесін және өмірге деген көзқарастарын айқын түрде жеткізеді.
Материалдар мен әдістері
Зерттеу жұмысының негізгі материалы ретінде Оралхан Бөкейнің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты көркем шығармасы алынды. Сонымен қатар зерттеу барысында қазақ әдебиеттану ғылымындағы ғылыми еңбектер, фразеологиялық сөздіктер, поэтикалық мәтінді талдауға арналған теориялық зерттеулер мен диссертациялық жұмыстар қосымша дереккөз ретінде пайдаланылды. Мәтіндегі көркемдік жүйені тереңірек ашу мақсатында ұлттық дүниетаным, мифологиялық таным және дәстүрлі мәдени кодқа қатысты ғылыми тұжырымдар да негізге алынды.
Зерттеу әдістері ретінде кешенді әдеби-теориялық талдау тәсілдері қолданылды. Атап айтқанда, мәтінді жүйелі талдау (структуралық талдау) әдісі арқылы шығармадағы ішкі монологтардың құрылымы мен қызметі анықталды. Герменевтикалық әдіс негізінде мәтіннің астарлы мағыналары мен символдық бейнелері интерпретацияланды. Сонымен қатар салыстырмалы-талдау әдісі арқылы кейіпкерлердің (әке мен бала) дүниетанымдық ерекшеліктері мен ойлау жүйесі сараланды.
Семиотикалық талдау тәсілі арқылы шығармадағы «шаңырақ», «от», «бұғы», «жер» сияқты концептілердің таңбалық және мағыналық жүйесі қарастырылды. Ал психологиялық талдау әдісі кейіпкерлердің ішкі күйзелісі, сана ағымы мен эмоциялық әлемін ашуға мүмкіндік берді.
Осы әдістердің жиынтығы шығармадағы көркемдік-идеялық мазмұнды, ішкі монологтың қызметін және астарлы ақпараттың берілу ерекшеліктерін жан-жақты талдауға негіз болды.
Әдебиетке шолу
Қазақ әдебиеттану ғылымында Оралхан Бөкей шығармашылығы, әсіресе оның прозасындағы философиялық тереңдік, психологиялық талдау және көркемдік ізденістер мәселесі жан-жақты зерттеліп келеді. Жазушы туындыларына тән басты ерекшелік – адам мен табиғаттың тұтастығы, ұлттық дүниетаным мен рухани құндылықтардың көркем бейнеленуі, сондай-ақ ішкі монолог арқылы кейіпкердің жан әлемін ашу тәсілінің кең қолданылуы.
Оралхан Бөкей прозасын зерттеген ғалымдар оның шығармаларында символдық образдар мен астарлы мағынаның ерекше орын алатынын атап көрсетеді. Әдебиеттанушылар жазушының «Қайдасың, қасқа құлыным» шығармасында ұлттық болмыс, әке мен бала арасындағы рухани сабақтастық, өмір мен өлім, табиғат пен адам арасындағы үйлесім мәселелері терең философиялық деңгейде қарастырылатынын айқындайды. Сонымен қатар, шығармадағы ішкі монолог тәсілі кейіпкерлердің психологиялық күйін, ойлау жүйесін және дүниетанымын жеткізудегі негізгі көркемдік құралдардың бірі ретінде бағаланады.
Қазақ тіл білімінде фразеологиялық бірліктер мен ұлттық-мәдени концептілерді зерттеген еңбектер де бұл тақырыпты талдауда маңызды орын алады. Мәселен, Ілияс Кеңесбаевтің фразеологиялық сөздігі ұлттық тілдегі тұрақты тіркестердің мағыналық ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік береді. Ал поэтикалық мәтіндегі концептілік құрылымдарды қарастырған Айгүл Әмірбекова зерттеулері көркем мәтіндегі астарлы мағынаны ашуда теориялық негіз ретінде алынды.
Сонымен қатар қазіргі әдебиеттануда көркем мәтінді герменевтикалық, семиотикалық және психологиялық тұрғыдан талдау кеңінен қолданылып келеді. Бұл әдістер мәтіндегі символдық жүйені, ұлттық кодты және авторлық дүниетанымды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Аталған ғылыми бағыттар зерттеу жұмысында басшылыққа алынып, шығармадағы ішкі монолог пен астарлы ақпараттың берілу ерекшеліктерін жүйелі түрде талдауға негіз болды.
Нәтижелер және талқылау
Шығармадағы:
1.«Әкемнің иығындағы осынау бас маған ес білгеннен бермен таныс, көз алдымнан күн-күн сайын кетпейтін жұмыр жердің өзі сықылды: бірақ біз жұмыр жерді қаншалықты білеміз, сыралғымыз десек те, бәрін білмейміз, тіпті біле түскен сайын – білмейміз, өйткені ол (жер) – бәріміздің, бар тіршіліктің әкесі, жаратушы иеміз, тусақ та, өлсек те, қайта айналып өзін табамыз. [1,135]
Бұл жерде үлкен астарлы мән бар.
«Әкемнің иығындағы осынау бас» тіркесі арқылы әкесінің физикалық бейнесі ғана емес, оның рухани, мәдени және өмірлік даналығы да бала санасында терең із қалдырып, күн сайын қайта оралатындығы айтылады. Сонымен бірге, «жұмыр жер» метафорасы арқылы автор жердің – тіршіліктің, тұрақтылықтың, қайта туылудың және ұрпаққа берілетін мәңгілік құндылықтардың – символына нұсқайды.
Мәтіннің астарлы деңгейінде, әке бейнесі тек жеке тұлғаның ғана емес, жалпы адамзаттың, барлық тіршіліктің негізі ретінде көрініс табады. Жер – адамзаттың, тіршіліктің әкесі, яғни ол барлық нәрсенің бастауы әрі аяқталуы ретінде қабылданады. Мұнда автор жерді танып-білуіміздің шектеулігін, оның құпиялары мен мәңгілік өзгермейтіндігінің, тіпті біз оны толық түсінбесек те, оның біздің болмысымыздың ажырамас бөлігі екенін айтады. «Тусақ та, өлсек те, қайта айналып өзін табамыз» деген тіркес арқылы тіршіліктің циклды екенін, өз орнын табуы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы бейнеленеді.
2.«Әйтеуір, әкемнің үлкен бір тірі кітапхана екенін сезінетінмін.[1,135]» деген сөйлемде автор өз әкесін жалпылай білім мен өмірлік тәжірибенің шексіз қойнауы ретінде суреттейді. Бұл жерде әкенің жинаған даналығы мен өмірлік сабақтары, оның айта алатын әңгімелері мен естеліктері – барлығы оның «тірі кітапхана» ретіндегі бейнесін қалыптастырады.
Метафора ретінде қолданылған «тірі кітапхана» – әкенің тек жеке білім қоры ғана емес, сонымен қатар, отбасының, дәстүрдің және ұлттық тарихтың бірқалыпты жалғасуын білдіреді. Бұл бейне баланың әкесінен алынған рухани мұраның, өткеннің терең сырлары мен өмірлік құндылықтардың маңыздылығын айқындайды. Әке – әрбір беті өмірден сабақ алып, ұрпаққа берілетін даналықтың, өмірдің өткіншілігін және адамзаттың шексіз тарихын бейнелейтін символға айналады.
- «маған әкем: Алтайдың арда еркесі, бұғысы сықылданатын[1,136]» тіркесі – автордың әкесін Алтайдың батыр, намысты адамымен салыстырып, оның мықты, батыл әрі жылдам, сергек тұлға екенін білдіреді. Мұнда «арда ерке» деген сөз әкенің ерлік пен даналықтың үлгісі екенін, ал «бұғысы сықылданатын» тіркесі оның физикалық серпінділігін, табиғаттың нәзіктігі мен күшін үйлестіру қабілетін көрсетеді.
Бұл тіркес әкенің тек сыртқы бейнесін ғана емес, оның рухани құндылықтарын да дәріптейді. Алтай – мықтылықтың, табиғаттың күшінің, ұлттың тарихы мен мәдениетінің нышаны болса, бұғы – нәзіктік пен жылдамдықтың, рухани биіктік пен ер жігіттік рухтың символы ретінде қабылданады. Осылайша, автор әкесін ұлттың мәңгілік құндылықтары мен табиғаттың бейнесі ретінде, рухани даналық пен бейбіт өмірдің тірегі ретінде көрсетеді.
Бұл Оралдың жас кезіндегі ішкі монологы, әкесіне деген сезімдері мен сырларын айқын жеткізеді. Мұнда, әкесі арқылы өмірдің мәнін түсініп, таныған баланың сана-сезімі ерекше айқын көрініс табады. Бір күні Бөкеш сырқаттанып қалады. Ол сырқаттанбай тұрып шаңырақтың іргесі берік еді.
4.«Ал қазір біздің үйдің шаңырағы менк керегесі әкем ыңқылдаған сайын шайқалатын.[1,143]»
Үйдің шаңырағы мен керегесі – қазақ дүниетанымында отбасы бірлігінің, бүтіндігі мен тұрақтылығының символы.Әкенің ауруы не әлсіреуі – отбасының тірегі шайқалғанын, рухани-материалдық тұрақтылықтың бұзылуын аңғартады.Сөйлемнің тура мағынасы – үйдің физикалық тұрғыда тербелуі, бірақ одан тереңде «үй» ұғымы отбасы мен тұтастықтың бейнесі, ал «шаңырақ пен керегенің шайқалуы» – әкенің хәлі нашарлағанда бүкіл отбасының дағдарысқа ұшырайтынын, болашағы бұлыңғыр тартатынын білдіреді. Яғни, әке – отбасының негізгі діңгегі, ол сырқаттанып, әлсіреген сайын шаңырақтың да іргесі сөгілгендей болады деген астарлы ой беріліп тұр.
5.«Аш жүріңдер, жалаңаш жүріңдер –адалдықтың ала жібін аттамаңдар.» «Аш жүріңдер, жалаңаш жүріңдер – адалдықтың ала жібін аттамаңдар[1,143]» деген тіркес сөзбе-сөз: материалдық қиындықтарға ұшырасаң да, шынайы адалдықты сақтаңдар, арамдыққа жоламаңдар дегенді білдіреді.
Астарлы ақпары:Мұнда адамның рухани тазалығы мен ұлттық болмысын жоғары қою идеясын меңзейді. Яғни, адамның қарны аш, киімі жұтаң болса да, ар-ожданын кірлетпей, адал жолдан таймау – шынайы адамгершіліктің өлшемі. Бұл тек жеке адамға ғана емес, тұтас отбасы мен қоғамға қатысты моральдық қағидат екенін де аңғартады: адалдық – ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтардың тірегі.
Бұл оның сырқаттанып жатып қалған кезде баласы Оразға айтқан өсиеттері болатын. Алайда Бөкеш жарық дүниемен қоштасуына 3 күн қалғанда үйге Қаржау деген шал келеді.Ол кісі Мақажан оташының немересі,аузы дуалы үшкірігінің қасиеті бар киелі емші мыс.Әкесі Бұқаш Қаржаудың келгеніне қатты қуанады.Қаржау Бұқашқа Таңатар тасының қыр желкесінде өсетін қанжапырақ тамырынан дәрі дайындап береді. Қаржау жасп берген дәніден соң әкесі Бұқаш 40 күнде жазылып кетеді.Ал бір қызығы сол 40 күннен соң Қаржаудың өзі қайтыс болады. Сонда Бұқаш:
- Қалған ғұмырын маған сыйлаған екен ғой, деп Қаржауды Таңатар тасының қыр желкесіне апарып жерлейді.
Таңатар асуының үстінде сөнбей жылтырап қалған от әлі де есімнен шықпай келеді.Рас біз жаққан оттың орны қалды ,бірақ жел тұрса өрт кетеді ғой, неге сөндірмеді екен.
–Бөке, –дедім мен аттың басынан асып кетердей оқшырайып отырған әкеме. Ол маған қарамаған қалпы: –Ау, –деді.
–Отты неге сөндірмедік?
–Немен сөндіреміз. Асудың үстінде өртеніп кетер ештеңе жоқ.
- «Сонсоң өзі жаққан отқа өзі су құймас болар[1,147]» Қазақ мәдениетінде отты сөндіруге, отқа түкіруге немесе оның орнын басуға рұқсат етілмейді. Өйткені, халық санағында от – әлемді тазартатын күш, болмыстың бастауы және бір күйден екінші күйге өтудің, үйлесімділік пен қайшылықтың бейнесі, сондай-ақ мәңгі өмірдің белгісі ретінде бағаланады. Сондай-ақ, от үйдің киесі, шамшырағы, отбасының нышаны әрі қазандағы ырыстың қамқоршысы деп есептеледі. «Балаға қайтарған әке» жауабынан көне дәуірден қалыптасқан қасиетті қағиданың, яғни от өздігінен сөнбеу сенімінің маңыздылығы байқалады. Ежелгі мифтерде от киелі белгі ретінде кеңінен танылады, ал кейінгі дәуірлерде осы сенім негізінде «өзін жаққан отты өзі өшірмеу» қағидасы бекітілген. Автор сондай-ақ, бабадан қалған көптеген салт-дәстүрдің жоғалып кеткеніне өкініш білдіреді.[4,82]
7.«Мүмкін о дүние мен бұ дүниенің екі ортасында ары тарт, бері тартпен жатқан шалдың бар зар-запыраны күміс белдікті тағынатын ұлының –өз кіндігінен тараған ұрпағының жоқтығы шығар.[1,150]
Тура мағынасы:Бұл сөйлемде автор мынаны меңзейді: біздің дүние мен бұ дүние арасында уақыт пен тағдырдың әсерінен, қажырлы өмір сүрген кәрі адамның, күміс белдікті тағынатын ұлының, өз кіндігінен тараған ұрпағының болмауы ықтимал. Яғни, сол ұлы ұрпақтың, дәстүр мен даналықтың жалғаспағандығы туралы айтылады.
Астарлы мағынасы:Күміс белдік – батырлықтың, мақтаныштың және рухани құндылықтардың символы ретінде ерекше мәнге ие. Мұнда белдіктің болмауы, ұлы ұрпақтың рухани, мәдени және адамгершілік қасиеттерінің жоғалып кеткенін, дәстүр мен ерліктің ұрпаққа жеткізілмегенін бейнелейді. Бұл ұрпақтың өз кіндігінен тарағаны, өз еркімен қалыптасқаны жайлы да ой тудырады – яғни, ұлттың болашағы мен жалғасуы тек бейбіт өмір мен дәстүрлі құндылықтарға сүйенсе ғана қамтамасыз етілетініне нұсқайды.
8.–Атам немересін орынсыз мақтайды, әйтпесе оқуды тастап, аң қуып кетер ме. Өзі секілді балалар Алматыны аузына қаратып отыр.
Енді шал кіржіңдеп кейіді:
–Бұлар, –деді әкем екеумізді иегімен нұсқап, –бұлар о бастан төрелікке құштар еді, жаңа заманның жаңа салтын тізгінінің ұшымен қағып алып, қабылдаған да –осылардың тұқымы. Әркімнің мақтан етер тегі бар ғой. Біз өз тегімізде, құдайға шүкір, ризамыз, еншалла ризамыз.[1,151]
Тура мағынасы:Әкесі мен немерелер арасындағы әңгімеде әке өз ұрпағының, өз тегінің ерекшелігі мен мақтанышын айқын көрсетеді. Ол немерелердің лидерлік қасиеттері мен заманауи салт-дәстүрлерді өз бойына сіңіргенін, олардың өз тегінен мақтаныш етіп, алдыңғы ұрпақтың мейірімі мен даналығын жалғастырып келе жатқанын атап көрсетеді.
Астарлы мағынасы:«Әркімнің мақтан етер тегі бар ғой» тіркесі ұлттың, отбасының және жеке тұлғаның терең мәдени және рухани негізін білдіреді. Бұл сөздер әр адамның өз тарихына, тамырларына және дәстүрлеріне сенімді болу керектігін, сол арқылы өз-өзін бағалап, өмір жолында тұрақтылық пен шынайылық табатынын айқындайды. Сонымен қатар, бұл ұран ұрпақтар арасындағы байланыс пен өткеннің даналығын сақтаудың маңыздылығын, жаңа заманның өзгерістеріне қарамастан, өз түп-тамырыңды жоғалтпау керектігін ескертеді.
9.«Мен ақынмын! Ақылшым –туған жер, ұстазым –тәкаппар да қатал Алтай!»[1,157]
Осы орайда Ғалия Бөкейқызы былай дейді: «Шын мәнінде, Әкемнің мені тауға алғаш ертіп шыққаны әлі көз алдымнан кетпейді. Сондай қалың бұғыны, сондай қалың елікті осы күнге дейін көрген емеспін. Әкемнің табиғатты аялауы сондай, тік қарағай жыққан емес, ылғи айдаладағы көлденең ағашты жинап, тазалап жүретін. Осы күні шығысқа барған жұрттың көзіне қан елестеп, бұғы мүйізінің қанын ішіп, сорпасына түсіп жатады ғой, әкем де, ағам да бұғы мүйізінің қанына түскен де, ішкен де емес. Ағам жылдың төрт маусымында да Алтайға келетін. Шығармаларының дені Шыңғыстайдағы шағын ғана үйде жазылды. «Тауға қараған сайын ойдан ой туады» дейтін. Өзінің: «Ұстазым – Алтай, тақырыбым – адам» дейтіні де сондықтан шығар. Әкемнен қалған сол әдет оны ылғи табиғатқа тартып тұрды» [3].
Яғни мұндағы Тура мағына:
«Мен ақынмын!» – автор өз шығармашылық қызметін мақтан тұтады. «Ақылшым – туған жер» тіркесі арқылы ол өз ақылының, даналығының, рухани және мәдени байлығының туған жерінен, өз отанының астарында жатқанын білдіреді. «Ұстазым – тәкаппар да қатал Алтай!» деген жолмен автор өз ұстазы ретінде Алтай тауларын көрсетеді, яғни оның қатал табиғаты мен күшті рухы оның өмірлік сабақтарының, рухани тәрбие мен шығармашылық шабыттың көзі екендігін айқындайды.
Астарлы мағынасы:
Бұл сөздер терең символизмге ие:
1.Өз түп-тамырына сену: Автордың туған жерге сілтеме жасауы, өз халқының, мәдениеттің және тарихи дәстүрлердің шығармашылықтың негізі екенін меңзейді. Бұл – ұлттық сана мен рухани құндылықтардың тірегі.
2.Табиғат пен тәрбие: Алтайдың қаталдығы мен тәкаппарлығы тек табиғаттың мықтылығын ғана емес, сонымен қатар өмірдің қиындықтарынан сабақ алуды, шыдамдылықты және адамгершілік қасиеттердің қалыптасуын да бейнелейді.
3.Шығармашылықтың қайнары: Автор өз поэзиясының шабытын, рухани ұстазын – табиғаттың мықты, батыл және қатал бейнесінен алады. Бұл оның шығармашылық көзқарасын, өмірге деген көзқарасын және ішкі дүниесін қалыптастыратын басты факторлар ретінде көрсетіледі.
10.«Шаңырақ мүйізінен қарағайға3 байланған түз тағысы1 қанша тулап мөңкігенімен қыл арқанды үзіп кете алмады2. Бұғы жетекке жүрмейді, бұғы жетекке жүрмейді4, мазаламаңдар![1,159]
10.1 Табиғи болмыс пен мәжбүрліктің қақтығысы.
Тура мағынасы: Түз тағысы – еркіндікті сүйетін жануар, бірақ арқанға байлаулы болғандықтан, ырыққа көнбейді.
Астарлы ақпары: Адам да табиғатынан еркіндікке ұмтылады, алайда қоғамның немесе отбасының шарттары, дәстүрі оны белгілі бір шектеулерде ұстайды. Бұл – «ішкі бостандық» пен «қалыптасқан ережелер» арасындағы текетірес.
10.2. Туған ортадан ажырай алмау
Тура мағынасы: Түз тағысы қанша бұлқынып, мөңкігенімен, арқанды үзіп кете алмайды.
Астарлы ақпары: Әр адам өзінің туған топырағы мен рухани тамырына байланып қалғандай. Бөтен дүниеге еліктеуі мүмкін, бірақ өзінің табиғи болмысынан толықтай ажырауы қиын. Бұл – адам мен оның ұлттық-мәдени негізінің ажырамас бірлігі.
10.3. Шаңырақ мүйізінен қарағайға байлану
Тура мағынасы: Мүйіз бен қарағай – бір-біріне байланған материалдық заттар.
Астарлы ақпары: «Шаңырақ мүйізі» – шаңырақтың өзі сияқты, отбасының, дәстүрдің және ұлттың нышаны. «Қарағай» – берік, мықты табиғи күштің символы. Олардың өзара байланысуы – адамның ұлттық құндылықтармен байланысын, оны ешкімнің толықтай үзіп кете алмайтынын меңзейді.
10.4. «Буғы жетекке жүрмейді» тіркесінің қайталануы
Тура мағынасы: «Бұғы» немесе «түз тағысы» дегеніміз – қолға үйретілмеген жануар. Ол жетекке жүре алмайды.
Астарлы ақпары: Бұл сөзді екі мәрте қайталау арқылы автор ішкі еркіндіктің күшін баса көрсетеді. Яғни, адам қанша жерден сыртқы ортаға, түрлі қысымдарға көнуге мәжбүр болса да, ішкі болмысын жоғалтуы екіталай. «Мазаламаңдар!» деген ескерту – осы болмысты күштеп өзгертуге болмайтынын аңғартады.
10.5. Рухани үндестік пен табиғат бейнесі
Тура мағынасы: Сөйлемде табиғаттың бір бөлшегі ретінде түз тағысы бар, адам оны қолға үйретуге тырысады.
Астарлы ақпары: Табиғат – адамды тәрбиелеуші күш. Ал «түз тағысын» еріксіз көндіруге тырысу – адам мен табиғат арасындағы үйлесімге кереғар әрекет. Автор адам мен табиғат бір-біріне зиян тигізбеуі керек деген терең философиялық ойды меңзейді.
11.«Жетіқарақшы2 шөміштене сыртқа шықсаңыз, айналаңызды күргейлей қоршап жатқан асқаралы таулардың жылағанын1 естисіз[1,164]»
Тура мағынада, адам түнгі аспанға қарап, Жетіқарақшы жұлдыздар шоғырының шөміш тәрізді бөлігін көруі мүмкін. Ал «сыртқа шығу» – физикалық тұрғыда үйден не қаладан шығып, табиғат аясында болуды білдіреді. Айналадағы биік таулардың «жылауы» табиғаттың дауысын (желдің уілі, жаңбырдың сылдыры немесе тау өзендерінің сарынын) құлақпен естіп, оны мұңлы әуен ретінде қабылдауын сипаттайды.
Астарлы ақпары
11.1. Табиғаттың тірі құбылыс ретінде қабылдануы
«Таулардың жылауы» – табиғаттың да ішкі күйзелісі бар екенінің метафоралық көрінісі. Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты меңзейді: адам жан дүниесіндегі мұң мен сағынышты таулардың үнімен ұқсастырады.
11.2. Өткеннің жаңғырығы мен тарихтың мұңы
Қазақ фольклоры мен тарихында тау мен дала – ғасырлар бойы талай оқиғаның куәсі болған нысандар. «Таулардың жылауы» сол өткеннен қалған ауыр естеліктер мен халқымыздың бастан кешкен қасіретінің жаңғырығы болуы мүмкін. Жетіқарақшы – көшпелі өмірде бағыт сілтеуші жұлдыздар шоғыры. Оған қарап, бабаларымыз жол тапқан, демек, сөйлем өткен заманның мұң-зары мен бүгінгі адамға айтылар үндеу арасында байланыс орнатады.
11.3. Рухани биіктік пен жалғыздық сезімі
Тауларға қарап, Жетіқарақшыны көру – адам ішкі жан дүниесінің тереңіне үңілетін сәт. Биік таулар арасында адамның жалғыздықты, мұңды сезінуі, «жылаған дауысты» естуі – адамның рухани ізденісін, ой-толғанысын білдіреді. Бұл – «өз-өзін тануға» шақыратын бейнелі тәсіл.
11.4. Адам мен табиғаттың тұтастығы
«Жылағанын естисіз» тіркесі адам мен табиғат бір-біріне жат емес екенін, керісінше, табиғаттың үнін ұқса, оның мұңын да, қуанышын да сезінуге болатынын көрсетеді. Яғни табиғатпен тілдесу – өзіңді, өз болмысыңды тану жолындағы маңызды қадам.
12.Қан шыққан жерден қарадай бой, қарда ізі қалмай1, березеп боп безеді екен. Осыншалық алып, батыр адамның мал бауыздағанды қойып, ет кесіп жемеуі2 тәлімсігені ме, олай дейін десем, тағы да осы шал кеңрдегін орып жіберген қара қасқа құлыным көз алдыма келеді…[1,166]
Тура мағынасы:«Қан шыққан жерден қарадай бой, қарда ізі қалмай, березеп боп безеді екен» деген жолдар – адамның денесінен немесе жануардан аққан қан қар үстінде із қалдырмай сіңіп кететінін немесе табиғи жағдайда тез таралатынын суреттейді. Сондай-ақ «мал бауыздамау, ет кесіп жемеу» туралы сөздер – батыр адамның немесе бір мықтының әлденеге тәлімсіп, бұл әрекеттерден бас тартуы жөніндегі таңырқауды білдіреді.
Астарлы ақпары:
- Өмірдің өтпелілігі мен жан дүние тазалығы
«Қан шыққан жерден із қалмай» – өмірдегі ауыр сәттердің, қасіретті жағдайлардың уақыт өте ұмытылуы немесе сырт көзге білінбей кетуі мүмкін екенін меңзейді. Бірақ ішкі жан дүниеде оның ізі қалуы ғажап емес. Осы арқылы адамның моральдық жауапкершілігі мен рухани жарақаты еске салынады.
- Батырдың «тәлімсігені» мен адамгершілік өлшем
«Мал бауыздағанды қойып, ет кесіп жемеу» – бір кездері жауын жеңген, ерлік жасаған батырдың бейбіт кезеңде өмірге басқаша қарауы, адам мен табиғаттың үйлесімін түсініп, жанына ауыр тиетін әрекеттерден бас тартуы мүмкін дегенді аңғартады. Яғни адамның рухани өзгеруі мен ішкі құндылықтарының дамуы.
- Қара қасқа құлын – балалықтың, таза үміттің символы
«Тағы да осы шал кеңрдегін орып жіберген қара қасқа құлыным көз алдыма келеді» деген тіркес қара қасқа құлынға жасалған қатыгездікті еске түсіреді. Бұл – өткендегі қасіреттің жүректен өшпей келе жатқанын, сол жараның адам жанын сыздатып тұратынын меңзейді. Сол бір сәт балалық шақтағы тазалық пен үміттің бұзылуының символы ретінде көрінеді.
- Ішкі мұң мен ұмытылмайтын жара
Қара қасқа құлын оқиғасы ішкі жан дүниедегі жарақаттың өшпейтінін, адам өмірінде кейбір сәттер сырт көзге ұмытылғандай көрінгенмен, шын мәнінде жанды сыздататын естелік болып қала беретінін білдіреді.
- «ердің белгісі –пышақ»[1,164]
Тура мағынада: пышақ – ер адамның қолданатын қаруы, бірақ астарлы мағынада ол ердің ұлттық дәстүрге, рухани мұраға, батылдыққа және адалдыққа деген сенімін білдіреді. Мысалы, пышақты өз қолыңмен ұстау – тек физикалық күштілікті ғана емес, ата-бабадан қалған даналық пен моральдық жауапкершілікті де бейнелейді. Сонымен қатар, пышақты насихаттау арқылы шын ер адамның өз халқы мен отбасын қорғау міндетін, ұлттық құндылықтарды сақтау қажеттігін көрсетуге ұмтылады. Бұл ұғым әдеби шығармаларда жиі кездеседі және оқырманды ерліктің, рухани тұтастықтың маңызын тереңірек ойлануға шақырады.
- Біз үшеуміз, бір төсекті төсеніп, бір көрпені жамылып, бір жерде, бір аспанның астында қатар жатырмыз. Біз үшін дүниеде екі нәрсе жоқ, бәрі біреу-ақ. Біз бір бүтінбіз, екіге ешкім бөле алмайды. Ал бөлінсек, қайта бірігу өте ауыр екенін білеміз. Сарқында шал бөлініп еді, кәні біріккені…[1,177]
Бұл үзіндіде отбасының, ұрпақтың, бірліктің терең мағынасы айқын көрініс табады. Тура мағынасы – үш адамның бір төсек, бір көрпе астында бір жерде, бір аспанның астында ұйықтап, бір-бірінен бөлінбейтін, бүтін отбасы екенін білдіреді.
Астарлы ақпары:
14.1. Отбасының бірлігі мен тұтастығы:
«Біз үшеуміз…» деген тіркес отбасының мүшелері арасындағы байланыс қаншалықты берік екенін, олардың бөлініп қалуы мүмкін емес екенін, ал егер бөлінсе, қайта бірігу қиындық туғызатынын меңзейді. Мұнда отбасының физикалық жақындығы ғана емес, рухани бірлігі, ортақ тарих пен дәстүрдің сақталуы да айқын көрінеді.
14.2. Бүтіндік пен ұрпақтың жалғасуы:
«Біз үшін дүниеде екі нәрсе жоқ, бәрі біреу-ақ» деген сөздер отбасы мүшелерінің бір-біріне деген шексіз сүйіспеншілігін, бірлігін және ортақ болмысты білдіреді. Бұл ой ұрпақтан-ұрпаққа берілетін рухани мұраны, ұлттық дәстүр мен мәдениеттің сақталуын нұсқайды.
14.3. Бөлінудің ауыртпалығы:
«Біз бір бүтінбіз, екіге ешкім бөле алмайды. Ал бөлінсек, қайта бірігу өте ауыр екенін білеміз» дегені – отбасының бірлігі бұзылса, оның қайта қалпына келуі қиын болатыны туралы ескертпе. Бұл ұғым адам өміріндегі және ұлттың тарихындағы бөлу мен қайта бірігу қиындықтарына, сол арқылы бірліктің, тұрақтылықтың маңыздылығына баса назар аударады.
14.4. Символдық образ – «Сарқында шал»:
Соңғы жолдарда айтылған «Сарқында шал бөлініп еді, кәні біріккені…» тіркесі, бәлкім, отбасының немесе ұлттың өткен кезеңдердегі бөлінісі мен кейін қайта бірігуін бейнелейді. Бұл образ арқылы автор өткеннің ауыртпалығын, бөлінген сәттердің адамға тигізген психологиялық әсерін және қайта бірлікте болудың қаншалықты қиын әрі құнды екенін атап көрсетеді.
- Қаннан мың рет туғанша,
Қарадан бір-ақ тусамшы,
Халықтың кегін қусамшы, – [1,183]
Тура мағынасы «Ханнан мың рет туғанша, қарадан бір-ақ тусамшы, халықтың кегін қусамшы» деген жолдар сөзбе-сөз қарағанда, адам ата-тегіне қарамастан, елдің мүддесін көздейтін батырдың дүниеге келгенін қалайды. Яғни, хан әулетінен мың адам туғаннан гөрі, қарапайым халықтың ішінен бір ғана нағыз ер шықса – сол халықтың кегін қуалайды деген ой айтылады.
Астарлы ақпары
15.1.Халықшылдық және әділеттілік.
Бұл жолдар әлеуметтік әділеттілікке, халықтың мүддесін қорғауға үндейді. «Ханнан мың рет туғанша» деген тіркес – билік тұқымынан қаншама адам дүниеге келсе де, олар халықты ойламайды деген сын. Ал «Қарадан бір-ақ тусамшы» – нағыз ел қамын жейтін ер, қарапайым бұқарадан шығады деген сенім.
15.2.Ұлттық рух пен батырлық
«Халықтың кегін қусамшы» тіркесі батырлық, ел намысын қорғау, әділетсіздікке қарсы тұруды білдіреді. Демек, бұл өлең жолдары ұлттық рухтың күшіне, халықтың ішкі әлеуетіне сенуге шақырады.
15.3. Билікті сынау
Хан әулетінің көптігіне қарамастан, олардан шыққан тұлғалардың көбіне халық үшін жанын салмайтыны меңзеледі. Керісінше, «қарадан шыққан» бір адам – шынайы әділеттің, халықшылдықтың символы болуы мүмкін деген ой түйіледі.
- «. Мүмкін сенерсіз, мүмкін сенбессіз, дүниедегі ең қорқынышты да қорлық нәрсе адамды тірідей жерлеу екен.»[1,191]
«Адамды тірідей жерлеу» тіркесі беткі қабатында физикалық қатыгездікке меңзейді, бірақ астарында адамның рухани және әлеуметтік тұрғыдан «жоққа шығарылуын» көрсетеді. Яғни, ол – адамның тірі кезінде оның қадір-қасиетін, еркіндігін, мүмкіндігін аяққа таптау, рухын тұншықтыру. Мұндай моральдық-қоғамдық әділетсіздік ең ауыр қорлық дегенді білдіреді.
Қорытындылай келе, бұл шығармада егізден біреуін ырымдардан өлтіру нәтижесінде отбасының рухани тұтастығы айқын зақымдалады. Сарқынды шал мен Таңатар тасының трагедиясы арқылы автор, егер ырым орын алмаса, жаңа туған қара құлын халықтың тірегі деп санауға болатынын меңзейді. Сонымен қатар, советтік кезеңдегі қысым мен сыртқы ықпал қазақ дәстүрі мен рухани құндылықтардың жоғалуына әкелгенін, отбасының, ұлттың бірлігі мен ұлттық болмыстың сақталуы – ең маңызды байлық екенін айқын көрсетеді. Бұл туынды бізді өз тамырларымызды, ата-бабадан қалған рухани құндылықтарды бағалап, оларды келесі ұрпаққа жеткізу қажеттілігіне шақырады. Сонымен қатар, шығарма заманауи қиындықтар мен сыртқы ықпалдардың ұлттық дәстүр мен рухани бірлікті қалай бұзатынын, ал шын мәніндегі ұлттық болмыс пен отбасылық құндылықтарды сақтап қалу қаншалықты өзекті екенін көрсетеді. Осы ойды ұстану арқылы, әрбір адам өз ішкі әлемінің, отбасының және ұлттың тірегі – рухани және моральдық құндылықтардың сақталуына үлес қосуы тиіс.
Қорытынды
Зерттеу барысында Оралхан Бөкейнің «Қайдасың, қасқа құлыным» шығармасының көркемдік-идеялық табиғаты ішкі монолог пен астарлы мағына жүйесі арқылы жан-жақты талданды. Шығармада әке мен бала санасының қатар өрілуі арқылы адам болмысының күрделілігі, рухани сабақтастық және ұлттық дүниетанымның терең қабаттары ашылатыны анықталды.
Талдау нәтижесінде ішкі монолог тәсілі кейіпкерлердің тек психологиялық күйін ғана емес, олардың өмірге деген көзқарасын, дүниетанымдық ұстанымдарын және рухани ізденісін бейнелеуде маңызды көркемдік құрал екені дәлелденді. Әсіресе әке бейнесі – ұлттық жадтың, дәстүр мен өмірлік тәжірибенің жинақталған көрінісі ретінде, ал бала бейнесі – сол мұраны қабылдап, жаңғыртушы тұлға ретінде көрініс табады.
Сонымен қатар шығармадағы «жер», «шаңырақ», «от», «бұғы» сияқты символдық ұғымдар арқылы ұлттық мәдени код, адам мен табиғаттың тұтастығы, өмірдің циклдық сипаты және рухани құндылықтардың мәңгілігі бейнеленетіні айқындалды. Бұл бейнелер мәтіндегі астарлы ақпаратты тереңдетіп, автордың философиялық ой-толғамдарын жеткізудің негізгі тетігі ретінде қызмет атқарады.
Зерттеу қорытындысы бойынша, аталған шығармада көтерілген отбасы бірлігі, ұрпақ жалғастығы, ұлттық болмысты сақтау мәселелері бүгінгі қоғам үшін де өзекті екені байқалады. Оралхан Бөкей прозасы – адам мен табиғат, жеке тұлға мен ұлт, өткен мен бүгін арасындағы байланысты терең бейнелейтін, рухани-эстетикалық құндылығы жоғары көркем мұра.Осылайша, шығармадағы ішкі монолог пен астарлы мағына жүйесі жазушының көркемдік шеберлігін танытып қана қоймай, ұлттық дүниетаным мен рухани құндылықтарды танытудың маңызды құралы екені тұжырымдалды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Оралхан Б. Кербұғы.Әңгімелер мен повесть.- Алматы: Атамұра, 2003ж.-204-б
- Кеңесбаев І.Фразеологиялық сөздік.- Алматы: Арыс,2007ж.-800б
- Әмірбекова А. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшеліктері. Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2006. – 125 б.
- https://bokey.kz/index.php/ru/
