Қазақ тіліндегі меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық амалдар

Терлікбай Мадина Терлікбайқызы
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау, КО-23-8к тобының студенті

Жуынтаева З.Н.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент


Аңдатпа: Мақалада қазақ тіліндегі меншіктік қатынастың берілу жолдары мен грамматикалық амалдары қарастырылады. Бұл мақалада тәуелдік жалғауының атқаратын қызметіне, ілік септігі мен тәуелдік категориясының синтаксистік байланысына және иелік мағынаны білдіретін морфологиялық көрсеткіштерге талдау жасалады. Зерттеудің барысында меншіктік қатынастың тілдегі функционалдық ерекшеліктері айқындалады.

Кіліттік сөздер: Меншіктік қатынас, тәулдік жалғауы, ілік септігі, иелік конструкция, грамматикалық амалдар, морфология, синтаксис.

Кез келген тілде зат пен заттың немесе зат пен тұлғаның арасындағы байланысты білдіретін категориялар болады. Мінекей солардың бірегейі меншіктік қатынасты білдіретін амалдар. Жалпы соның ішінде қазақ тіліндегі меншіктік қатынас — мағыналық аясы кең, грамматикалық құрылымы берік категория. Тиісінше бұл категория кез келген нысанның немесе басқа бір затқа тиесілі екендігін білдіру үшін тілде арнайы грамматикалық амалдармен көрінеді. Зерттеудің өзектілігі тәуелдік жалғауларымен ілік септігінің өзара байланысын, сондай-ақ иелік конструкциялардың синтаксистік қызметін нақтылау қажеттілігінен туындайды. Сонымен қатар меншіктік қатынастың жасалу жолдары, оның ішінде есімдердің тәуелденуі мен меншіктік мағына беретін жұрнақтардың қолдану аясы қарастырылады. Қазақ тіл білімінде меншіктік мағынаны тудыратын амалдар кешенді сипатқа ие және олар морфологиялық, синтаксистік деңгейлерде көрініс табады.

Тіл біліміндегі меншіктік қатынас — бұл тек грамматикалық көрсеткіштердің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге айналадағы әлемді танудың, заттар мен құбылыстардың арасындағы иерархиялық және логикалық байланыстарды жүйелеудің когнитивтік тәсілі. Бұл категорияның басты қызметі — субъект (иесі) мен объект (меншіктік нысан) арасындағы заңдылықты белгілеу. Қазақ тілінің грамматикалық құрылымында меншіктік қатынас біршама маңызды қызмет атқарады. Алдымен денотативтік қызмет яғни нақты заттың белгілі бір тұлғаға тән екенін білдіреді. Және бұл амал меншіктік амалдың ең негізгі амалы, прагматикалық деңгейі. Келесі бір қызметі — реляциялық қызметі. Бұл қызметте меншіктік қатынас тек иелік мағынада емес, бөлік пен бүтін қатынасын, абстрактлді ұғымдардың өзара тәуелділігін көрсетеді. Ғылыми тұрғыдан алғанда, меншіктік қатынасты білдіретін амалдар сөйлем ішіндегі сөздерді семантикалық тұрғыдан басын біріктіретін құрал болып табылады. Меншіктік қатынастың грамматикалық табиғатын ашуда, ең алдымен, тәуелдік жалғауларының морфологиялық қызметіне тоқталу қажет [1].

Қазақ тіліндегі тәуелдік категориясы — заттың меншік иесіне (жаққа) қатыстылығын білдіретін негізгі көрсеткіш. Бұл амал морфологиялық деңгейде тұлғаланғанда, зат есімге жалғанатын аффикстер арқылы объектінің субъектіге тәуелділігін нақтылайды. Тәуелдік категориясы заттың үш жақтың біріне меншікті екенін білдіреді. Бұл — түркі тілдерііне ғана тән, фликтивті тілдерден ерекшеленетін басты белгі. Жекеше түрі: кітабым (І жақ), кітабың (ІІ жақ), кітабыңыз (сыпайы), кітабы (ІІІ жақ). Көпше түрі: үйіміз (І жақ), үйлерің (ІІ жақ), үйлеріңіз (ІІ жақ сыпайы), үйлері (ІІІ жақ). Тәуелдік жалғауы тек иелік мағынаны емес, сонымен бірге заттардың арасындағы туыстық, қатыстық байланыстарды да көрсетуге қызмет етеді. Ендігі кезек меншіктік қатынастың синтаксистік сипат алуында [2].

Меншіктік қатынас толыққанды синтаксистік сипат алуы үшін ілік септігі мен тәуелдік жалғауының категориялық бірлігі яғни изафеттік байланыс жүзеге асуға тиіс. Бұл ие мен нысанның арасындағы логикалық грамматикалық тізбек. Синтаксистік деңгейде меншіктік қатынас иелік конструкция (анықтауышық қатынас) арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда анықтауыштық сипат басым түрде түсу үшін матасу арқылы байланысқан сөз тіркестеріне басымдылық беру керек. Мұндай тіркесте бағыныңқы сөз ілік септігінде, ал басыңқы сөз тәуелдік жалғауында келеді. Яғни ілік септігінің жалғауы мен тәуелдік жалғауы қатар жұмсалып, өзара тығыз байланыс түзеді. Матаса байланысқан тіркесте ілік септігі заттың иесін көрсетсе, тәуелдік жалғауы сол заттың біреуге тиесілі екенін білдіреді. Мысалы: Айсұлудың сөмкесі, мектептің жаны, адамның қадірі. Осылайша, ілік пен тәуелдік жалғауларының бірлігі арқылы жасалған матасу байланысы сөз тіркесінде анықтауыштық қатынас орнатып, меншіктік ұғымды толық нақтылайды [3].

Меншіктік мағынаны білдірудің тағы бір өнімді амалы — -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары. Бұл морфемалар зат есімдерімен есімдіктерге субстантивтену (зат есімге айналу) процесі арқылы баяндауыштық қызметке ие болады. Мысалы: Бұл жер — біздікі. Мына кітап — мұғалімдікі. Бұл форманың ерекшелігі — ол сөйлемде көбіне баяндауыш қызметін атқарып, предикативтік сипат алады. Осылайша, аталған грамматикалық амалдар кешені қазақ тіліндегі меншіктің мағынаның жүйелі де икемді құрылымын қалыптастырады. Келесі бір тоқтатып назар аударатын меншіктің қатынасты білдіретін амал иелік есімдіктерді мен лексикалық амалдар. Яғни, менің, сенің, біздің сияқты иелік есімдіктерді меншіктік қатынастың референттік деңгейін айқындайды. Сондай-ақ, тілдегі «меншік», «ие», «тиесілі», «тән» сияқты лексикалық бірліктерде грамматикалық амалдарен астасып, осы қатынасты күшейте түседі [4].

Қорытындылай келе, қазақ тіліндегі меншіктік қатынас — тілдің морфологиялық құрылымы мен синтаксистік жүйесінің ажырамас бірлігін көрсететін күрделі грамматикалық категориялар. Зерттеу барысанда анықталғандай, иелік мағына тек сөзердің лексикалық мағынасы арқылы емес. Нақты грамматикалық форманттар мен конструкциялар арқылы жүзеге асады. Тәуелдік жалғауы — бұл категорияның морфологиялық негізі болса, ілік септігімен тіркескен анықтауыштық қатынас оның синтаксистік толықтығын қамтамасыз етеді. Мақалада қарастырылғандай, меншіктік қатынасты білдіретін амалдардың ішінде -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтарының өзіндік орны бар. Олар сөйлемде предикативтік қызмет атқара отырып, ойды ықшамдауға және иелік мағынаны логикалық тұрғыдан екпін түсіре отырып жеткізуге мүмкіндік береді. Осы амалдардың барлығы тілдегі экспрессивтілік пен дәлдікті арттырып, субъект пен объект арасындағы иерархиялық және туыстық, қатыстық байланыстарды айқындайды. Тіл білімі тұрғысынан бұл грамматикалық амалдарды терең түсіну — сөйлемдегі сөздердің байланысу заңдылықтарын меңгерудің кепілі. Болашақта бұл тақырыпты когнитивтік лингвистика мен парагматикалық тұрғысынан тереңдете зерттеу, қазақ тілінің ішкі грамматикалық әлеуетін одан әрі аша түспек. Осылайша меншіктік қатынас — қазақ тілінің өзіндік табиғатын, оның ішіндегі логикалық жүйелікті паш ететін маңызды құрылымдық элемент болып қала береді.

Әдебиеттер тізімі

1. Қазақ грамматикасы. Фонетика, морфология, синтаксис. — Астана: Елорда, 2002. — 384 б.

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 47 б.

3. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисі. — Алматы: Мектеп, 1983. — 20 б.

4. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. — Алматы, 2007. — 104 б.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх