Тағай Айида Асқарқызы
Таубай Балнұр Нуранқызы
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу университеті,
“Шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі”кафедрасы, 3 курс
Ғылыми жетекші: Сагадиева К.К.
Қарағанды, Қазақстан.
Кіріспе
Соңғы уақытта Әлеуметтік желілер және сол сияқты техналогиялардың қолданысы артуда, сондай-ақ әлемдегі Әлеуметтік желілерді қолданушылар саны 2025 жылғы деректер бойынша 5,24 миллиард адам болса, Қазақстандағы статистика 14-16 миллион қолданушыларды көрсетеді. Интернет желілері адамдар арасындағы байланыстарды дамыту және веб-сайттар арқылы ақпарат алмастыруда маңызды құралға айналды. Оның негізгі мақсаты- веб ресурстардың белсенділігін арттыру. Алдыңғы ұрпаққа қарағанда бүгінгі ұрпақ әлеуметтік желілерді тек қарым-қатынас үшін ғана емес, жеке тұлғалық қасиеттерін көрсету, кәсіби дамуына және өзін-өзі жетілдіруіне, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және білім алу мақсатында да қолданады. Instagram, Tik Tok, Twitter, YouTube сияқты платформалардың ауқымды қолданысы жастар арасында виртуалды қауымдастық құрып,онда жаһандық талқылаулар мен өзара бәсеке қалыптастырды.
Сонымен қатар, әлеуметтік медианың білім сапасына және тұлғаның бәсекеге қабілеттілігіне әсері екіжақты сипатқа ие. Бір жағынан, ол білімге қолжетімділікті арттырса, екінші жағынан, уақытты тиімсіз пайдалану мен ақпараттық тәуелділік сияқты мәселелер туындатуы мүмкін. Олар сонымен қатар психикалық денсаулыққа байланысты мәселелер, басқа желі қолданушыларында өзгелермен салыстырып, өз мүмкіндіктеріне күмән келтірулеріне әсер етеді. . Сондықтан әлеуметтік желілердің жастардың білім саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлін ғылыми тұрғыда зерттеу өзекті болып табылады. Осы зерттеу жұмысының мақсаты – әлеуметтік желілердің қазақстандық жастардың білім саласындағы бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру және арттырудағы ықпалын анықтау.
Әдістер
Студенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша бірнеше әдістер анықталды. Олар интенсивті амбулаторлық бағалау әдісі, эксперименттік манипуляцияның шығармашылық тәсілі және дәл уақытында бейімделетін интервенциялар. Осы әдістердің нәтижелері психикалық денсаулықты жақсартуға, білім беру контентін тұтынуға, онлайн білім ресурстарын дұрыс пайдалануға және кәсіби байланыс орнатуға жұмыс жасайды. Онлайн сауалнама қорытындысы бойынша, екі жақты көзқарас пайда болды: Әлеуметтік желілер арқылы алынған білім формалды біліммен тең дәрежеде танылмай отыр, Әлеуметтік медианың алгоритмдері білімге қарағанда ойын-сауық контентін көбірек насихаттап отыр. Бірінші тұжырымның шешімі ретінде интервенция әдістері алынды. Бір әдіс бәріне бірдей әсер етпеген кезде, жағдайға қарай әдіс бейімделеді. Білім алушылардың деңгейі әртүрлі болған кезде, әр оқушыға бірдей тәсіл тиімді барлық кезде тиімді бола бермейді. Осы сәтте формалды білімге қарағанда әлеуметтік желілерден алынған білім нәтижелі болуы мүмкін. Сабақта дамыта алмаған тыңдалым қабілетін әлеуметтік желілерден қызықтыратын тақырыпты тыңдау арқылы жақсы деңгейге жеткізген білім алушылар оған дәлел болады. Екінші тұжырымға амбулаторлық әдіс ұсынылды. Бұл әдіс арқылы қатысушылар уақыт режимін күнделікті бақылайды, өз-өзіне дисциплина қалыптастырып, time-management ұйымдастырады. Күнделікті прогресті бақылау, одан шыққан нәтижені қадағалау әрі қарай жұмыс жасауға күш береді. Арнайы қолданбаларды орнату ойын-сауық контентін азайтады.
Әдістердің нәтижелері
Жүргізілген онлайн сауалнама және қолданылған зерттеу әдістері әлеуметтік желілердің жастардың білім алу процесіне және бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуына белгілі бір деңгейде оң әсер ететінін көрсетті. Зерттеу барысында интенсивті амбулаторлық бағалау әдісі, эксперименттік манипуляцияның шығармашылық тәсілі және дәл уақытында бейімделетін интервенциялар қолданылды. Осы әдістердің нәтижелері бірнеше негізгі бағытта байқалды.
Бірінші маңызды нәтиже – білім беру контентін тұтынудың артуы. Сауалнамаға қатысқан студенттердің едәуір бөлігі әлеуметтік желілер арқылы пайдалы білім алу мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Әсіресе қысқа форматтағы бейнематериалдар, онлайн лекциялар, тіл үйрену контенттері және кәсіби кеңестер жастар арасында кеңінен қолданылатыны анықталды. Бұл білім алушыларға дәстүрлі білім беру жүйесінде жеткіліксіз қарастырылған тақырыптарды өз бетінше меңгеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде студенттердің академиялық қызығушылығы артып, жаңа ақпаратты тез қабылдау қабілеті қалыптасады.
Екінші нәтиже – уақытты басқару дағдыларының жақсаруы. Амбулаторлық бағалау әдісі арқылы қатысушылар күнделікті әлеуметтік желілерді пайдалану уақытын бақылап отырды. Уақытты бақылау нәтижесінде көптеген студенттер өздерінің уақытты тиімсіз пайдаланатынын байқап, оны тиімді жоспарлауға тырысқан. Тайм-менеджмент дағдыларының қалыптасуы студенттердің оқу процесіне көбірек уақыт бөлуіне және жеке мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асыруына ықпал етт.
Үшінші нәтиже – ойын-сауық контентін тұтынудың азаюы. Зерттеу барысында арнайы қосымшаларды пайдалану және өзін-өзі бақылау әдістері арқылы ойын-сауық контентін қарау уақыты біршама қысқарғаны байқалды. Бұл білім алушылардың әлеуметтік желілерді тек көңіл көтеру мақсатында ғана емес, сонымен қатар білім алу және өзін-өзі дамыту құралы ретінде қолдануына ықпал етті.
Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері әлеуметтік желілердің жастардың білім саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға белгілі бір деңгейде әсер ететінін көрсетті. Дегенмен, бұл әсер әлеуметтік желілерді пайдалану тәсіліне және пайдаланушының жеке тәртібіне байланысты екенін атап өткен жөн. Егер әлеуметтік желілер мақсатты түрде және тиімді пайдаланылса, олар білім алушылардың кәсіби дамуына, академиялық жетістіктеріне және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына оң ықпал етеді.

Қорыта айтқанда,әлеуметтік желілер қазірге таңда жастардың өмірінің ажырамас бір бөлігі болып отыр.Және де білім саласында да жастар үшін тек қарым қатынас құралы емес, білім саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыруда. Зерттеу барысында амборлық бағалау әдісі мен тайм менеджмент құралдары оқушылардың уақытын үнемдеп өте көп көмегін тигізіп жатыр.Сол арқылы студенттер өз дағдыларын дамытып,алдығы жылып жатыр.Әлеуметтік желілерде ауқымдылығына қарамастан,цифрлық платформаларды дұрыс мақсатта қолдану арқылы жастар кәсіби және тұрғалық тұрғыдан дамып жатыр. Жастар әлеуметтік желіні қолданғанда,уақыттын дұрыс басқара алса зияны жоқ.
