Мектеп жүрегі оқушылар

Мұхаметхан Гүлім Қуанышқызы
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ орта мектебі
11-сынып оқушысы


Мектеп – мен үшін тек білім ордасы емес, ол – балалық шағымның ең жарқын сәттері сақталған қасиетті мекен. Бұл сөзді естіген сәтте, жүрегіме ең алдымен мектеп парламенті туралы естеліктер оралады.

Мен 2023–2024 жылдары мектеп парламентінің мүшесі болдым. Сол уақыттан бері бұл орта мен үшін ерекше мағынаға ие. Өйткені бүгінгі мектеп парламенті – тек белсенділердің жиыны ғана емес, ол – оқушылардың арманын шындыққа айналдыратын үлкен мүмкіндік алаңы. Қазіргі таңда оқушылардың ынтасы артып, жаңа идеяларға деген құлшынысы күннен-күнге күшейіп келеді. Бұл – мен үшін үлкен мақтаныш әрі қуаныш.

Әрине, мектеп парламентінің мүшесі болу – оңай жол емес. Бұл – табандылықты, жауапкершілікті және үздіксіз еңбекті талап ететін күрделі әрі маңызды міндет. Әрбір жоба – үлкен ізденіс пен еңбектің нәтижесі. Соған қарамастан, парламент мүшелері өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, мектеп өмірін жандандыруға зор үлес қосуда.

Әсіресе, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған жобалар – оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігінің айқын дәлелі. Бұл бастамалар жас ұрпақтың рухани дамуына жол ашып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етуде.

Мектеп президенті Ерлан Айарудың көшбасшылығы мен еңбегі ерекше атап өтуге лайық. Оның бастамалары мен ұйымдастырушылық қабілеті парламенттің қарқынды дамуына үлкен серпін беріп отыр. Бүгінде мектеп парламенті – тек үздік оқушылардың ғана емес, өз жолын іздеген әрбір жасқа бағыт-бағдар беретін маңызды ортаға айналды.

Мен, мектебіміздің жас түлегі Мұхаметхан Гүлім, 2025–2026 оқу жылындағы мектеп парламентіне тек сәттілік, шабыт және толағай табыс тілеймін. Болашақта бұл ұйым әлі талай биіктерді бағындырып, талай дарынды жастың қанатын қатайтады деп сенемін.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх