Шпекбаева Гульназ Арзанбековна
Алматы облысы, Балқаш ауданы «Жасұлан «бөбекжайы
Тәрбиеші
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.
Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Ақ қар, жылтыр мұз»
Міндет:
Қарапайым себеп–салдарлық байланыстарды бақылау, анықтау; эксперимент барысында қар мен мұздың қасиеттерін анықтау.
Мақсаты:
Балалардың тәжірибе жасау арқылы қар мен мұздың қасиеттерін зерттеуіне жағдай жасау, қарапайым себеп–салдарлық байланыстарды бақылап, анықтай алу дағдыларын дамыту.
Сөздік: айналады,қатады,ериді,қыс,суретші аяз,коньки,мұз,тәжірибе
Сабақ барысы.
— Сәлеметсіңдер ме? Балалар.
Бүгінгі іс-әрекетті бастамас бұрын экранға көңіл аударайық.
–Балалар бүгін біз не туралы сөйлесеміз ?
— Қар мен мұз туралы.
–Қар қандай болады?
-Мұз қандай болады?
— Балалар,соншама қар қайдан алынған?
-Қар мен мұз қай кезде пайда болады?
Балалардың жауаптарын толықтыру.
Мұз
Қатты күйде болады
Суықта түзіледі (су қатып қалады)
Сырғанақ, суық
Мұз ерігенде қайтадан суға айналады
Суда жүзеді
Қар
Ақ түсті, жұмсақ
Суықта пайда болады
Қолға алғанда ериді
Қар – мұздың өте ұсақ кристалдарынан тұрады
Жылытқанда суға айналады
Осы кезде Аяз кіреді.Балалармен амандасады.
Қимылды ойын
«Қар мен мұз» ойыны
– «Қар» дегенде – ақырын қозғалу
– «Мұз» дегенде – қатып қалу тәжірбие алаңына шақырады.
Мұздың суретін таңдаған балалар банкомат арқылы коньки сатып алады да,мұз айдынымен теуіп барады.
Қардың суретін таңдаған балалар қар іздерін басып барады.
1-тәжірибе: «Мұз мүсіндері»
Балалар мұз мүсіндерін жасау үшін бізге су және желатин керек.
Балалар дайындаған жасанды мұздан әр түрлі формада ойыншықтар мүсіндейді.
2-тәжірибе: «Қардың қасиеті»
Қарды бізге ыңғайлы,қауіпсіз болу үшін пена мен содадан жасайтын боламыз.Жасалған қардан Аққала құрайтын боламыз.
Қорытынды.
-Рефлексия.
— Бүгін не үйрендік?
— Қар мен мұздың қандай қасиеттерін білдік?
— Қар мен мұз неден пайда болады?
— Мұз қандай күйде болады?
— Қар мен мұз ери ме?
— Біздің лабораторияда бүгін не білдіңдер? Қар, мұз – бір заттың (судың) әртүрлі күйі. Температура өзгерсе, олар бір күйден екінші күйге ауысады,қар мен мұз жылыдан ериді,суға айналады,су аязда қатады,мұзға айналады.
Балалардың көңіл-күйін сұрау,балаларды мадақтау.