Жасанды интеллект дəуірінде студенттердің оқу дағдыларының трансформациясы

Тəліп Жанель
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ақпараттық технологиялар жəне жасанды интеллект факультеті, Ақпараттық жүйелер кафедрасы
Студент


Қазіргі білім беру жүйесінде жасанды интеллект құралдары студенттердің оқу тиімділігін арттыруға мүмкіндік беруде. Мұндай құралдар оқу материалдарын құрылымдап, күрделі тақырыптарды жеңіл түсіндіруге жəне білімді жекелендіруге жағдай жасайды. Нəтижесінде студенттер оқу материалдарын өз қарқынымен меңгеріп, уақытты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастырады. Жасанды интеллект студенттердің өзіндік білім алу мəдениетін дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл олардың цифрлық сауаттылығын, аналитикалық ойлау жəне шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Жастардың заманауи білім мен технологияны меңгеруі елдің интеллектуалдық əлеуетін арттырып, жаһандық бəсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі екенін көрсетеді. Бұл қазіргі білім беру жүйесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың маңызын айқындайды. Сонымен қатар кейбір зерттеулер жасанды интеллектке шамадан тыс тəуелділік студенттердің дербес ойлау жəне ақпаратты терең талдау дағдыларына əсер етуі мүмкін екенін көрсетеді.

Жасанды интеллектті білімнің баламасы ретінде емес, тиімді құрал ретінде қарастыру қажет. Ол студенттің орнына ойламай, керісінше оның сыни ойлауын, зерттеушілік қабілетін жəне ақпаратты талдау дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс. Қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті – дəстүрлі оқу мəдениеті мен заманауи технологияларды үйлестіру. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін саналы түрде пайдалана алған жағдайда ғана заманауи студент бəсекеге қабілетті, интеллектуалды жəне кəсіби тұрғыда қалыптасқан маман ретінде дамиды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх