Жунусова Арайлым Нурлыбаевна
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.
Жүргізуші:Сәлеметсіздерме балалар, құрметті қонақтар! Балалар ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді ендеше «Аққу» тобының , «Арайлы алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұұқсат етіңіздер!
Қызыл,сары, алтын көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап
Менің кішкентай достарым! Арайлы алтын күз мерекеміз құтты болсын ! Әрбір қадамдарың күздей берекелі болсын, жүздеріңнен тәтті күлкілерің кетпесін!
Жүргізуші: Ортаға Рүстем мен Алдиярды шақырсақ!
Рүстем: Көрініп еліме Алдияр: Берекесін сыйлауға,
Күндері мереке . Өлкемізге күз келді.
Келді ғой жеріме Жемістерін жинауға
Күз дейтін мереке. Шақырады біздерді.
Жүргізуші: келесі кезекте балалардың орындауында «Күз тамаша» әнін қабыл алыңыздар!
Хор: «Күз тамаша»
Балалар орындарына жайғасады,жақсы музыка әуені ойналады залға билеп «Күз ханшайымы» кіреді. Балалармен амандасады
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, сүйкімді балалар. Бүгін сіздерде мереке болып жатыр ғой, дендеріңіз сау болып, дастархандарыңыз жеміс жидекке толы болсын. Мен сендерге бос келген жоқпын, мен өзіммен бірге сендерге арналған ойынымды да ала келдім.
Ойын: «Кім жылдам»
Ойын шарты: кілем үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. Төрт бала шығып,бірінші себетке тамшыларды,екінші себетке жапырақтарды жинайды.
Күз ханшайымы: жарайсыңдар балалар.
Жүргізуші: Күн менен су бар жерде
Бау бақшада гүлденер.
Ортаға шық,балалар, дей отырып,қыздардың «Тамшылар» биін қабыл алыңыздар!
Би: «Тамшылар»
Жүргізуші.Күз ханшайымы біздің балалардың, сізге дайындап келген жақсы ертегісі бар соны тыңдағыңыз келмейме?
Күз ханшайымы:Жарайды, жақсы демалып қалатын болдым.
Автор: Ерте, ерте де бір бақташы өмір сүріпті. Көктемде тұқым сеуіп, күзде өнімдерін жинап тіршілік етіп жүріпті. Бір күні бақташы бақшаға келіп өнімдерін жинайды.
Бақташы: Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, бұршақ, шалқанда,
өрік пенен алмұртта,
қып — қызыл піскен қызанақ,
қырыққабатқа қарашы!
Автор: Бақташы көкөністер мен жемістерін жинап алып, үйінде ауырып отырған немере қызын шақырып, себетті береді.
Немере қызы: Ата сіз мені шақырдыңыз ба?
Бақташы: Қызым көкөніс пен жемістерді жуып же, сонда сен ауырмайсың.
Немере қызы: Жарайды ата деп жөтеліп үйіне алып кетеді.
Автор: Бақташы орнын жинап тазауға кіріседі. Шаршаған мақташы тынығуға кетеді.ал осы уақытта мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.
Бұршақ: Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдармен
Сый жасаймын бәріне
Автор: — Сөзге қырыққабат араласты.
Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
Жейді бәрі тамсана.
Автор: — Қияр үндемей тұра алмады.
Қияр: Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Автор: — Сөзге шалқан кірісті.
Шалқан: — Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таңғалды.
Бәріне сый боламын.
Тауып көр менен дарханды!
Автор: — Алмұртта өз ойын айтуға тырысты.
Алмұрт: — Мен алмұртпын, алмұртпын.
Күзде жинап алатын,
Балбыраған біреуін
Жесең тойып қалатын.
Автор: — Өрікке де тіл бітті.
Өрік:
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Уылжыған өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.
Автор: Пияз өзінің сарбаздарын жинап, ортаға шықты сайрап.
Пияз:Мен пайдалы адамдарға,
Сақтаймын тымауданда.
Ащы болсам да
Жақсы көреді бәрі де.
Автор: — Ортаға шығып немересі бақташының былай деп тіл қатты
Бақташының немере қызы:
Бұл не шу?
Ашуларынды басыңдар,
Ақылды бекер шашпаңдар.
Көкөністе, жемісте,
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
— Дос болайық, бәріміз!
Автор:
Бәрі, бәрі, бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы,
А – дәрумені көзге,
В – дәрумені жүйкеге.
С – дәрумені сүйекке.
Мұнын барлық түрлері
Табылады, көкөніс пен жемістерден
Жүргізуші: Балалар,міне біздің ойын –сауығымыз да аяқталды. Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды. Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз. Ал олай болса барлығымыз орнымыздан тұрып «Алтын күз» атты әнін шырқайық.
Ән: «Алтын күз»
Жүргізуші: Берекелі бақ – дәулет
Арта түссін тойланып.
Сау болайық бәріміз,
Келгенше күз айналып!
Алтын күз ертеңгіліміз осымен аяқталды,көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!