Талғат Аруна Досымқызы
Әулиеағаш орта мектебінің
6-сынып оқушысы
Әулиеағаш орта мектебі – менің білім алып, тәрбиеленіп жатқан алтын ұям. Бұл мектеп маған тек білім беріп қана қоймай, өмірлік бағыт-бағдар сыйлап келе жатыр. Мектебіміздің әр қабырғасы – ұлт болашағы үшін тер төгіп жүрген ұстаздарымыздың еңбегінің, шәкірттердің арманы мен үмітінің айғағы.
2025 жылы мектебімізге үлкен қуаныш сыйлаған маңызды оқиға болды. Білім ордамыз толықтай күрделі жөндеуден өтіп, жаңарып, заманауи талаптарға сай қайта жабдықталды. Бұл игілікті істің басында мектебіміздің білікті басшысы, ардақты ұстазымыз, мектеп директоры Қойжаярова Гүлнар Зейнеқабылқызы тұр. Ұстазымыздың қажырлы еңбегі мен тынымсыз ізденісі арқасында ауылымыздың балалары заманауи, жарық, жылы әрі жайлы мектепте білім алуға мүмкіндік алып отыр.
Бүгінде мектебіміздің келбеті көз қуантады. Жаңа парталар, интерактивті тақталар, спорт және пән кабинеттерінің жаңаруы – барлығы біз үшін үлкен шабыт көзіне айналды. Енді біз өз болашағымызды сенімді құра аламыз, себебі бізге барлық жағдай жасалған. Мен өз мектебімді мақтан етемін. Қойжаярова Гүлнар Зейнеқабылқызына алғысым шексіз. Осындай жанашыр, іскер басшының мектебінде оқу – мен үшін үлкен мәртебе.Рахмет саған, мектебім! Рахмет Сізге, Гүлнар апай!