Сұраулы сөйлем
Карменбаева Шолпан Нурхасимовна
(1 слайд)
Сабақтың мақсаты: 1.Сұраулы сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыра отырып,оқушылардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету,белсенділігін арттыру.2.Өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларындыру, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.3.Достыққа,адалдыққа,әділдікке
жылдам шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту
Түрі: топтық жұмыс
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,оқыту
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мұғалімдерді қарсы алу
Біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр,қонақтарымызға «Қош келдіңіздер»
-дей отырып не тілейміз:
(хормен)
Ашық аспан, мықты денсаулық!
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
(2 слайд)
1.Ребус ,,,, , , ,, ,
– Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлемнің неше түрін білеміз?
(3 слайд)
Сөйлем
Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем
. ? !
Хабарлы сөйлемнің ережесін айтып мысал келтіреміз.
- Үйге берілген 174-жаттығуды тексеру.
Жоспар бойынша әңгіме құрау.
(4 слайд)
Жоспар:
- Жалғыз басты әжей
- Кішкентай қамқоршылар
- Балалардың әжейге көмегі
- Мереке күндері
(оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту)
ІІІ Мақсат қою кезеңі.Сұраулы сөйлем туралы білімімізді тереңдете түсеміз.
ІҮ Жаңа сабақ
Диалог
-Нешінші сыныпта оқисың ?
-Сабақтарың сағат нешеде басталады?
-Сабақтан кейін не істейсің?
1-ші оқушы не істеді? (сұрақ қойды)
2-ші оқушы неістеді? (жауап берді)
Яғни ,жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
(5 слайд)
Өлең шумақтарын салыстыру. Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
Көлге келіп қонады , -Сені өсірген баптап кім?
Көлдің көркі болады. Аққу неткен аппақсың?
Аңшы бірақ атпайды, -Таза ауада жүремін,
Аққудың бар обалы. Тұнық сға жүземін
Ү Оқулықпен жұмыс
176-жаттығу .Мәтінді түсініп оқып, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз.
-Көке, мынау не төбешік?-дедім.
-Илеу деген не?
-Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
-Олар тату тұра ма?
Сергіту сәті
ҮІІ Топтық жұмыс
Үш топқа үш жабықхат беру.
Хатшы,баяндамашы сайлау
Тапсырма: Жабықхат ішіндегі жануарға байланысты сұрақтарға жауап жазу.
-Бұл қандай жануар?
-Түр түсінде қандай ерекшелігі бар?
-Оның қандай пайдасы бар?
ҮІІІ Жұптық жұмыс
1-ші оқушы хабарлы сөйлемге мысал келтіреді
2-ші оқушы оны сұраулы сөйлемге айналдырады
ІХ Білімді бекіту.
Ыстық микрафон
Номерленген карточкалар тарату .
Номерге қарап ретімен тұрады және қолдарына ыстық микрафонды алып сұрақтарға жылдам жауап береді.Жылдам жауап бере алмаса ,қолдары күйіп кетеді.
ІХ Қорытынды
Х Үйге тапсырма. Бағалау