Заманауи әдіс-тәсілдермен, педагогикалық жаңашыл тәжірибелерді қолдану

Нургалиева Жанар Айыповна
Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Макинск қаласының “Снежинка бөбекжайы” МКҚК 
Тәрбиеші


Кіріспе

     Мектепке жасына дейінгі балаларды ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу – мектепке дейінгі ұйымның басты міндеттерінің бірі, өйткені, біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамалардың ролі барған сайын артып, ізгілік, имандылық, мейірімділік сияқты адамгершілік құндылықтардың аясы кеңейіп келеді.

   Ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек дегені мәлім». Жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беру оларды заман талабына сай, жан-жақты дамып, жетілген, жаңашыл көзқарастағы азамат етіп, қалыптастыр, кең көлемді және сан тармақты іс дейтін болмақ, осыған жету баспалдағының алғашқы қадамы оның отбасындағы алатын тәрбиесіне байланысты болады.

 Ойын арқылы қазақ балалары өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түскен. Ойынды қазақ халқы тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қарамаған. Ең бастысы – ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.

   Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қана қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне пайдасын тигізеді.

   Манаш ұлы Тұяқбай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала, кеудеге ақыл ойлайды», — деп, ойынның ойлауға да көп маңызы барын айтады.

   Ойындар арқылы балалардың тәні де, жан дүниесі де ойдағыдай жетіліп отырған,; көпшілік ортасында өзін-өзі ұстаудың, қысылғанда жол табудың қоғамда өз орнын сезінудің алғашқы мектебі де осы ойыннан болды десек асыра айтқандық емес.

   Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, ептілікті үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру , ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы дпһеп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Балаларды тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептелінген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес. Дана халқымыз, данышпан халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесін өте маңызды екенін түсіне отыра, балаға жан-жақты рухани жан-дүниесі таза болсын деп адамдыққа үйреткен. Жас бала жас шыбық секілді, қалай исең солай майысады, қалай айтсаң солай көнеді.

Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар шеңбері»

Міндеті: ұйымдастырылған іс-әрекетке жоспарланған тапсырмаларды орналастырып, қызығушылықпен орындауға әрекет.

Көрнекіліктері: айналмалы шеңбер, домбыра-бағыттағыш, киіз үйлер.

Шарты: ортадағы айналмалы шеңберді айналдырып, бағыттағыш домбыра қай киіз үй алдына тоқтаса, сол киіз үй ішіндегі тапсырма орындалады. Әр тапсырма осылай ретімен орындалады.

Нәтижесі: қатысушылар әр киіз үйде қандай тапсырмалар жасырылғанын қызығушылықпен бақылап, белсенділікпен орындауға тырысады.

Ескерту: педагогтар тапсырмаларды баланың жас ерекшелігін ескере отырып ұйымдастыруы қажет.

«Анамның кестесі»

Міндеті: қыз балалардың қол өнерге деген қабілеттерін арттыру, болашаққа тәрбие жолын бағыттау, түстерді ажыратып, ине сабақтауды үйрету.

Көрнекілік: пластмасса инелер, тоқыма түсті жіптер, дайын шаблондар, құрақ көрпелер.

Шарты: әр қыз бала құрақ көрпеге отырып, алдарындағы дайын шаблондағы суреттерді түстеріне сәйкес тоқыма жіптермен, кішкентай дөңгелектерден инемен жіпті өткізіп, тігеді, кестелейді. Дайын болған жұмыстарын таныстырып береді.

Ескерту: қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Нәтижесі: әр орындаған жұмыс – қыз баланың қаншалықты икемді, шапшаң, салмақты екенін көрсете біледі.

«Шыр»

Ойын шарты: Шыр тақтайшасы төрт түске бөлінеді. Төрт түске сәйкес асықтар дайындалады. Жүргізуші асықтарды шыр дөңгелегіне тастап жібергенде, ойыншылар өз түстерін тез бөліп алады, асық арасында бөлек ақ асық жүреді. Сол ақ асықты алған ойыншы ойынды бастайтын болады. Ойыншылар асықтарын шыр бойына тігеді. Әр ойыншы шыр бойындағы асықтарды шырдан шығарып қағып алу үшін қолындағы асықтарын көздеп, сырғытып атады. Атып алған асықтар шыр ішінде қалса, шыр бойына қайта тігіледі. Егер атып алған асықтар шырдан, яғни шеңбердің сыртына құласа ол ұтыс болып есептеледі. Қай ойыншы асықты көп атып алып жинаса, сол ойыншы жеңіске жетеді. Ойын соңында асықтар саналып, жеңімпаздар анықталады.

Міндеті: түстерді ажырату , мергендік қабылетті дамыту , ойынға қызығушылық .

Көрнекілік : ойын алаңы , асықтар ( жасыл , қызыл , көк , сары ) түсті

Нәтижесі : кім көп асық жинайды, сол жеңімпаз.

«Арқан тартыс»

Ойын шарты: Кубик беріледі, кубикті тастап, қанша точка шықса сонша нүкте өзіне тартады, одани кейін келесі бала жүреді. Толық өзіне тартып алған бала ұтады.

Міндеті : екі педагог өз күштерін текшедегі нүктелер арқылы бағалай алады .

Көрнекілік : қыз бала мен ер бала шаблон , текше

Нәтижесі : ұлттық ойын түрін үйреніп , санауға деген қабілет.

«Ақ отау»

Міндеті: асықтарды өз ұяшықтарына орналастыру, түстеріне сәйкес.

Көрнекілік: үш ақ отау (киіз үй) асықтар әр отауға 25 дана.

Шарты: педагогке киіз үй макеті ұсынылады, ол бес бөліктен тұрады, әр бөлік бес түспен бейнелеген. Асықтарды алдымен араластырып, ойынды бастау үшін белгі бергенде, әр ұяшыққа орналастыру. Кім бірінші орындаса, сол жеңімпаз болып саналады.

Нәтижесі: түстерді ажырату, логикалық ойлау қабілеті дамиды.

«Кім шапшаң»

Міндеті: белгі бойынша сәйкес түстер мен ұлттық құндылықтарды бірден көрсету.

Көрнекілік: сандар немесе түстер, ұяшық (аспан, тағам, ыдыс) т.б.

Шарты: екі педагог қатысады, белгі бойынша айтылған түсті немесе санды, арасында жеңімпазды анықтау үшін асық та ойнатылады. Бұл сәтте бастысы – шапшаңдық пен ептілік қабілеті қажет. Ойынды түрлендіру үшін, екінші бетін пайдаланамыз.

Нәтижесі: түстер мен сандарды танып, ұлттық құндылықты дәріптеу.

“Көңілді санамақ”

Міндеті: санауға, санамақ ойнатуға, амалдарды орындауға үйрету, математикалық қабілеттерін жетілдіру.

Көрнекілік: бес саусақ (2 дана), сандар, қосу(+), алу (-), тең (=) таңбалары, фетр түсті.

Шарты: бұл тапсырма баланы жеке дамыту немесе бос уақытта санамақтар, апта күндерін айтып үйренеді. Бірін-бірі түрлі тапсырмалармен қызықтыра алады. Баланың ойлау мен есте сақтау қабілеттері дамиды, тіл байлықтары молаяды.

Нәтижесі: әр баланың, педагогтің балаға үйретуге деген ықыласы артады.

 

 

«Сергіту сәті»

Тақырыбы: «Ұлттық ою-өрнектер»

Міндеті: педагогтер ұлттық құндылықты дәріптеп қана қоймай, бой сергітіп, қимылдар орнайды.

Көрнекілік: ою-өрнектер сурет атауымен «Қамажай» би әуені, проектор.

Шарты: проекторды қосып, ою-өрнектер көрсетіліп отырады, соған сәйкес қимылдары «Қамажай» би әуенімен көрсетіледі, қатысушы педагогтер бой сергітіп, көңілдерін көтеруге мүмкіндік, ұлттық өнерді дәріптеу. Биге, әуенге, бір-бірлеріне жылулық сыйлау.

Нәтижесі: көтеріңкі көңіл-күй.

Қорытынды

Тақырыбы: Бауырсақ

Міндеті: шебер-сынып қорытындысын шығару үшін, QR сілтемесі ұсынылады.

Көрнекілік: қатты қағазға шығарылған бауырсақ, QR код.

Шарты: Әр педагогқа бір бауырсақ ұсынылады, артында QR бар. Сол арқылы өз пікірлерін білдіреді. Заман талабына сай әрекет ұйымдастырылады. Өз ризашылықтарын білдіреді.

Нәтижесі: шебер-сынып жетекшісі өз кезегінде, сый-құрмет ретінде өз қолымен пісірген бауырсағын тарту етеді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх