Жакситай Ару, Жакситай Асель
6B11102 Мәдени-тынығу жұмысы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Аңдатпа
Креативті индустрияның мәдени тынығу жұмысындағы рөлі қарастырылады. Мәдени тынығудың қоғамдағы рухани және шығармашылық дамуға ықпалын талдайды. Өнер мен мәдениеттің өзара байланысы, олардың адам өміріндегі мәні мен әсері сипатталған. Сонымен қатар креативті индустрияның жаңа форматтағы мәдени іс-шараларды дамытудағы маңызы айқындалады. Зерттеу нәтижесінде креативті индустрияның рухани және мәдени өркендеудің негізгі тетігі екені тұжырымдалады.
Кілт сөздер: креатив, индустрия, өнер, мәдени тынығу жұмысы, іс- шара.
Аннотация
Рассматривается роль креативной индустрии в культурно-досуговой деятельности. Анализируется влияние культурного досуга на духовное и творческое развитие общества. Описывается взаимосвязь искусства и культуры, их значение и влияние на жизнь человека. Кроме того, подчёркивается важность креативной индустрии в развитии новых форм культурных мероприятий. В результате делается вывод, что креативная индустрия является основным механизмом духовного и культурного развития.
Ключевые слова: креатив, индустрия, искусство, культурно-досуговая работа, мероприятие.
Abstract
The role of the creative industry in cultural leisure activities is examined. The influence of cultural leisure on spiritual and creative development in society is analyzed. The interrelation between art and culture, as well as their significance and impact on human life, is described. In addition, the importance of the creative industry in developing new formats of cultural events is highlighted. As a result, it is concluded that the creative industry is a key mechanism for spiritual and cultural development.
Keywords: creativity, industry, art, cultural and leisure activity, event.
Мақсаты: Креативті индустрияның мәдени тынығу жұмысындағы рөлін айқындау, оның қоғамдағы рухани, эстетикалық және шығармашылық дамуға тигізетін ықпалын талдау. Сонымен қатар, қазіргі замандағы мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылуында креативті тәсілдердің маңызын көрсету және олардың мәдени кеңістікті жаңғыртудағы орнын анықтау.
Пәні: Креативті индустрия мен мәдени тынығу жұмысының өзара байланысы және олардың қоғамның рухани, мәдени өміріндегі көрінісі.
Нысаны: Қазіргі қоғамдағы мәдени тынығу саласында жүзеге асырылып жатқан креативті жобалар, өнер туындылары мен заманауи мәдени іс-шаралар.
Кіріспе
Мәдени тынығу жұмысы- қоғамдағы адамдардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған мәдени іс-шараны ұйымдастыратын жұмыс. Бұл іс шаралар адамдардың бос уақытысында оларды рухани байытып,білім мен өнерді бойына бірдей сіңіреді. Мәдени тынығу жұмысының басты мақсаты-адамның бойындағы мәдени қажеттілікті қанағаттандыру, олардың дүниетанымын кеңейту, ұлттық мәдениетті сақтай отырып оларды насихаттауға зор үлес қосады. Мәдени тынығу жұмысы әртүрлі нысанда жүзеге асады. Ал өнер-осы мәдени-тынығу жұмысының негізгі өзегі олып табылады.
Өнер-адам жанының, ойының, сезімінің көрінісі.Адамзаттың рухани өміріндегі ең асыл қазына. Өнердің көмегімен адам әлемді басқаша танып бастайды. Мәдени тынығу саласында ұйымдастырылатын әрбір іс шара өнердің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталады. Осы екі ұғымның арасындағы байланыс өте тығыз, өйткені концерттер, театр қойылымдары, би кештері, көрмелер, әдеби кездесулер мен кино көрсетілімдері тікелей ұйымдастыру арқылы, яғни мәдени тынығу жұмысы арқылы ұйымдастырылады.
«Рухани мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері- дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады.» [1.9-б.]
Рухани мәдениет – адамның ішкі әлемін, оның ойлау жүйесін және дүниеге көзқарасын айқындайтын ең биік құндылықтардың бірі. Себебі дін, философия, мораль, өнер мен ғылым – бұлар адамның рухани болмысын қалыптастыратын негізгі тіректер. Әсіресе өнер мен ғылымның бірлігінен туған көркем мәдениет қоғамның даму деңгейін көрсетеді. Өнер – адамның сезімін, жан дүниесін бейнелесе, ғылым – оның зердесін, ақыл-ойын дамытады. Ал осы екеуінің үйлесуі рухани мәдениеттің биіктігін танытады деп ойлаймын. Сондықтан рухани мәдениетті сақтау мен дамыту – ұлттың рухани жаңғыруының, мәдени өркендеуінің басты негізі деп есептеймін.
Әдіснама
Бұл зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін креативті индустрия ұғымының мәдени тынығу саласындағы ықпалына анықтауға бағыттадық. Зерттеу барысында мәдениеттану, әлеуметтану және өнертану ғылымдарының теориялық қағидаларына сүйендік. Мақалада креативті индустрияның қазіргі қоғамдағы мәдени дамуға әсері мен мәдени тынығу іс-шараларындағы қолданысын талдадық.
«Өнердің кең түрінде адамның түсініктісін, кез келген творчествалық жасап, істеп, шығару қызметтілігін түсінеміз» [2.53-б.] деп пікір білдірген.
Яғни, өнердің толық мағынасын адамның шығармашылық іс-әрекеті ретінде қарастырсақ, ол мәдени тынығу жұмысымен тығыз байланысты деп ойлаймын, себебі мәдени тынығу жұмысы- адамның демалып қана қоймай, өз ойын, сезімін, талғамын, өнер арқылы білдіруіне мүмкіндік береді. Яғни, сол арқылы әр адам өз шығармашылығын дамытып, қоғамға мәдени үлесін қосады.
Өнер арқылы адам өз ойын, сезімін, көзқарасын еркін білдіріп, рухани тынығып, эстетикалық ләззат ала алады, сондықтан да мәдени тынығу жұмысы, іс-шаралары- өнерді адам өмірімен байланыстырып, қоғамда адам өмірінде креативті ойлау мен мәдени дамуды қалыптастыратын маңызды құрал деп есептеймін.
«Бұл кезеңде өнер мәдениеттің ең бір жоғары бағалықтың бірі бола бастайды, адамның маңыздылығы-ның терең және шындылықтысын көрсетеді, өйткені ол адам көбінесе осы ойлап тапқан әлеммен ісі болады, сонымен көз алдына елестету саласы оның өмір сүруінің туған орны бола бастайды. Көз алдына елестету, көркемділікті шығармашылық қабілеті, адам-ның ең маңыздылықты қабілеті ретінде түсініле бастайды.» [3.57-б.]
Менің ойымша, бұл тұста өнер адамның күнделікті қарапайым өмірінен жоғары тұратын, оның рухани жағдайын қалыптастыратын ерекше күш ретінде қарастырылып тұр, cебебі адам өзі ойлап тапқан, көз алдына елестеткен дүниелері арқылы өз шындығын жасайды деп есептеймін. Бұл адамның біріншіден табиғи қажеттілігі, өйткені адамда өнерсіз өмірдің мәні толық болмайды деп ойлаймын. Ал мәдени тынығу жұмысы дәл осы ішкі рухани болып жатқан құбылысты жандандыратын негізгі құрал болады деп пікірімді білдіргім келеді.
Көз алдына елестету мен шығармашылық әрекет мәдени тынығу жұмысында маңызды рөл атқарады, өйткені әрбір шара, көрме, концерт немесе қойылым- адамның ішкі әлеміне әсер етуге бағытталған деп білемін. Сол себепті мен өнер мен мәдени тынығуды қоғамның рухани бірден бір бөлшегі деп ойлаймын.
«Өнердің мақсаты мен мәнін айқындауда, оның көп уақыттарда адамдармен анықталатын объективті немесе субъективті қызметтік мәні мен идеяларына көңіл бөлінеді. Адам қызметінің арнайы саласы ретіндегі жатқан өнердің шығарманы жасауы мен көрерменмен қабылдануын айқындаушы категориялары, адам өмірінде алатын өнердің міндеттері мен қызметін зерттеу – мұның барлығы өзге ғылымдардың бірі айналыспайтын өнер философиясының пәндік ерекшелігін сипаттайды.» [4.8-б.]
Мәдени тынығу саласында бұл ерекше байқалады, өйткені әрбір көрініс, ән, би, сурет адамға әсер етіп, оның ойлауын, көңіл-күйін және өзін жақсы тұрғыда яғни, осы тұрғыда қабылдауын өзгертеді.
Өнер адамды өмірге басқаша қарауға үйретеді, өйткені сол әсер мәдени тынығу жұмысының ең басты нәтижесіне айналу үшін деп те айтқым келеді. Сондықтан өнер мен мәдени тынығу- рухани дамудың бірден бір жүйесі, ол адамды өзінің, қоғамның тереңірек тануына және оның өмірін мәнді етуіне мүмкіндік береді. Жалпы қысқаша айтқанда, өнердің ерекшелігі- оның нақты шекарасы жоқтығында. Сол жоқтықтың арқасында ол ғылым сияқты дәлдікке емес, сезім мен қабылдауға сүйенеді деп айтқым келеді.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, креативті индустрия қазіргі заманның мәдени және рухани негізінде ерекше маңызға ие болып, қалыптасып отыр. Мәдени тынығу саласына жаңа леп беріп, қоғамдағы адамдардың шығармашыл ойлауларына, эстетикалық талғамдарының қалыптасуына және рухани дамуларына жол ашуда. Креативті индустрия бұл- тек экономикалық табыс көзі емес, бұл ең алдыменен адамның рухани байлығын арттыруға, мәдени мұрамызбен, креативті яғни, заманауи өнерімізді байланыстыруға бағытталған жаңа бағыт.
Бұл мәдени тынығу жұмысының басты мақсаты- адамды демалту және оның рухани қажеттіліктерін беру, шығармашылық қабілетін ашу. Дәл осы тұрғыдан қарағанда, креативті индустрия мақсатты жүзеге асырудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады, өйткені қазіргі заманның адамы дәстүрлі мәдени өнермен қатар, жаңа форматтағы яғни, заманауи әрі креативті жобаларға қызығушылық танытады. Мысалға, арт-фестивальдар- мәдени тынығудың жаңа жүйесіне айналып үлгерді.
Сонымен қатар айта кетсем, креативті индустрия мәдениет пен экономиканы біріктіретін көпір рөлін атқарады. Неге десеңіз ол мәдени жүйемізді нарықтық жағдайда тиімді пайдаланып, қоғамда мәдени белсенділікті яғни, қарапайым сөзбен айтқанда өнерде шоу бизнесті арттырады. Бұл өз жеке кезегінде мәдени тынығу жұмысын дамытуды жаңа деңгейге шығарып, шығармашыл мамандарды кәсіби деңгейде өсуіне мүмкіндік береді.
Қоса кетсем, креативті индустрия мәдени тынығу саласына тек жаңашылдық енгізіп қана қоймай, оның адамда яғни, қоғамда рухани мәнін де тереңдетіп отыр, cебебі біріншіден креативті іс-әрекет арқылы адам өз ойын еркін білдіре алады, екіншіден шығармашылық қиялын жүзеге асыра алады және ең бастысы қоғаммен рухани байланыс орната алады деп сенемін. Осылайша келсек, мәдени тынығу жұмысы енді тек демалыс пен ойын-сауық емес, тұлғаның өзін-өзі дамыту мен рухани жаңару кезеңі деп қорытындылағым келеді. Болашақта креативті индустрия мәдени мемлекетінің ажырамас бөлігіне айналып, қоғамның мәдени өмірін сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеретіні анық деп сенемін, cондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды қолдау, креативті жобаларды дамыту- еліміздің рухани және мәдени өркендеуінің басты кепілі болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы, 2013. – 9 б.
- Досмурзин Ержан Досмырзаұлы. Мәдениеттану. Лекциялар курсы. -Алматы, 2007. – 53 б.
- Досмурзин Ержан Досмырзаұлы. Мәдениеттану. Лекциялар курсы. –Алматы,2007. – 57 б.
- Халықов Қ. З. «Өнер философиясына кіріспе»: Р. Элдридж және авторлар өнер сыны мен теориялары туралы//. – Алматы, 2020. – 8 б. https://share.google/25cVtQC0oJdsA12vO