Сыздыкова Диана Аскаровна
Алматытехнологиялықуниверситеті
Экология мамандығының 1 курс студенті
Жумабаева Куралай Жумабаевна
Алматы технологиялық университеті
Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының асистент профессоры,
заң ғылымдарының кандидаты
Аңдатпа: Бұл мақалада экологиялық құқық бұзушылықтың мәні, түрлері, олардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және қоғам дамуына тигізетін ықпалы қарастырылады. Сонымен бірге экологиялық құқық бұзушылыққа әкелетін негізгі себептер, алдын алу тетіктері, құқықтық жауапкершілік түрлері талданады. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы мен халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы құқықтық тетіктерді тиімді қолдану жолдары ұсынылады. Мақалада экологиялық мәдениетті арттыру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсыныстар берілген.
Кілт сөздер: Экологиялық құқық бұзушылық, экология, қоршаған орта, экологиялық қауіпсіздік, құқықтық жауапкершілік, табиғат қорғау, экологиялық мәдениет, экологиялық заңнама.
Аннотация: В данной статье рассматриваются сущность экологических правонарушений, их виды и влияние на общество и окружающую среду. Проанализированы основные требования экологического законодательства, причины экологических нарушений и механизмы их предотвращения. Кроме того, предложены меры юридической ответственности и эффективные направления охраны природы для обеспечения экологической безопасности Республики Казахстан.
Ключевые слова: Экологическое правонарушение, окружающая среда, экологическое законодательство, юридическая ответственность, экологическая безопасность, охрана природы, экологическая культура.
Abstract: This article examines the nature of environmental offenses, their types, and their impact on society and the environment. The main requirements of environmental legislation, the causes of environmental violations, and mechanisms for their prevention are analyzed. Additionally, the article proposes legal responsibility measures and effective approaches to environmental protection aimed at ensuring the environmental security of the Republic of Kazakhstan.
Keywords: Environmental offense, environment, environmental legislation, legal responsibility, environmental security
Кіріспе-Қоршаған ортаны қорғау мәселесі әлем бойынша ең өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Экологиялық тәртіптің сақталмауы табиғат ресурстарының сарқылуына, атмосфера мен гидросфераның ластануына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жойылуына алып келеді. Осыған байланысты экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылық – бұл экологиялық нормаларды бұзу арқылы табиғи ортаға, адам денсаулығына немесе қоғам мүддесіне зиян келтіретін әрекет немесе әрекетсіздік.Экологиялық құқық бұзушылық – экология саласындағы заң талаптарын орындамау, табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбау, қорғау режимін сақтамау нәтижесінде қоршаған ортаға зиян келтіру немесе зиян келтіру қаупін туғызу. Бұл құқық бұзушылықтар азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Негізгі құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:атмосфералық ауаны ластау;суды заңсыз пайдалану немесе ластау;жер ресурстарын бүлдіру;орман қоры мен жануарлар дүниесіне зиян келтіру;өндірістік қалдықтарды дұрыс сақтамау;қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзу.
Экологиялық құқық бұзушылықтың себептері (туындауы)
Экологиялық құқық бұзушылықтың туындауына бірқатар факторлар әсер етеді: Экологиялық мәдениеттің төмендігі. Табиғатты қорғаудың маңызын түсінбеу және жауапсыздық;Өндірістік және техникалық бақылаудың жеткіліксіздігі. Кәсіпорындардың экологиялық талаптарды сақтамауы;Заңнаманы орындаудың әлсіздігі. Қадағалау органдарының бақылауы жеткіліксіз болғанда құқық бұзушылық көбейеді;Экологиялық нормалардың бұзылуының салдарын бағаламау. Қоршаған ортаға келетін зиян көп жағдайда ұзақ мерзімде байқалады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің арнайы баптары экологиялық тәртіпті бұзған тұлғаларға әртүрлі жауапкершілік көздейді:Әкімшілік жауапкершілік: айыппұл, қызметін шектеу, лицензиядан айыру;Азаматтық-құқықтық жауапкершілік: келтірілген экологиялық зиянды өтеу;Қылмыстық жауапкершілік: ауыр экологиялық зиян келтіру, заңсыз аңшылық немесе балық аулау, қауіпті қалдықтарды заңсыз көму сияқты әрекеттер үшін бас бостандығынан айыруға дейінгі жазалар қарастырылған.
Экологиялық нормалардың бұзылуы экожүйелердің бұзылуына, халық денсаулығының нашарлауына, су мен ауаның ластануына, биологиялық әралуандылықтың кемуіне әкеледі. Әсіресе өндірістік қалдықтардың бақылаусыз шығарылуы – адам өміріне қауіпті факторлардың бірі.
Экологиялық құқық бұзушылықты алдын алу.Экологиялық құқық бұзушылықты азайту және оның алдын алу үшін келесі шаралар маңызды:
- Экологиялық білім мен мәдениетті арттыру. Мектептен бастап қоғамға экологиялық тәрбие беру.
- Экологиялық бақылауды күшейту. Мемлекеттік инспекциялар мен мониторинг жүйесін жақсарту.
- Заманауи экологиялық технологияларды енгізу. Өндірістік кәсіпорындарда фильтрлер, қалдықтарды қайта өңдеу жүйелері.
- Қатаң құқықтық шараларды қолдану. Заңбұзушыларға тиімді айыппұл және жауапкершілік қарастыру.
- Қоғамдық белсенділікті арттыру. Экологиялық акциялар, сенбіліктер, волонтерлік қозғалыстар.
Қорытындылай келе:Экологиялық құқық бұзушылық – тек құқықтық емес, сонымен бірге әлеуметтік және экологиялық мәселе. Оны тиімді шешу үшін заңнаманы жетілдірумен қатар, әр азаматтың экологиялық жауапкершілігін арттыру қажет. Табиғатты қорғау – бүгінгі ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы міндет. Экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін мемлекет, қоғам және әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. – 2021 жылғы 2 қаңтарда қабылданған №400-VI ҚРЗ.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. – 1995 жыл, 30 тамыз.
- «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс». – 2014 жылғы 5 шілде №235-V ҚРЗ.
- «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі». – 2014 жылғы 3 шілде №226-V ҚРЗ.
- Бисенова А., Асанова Н. Экология және қоршаған ортаны қорғау негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2020.
- Сатыбалдин С.С. Экологиялық саясат және тұрақты даму. – Алматы: Экономика, 2018.
- Кұсайынов Қ., Оспанова Г.С. Экология негіздері. – Алматы: Санат, 2019.
- Чучалина О.В. Экологическое право: Учебное пособие. – Москва: Юрайт, 2021.
- OECD Environmental Performance Reviews: Kazakhstan 2022. – OECD Publishing.
- UNEP. Global Environmental Outlook – GEO-6: Healthy Planet, Healthy People. – 2019.