Тәуелсіздіктің қадірін білейік

Турехан Жасмин Сәбитқызы
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
Мамандық: Журналист

Жетекші: Утегенова Гүлзира Жақсылыққызы


Тәуелсіздік – әр халықтың ең қымбат құндылығы. 1991 жылы Қазақстан өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде жаңа өмірге қадам басты. Осы күннен бастап еліміз түрлі қиындықтар мен жетістіктер жолынан өтті. Енді сол тәуелсіздікті сақтап қалу, нығайту – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бұл жолда бәріміз таудай тірек болуымыз керек.

Тәуелсіз ел атану оңай болған жоқ. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы азаттық үшін күресті. Сансыз шайқастар мен қанмен келген еркіндік – бүгінгі бейбіт өмірдің негізі. Сондықтан Тәуелсіздікті тек мерекелік күн ретінде емес, әр күніміздің тірегі ретінде қабылдауымыз қажет.

Бүгінгі жастар – елдің болашағы. Егер біз Тәуелсіздікті тау етсек, оның негізін біліммен, еңбектенумен, мәдениетіміз бен тілімізге деген сүйіспеншілікпен бекітуіміз керек. Жастар тек тұтынушы емес, елдің дамуына үлес қосатын тұлға болуы қажет.

Сондай-ақ, тәуелсіздік деген тек шекара мен ту емес, ол – еркін ойлау, қазақ тілін дамыту, ұлттық бірлік, және жауапкершілік. Қоғамдық тәртіп, әділеттілік пен еңбек сүйгіштік те – тәуелсіз елге тән сипаттар

Тәуелсіздік — әрбір ұлттың ұлы арманы, ең қастерлі мұраты. Біздің елімізде бұл ұлы күн 1991 жылдың 16 желтоқсанында келді. Сол күннен бастап Қазақстан өз алдына дербес мемлекет ретінде дүние жүзіне танылды.

Тәуелсіздік — бұл тек саяси еркіндік ғана емес, бұл халықтың өз тілінде сөйлеуге, өз дінін ұстануға, өз салт-дәстүрін сақтауға, өз жерінің иесі болуға құқығы. Отызға жуық жыл ішінде еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Астана қаласы көркейіп, әлемдік деңгейдегі іс-шараларға ұйытқы болды. Экономикамыз дамыды, халықаралық қатынастарымыз нығайды.

Бірақ тәуелсіздіктің ең бағалы жемісі — бұл ұлттық санамыздың оянуы. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Тарихымыздың ұмытылған беттері ашылды. Ұлы бабаларымыз — Абылай хан, Кенесары, Амангелді, Бауыржан Момышұлы сынды ерлер еліміздің рухани тірегіне айналды.

Тәуелсіздік — біздің міндетіміз де. Әрбір азамат өз еңбегімен, білімімен, адалдығымен еліне қызмет етуге тиіс. Жастар ғылым мен білімге ұмтылуы керек. Ата-аналар балаларына отансүйгіштікті, ұлтжандылықты сіңіруі қажет. Барлығымыз бірлікте, татулықта өмір сүруіміз керек, өйткені біздің күшіміз — бірлігімізде.

Тәуелсіздігіміз — ата-бабамыздың арманы, біздің қазынамыз, ұрпағымызға қалдыратын аманатымыз. Оны қастерлеп, күшейтіп, болашақ ұрпаққа сақтай білуіміз керек. Тәуелсіз ел болу — үлкен бақыт, оны бағалай білу — парыз.

Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!

Тәуелсіздік – ата-баба аманаты, ұлттың рухани тірегі. Оны сақтау – тек билікке емес, әр азаматқа жүктелген жауапкершілік. Біз тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымызға мақтануымыз керек, бірақ тек мақтанумен шектелмей, оны нығайту үшін еңбек етуіміз қажет. Білім алып, елге қызмет етіп, тіліміз бен мәдениетімізді құрметтесек – біз Тәуелсіздікке шын мәнінде тау бола аламыз. Ел бірлігі мен ұрпақ санасы мықты болса, Тәуелсіздік те мәңгілік болмақ.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх