«Мәңгілік ел» идеясының негізінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Шушаева Зура
«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың
сан мың жылдан бергі асыл арманы».
Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі жас болашақ – Қазақстанның жанды бейнесі. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді де өнегелі жастарымыз. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату ұстаздар қауымының міндеті болып саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөліп келеді. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының білімді, өнегелі ұрпақ болып жетілуіне күш салып келеміз. Қазіргі таңда Елбасымыз әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасаған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.
Жас жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеу – бүгінгі әлемнің күрделі тынысында негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Отаншылдық – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім, әрбір жастың жүрегінде дамылдап тұруы керек. Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Қазақстандықтарға ХХІ ғасырға лайықты және жетекші ел болудың жоғарғы мақсаты жолында бүкіл қоғамды берік біріктіретін идеялық күш қажет болды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнап «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тарихи Жолдауын жазды. Жолдауда отандастары үшін өте маңызды екі идея ұсынды. Оның біріншісі – «Мәңгілік ел», екіншісі – «Қазақ елі». «Мәңгілік ел» – халқымыздың болашаққа бағыт берер шамшырағы. «Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі» дейді Елбасымыз Қазақстан Халқына Жолдауында.
Жалпыұлттық идея – бірлік, оны ұрпағымыздың бойына сіңіруде жатыр. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, отансүйгіштікті негіздеу. Бұл тұрғыда Елбасы жастарға үлкен сенім артып отыр. «Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел бірлігі болу керек. Осынау жалпы ұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре беруге тиіспіз» деген Елбасы сөзі жастарды қанаттандыруда. Татулығы мен ынтымағы жарасқан елдің болашағы да табысты, ертеңі берекелі болады. Бұл – тәуелсіз елдің басты бағыты, бекем байламы. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын – бүгінгі жастар. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Патриотизм біздің қазақстандық жастар үшін, этностарды біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс. Ел мәртебесіне, оның асқақтығы мен биіктігі, тұтастығы мен мызғымастығы тек әділеттілік пен өзара ынтымақтастық және сыйластық негізінде қол жеткізілуі тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда ұлт зиялыларына да жүктелер міндет өте ауыр. Сол зиялы қауымның бірі – ұстаздар. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де – білім. Ілім мен ғылым – бұл қоғамдық мүдде. Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашан да қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді.
Жастарымызды білім машығын игеріп, алған білімдерін күнделікті өмірде және «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру барысында тиімді пайдалана алуға баулу жолында еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етіп, ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына сүбелі үлес қосып келе жатқанымызға мақтанамыз.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында «Ростовка тірек мектебі (РО)» интернаты жертөлесінде орналасқан тарихи –өлкетанумұражайызертханасында оқушылардың білімін жетілдіру үшін барлық жағдайлар жасалған. Мұнда түрлі қабырға стендтері мен макеттер, оқушылардың қатысуымен тікелей ұйымдастырылып, қорғалған түрлі тақырыптардағы ғылыми, шағын жобалар орын алған. Осы зертханаларда атаулы күндерде тәрбие сағаттарын өткізуді әдетке айналдырып отырмыз.«Мәңгілік ел» идеясының негізінде оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатын ерекше атап өткім келеді. Тәрбие сағатының барысында, бірінші бөлімінде біздің өлкемізге қатысты тарихи оқиғаларға тоқталсақ, екінші бөлімінде мұражай ішімен таныстыру жоспарланды. Мектеп мұражайы – ата-баба тарихын еске салатын білімнің, шығармашылық пен шеберліктің, тарих беттерінің ақпараттық орталығы.Мектеп және мұражай – оқушы үшін жаңа ғасырдың жаңа идеяларын іске асыра отырып, болашаққа бастайтын жол. Көптеген жылдар бойы ұстаздарымыз шәкірт оқытумен қатар мұражай жәдігерлерін жинау арқылы оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулып келеді.Бұл ерекше сынып сағатына ауылымыздың ардагерлер кеңесінің басшысы Досов Жамантай Буденович арнайы шақырылған еді.Қазақша, орысша дайындалған жүргізуші тамаша өлең жолдарымен, құрметпен берілген сөз мәнерімен ерекшеленді.Қазақтың ұлттық сән үлгісінде тігілген, көздің жауын алатындай тамаша ұлттық киімдерін киген қыздар қонақты қарсы алып жатты.Досов Жамантай Буденович оқушыларға өмірде көрген , білген қызықты оқиғаларымен ой бөлісті. Мұндай тәрбие сағаты біріншіден оқушы жадында мәңгілік сақталып қалса, екіншіден «үлкенге құрмет- кішіге міндет» деген нақыл сөздің бекер айтылмағанының куәсі осы біздің болашақ жастарымыз.Тәрбие сағаты барысында өлкеміздің мұғалімдері отбасыларының еңбек шежіресі туралы ғылыми жобаларын біздің оқушыларымыз жалғастыруда.Осы мәселеге байланысты 9 «Б» сынып оқушысы Горбунова Инна көптеген құнды материалдарды іздене отырып тауып, өз жұмысын жандандырды. Мысалы: Иннаның айтуы бойынша біздің мектебіміздің бұрынғы мектеп директоры Муканов Нурбек Курск үшін шайқаста қайтыс болған екен.Қаншама жылдар өткен соң оның ұлы Ерғали Нұрбекович 2013 жылы, жазда Орлов облысы, Болхов ауданы, Руднев селосына жерленген өз әкесінің моласына барып, дұға жасаған екен.Ол туралы «Индустриальная Караганда» газетінде жазылған мақала бар екенін іздеп тапқан. Мұндай құнды мақалалар мен мұражай жәдігерлері біз үшін, оқушылар үшін таптырмас тәрбие құралы болып отыр.Осы тақырыпта жиналған, жасалған қаншама жұмыстармен қатар, Инна басқа да ұстаздарымыздың өмір жолы мен еңбек жолын зерттей келе Тусупова М.А.отбасылық шежіресіне тоқталған екен. Осындай қызықты да құнды материалдармен оқушылармен ой бөлісіп, пікір таластырған Иннаның еңбегі зор дегіміз келеді.
Мұражай зертханасында енді бір тәрбие сағатындаСемей зардаптары туралы видеофильм көрсетіліп, жоғары сынып оқушыларымен талқыланды.Жоспар бойынша көрсетілген осы видеофильм туралы көптеген мәселелер төңірегінде оқушылармен диспут, викториналар өткізілді.Өткені мен бүгінгіні таразыға сала алатын, келешегінің сабағын ертеңіне бағдар еткен рухтағы асқақ, жандары таза жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Білімнің іргетасының беріктігі – болашақтың мықты болуына негіз.
Бүгінде біздің еліміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қызметінің шын мәніндегі білікті де іскер жұмысының нәтижесінде халықаралық сахнада үлкен маңызға ие болды. Қазақстан Республикасының абыройын аспанға асқақтатып, әлемдегі алпауыт елдермен иық тіресетіндей әлеуетке жеткізген Елбасының сарабдал саясатының тереңдігін, көз түгіл көңіл жетпес көкжиекті болжай алған көрегендігін, ел алдындағы ерен еңбегін, Отандық қана емес, жаһандық саясаттағы жетекші орнын, бүкіл дүниежүзінің әйгілі саясаткерлерінің мойындап отырғанын біз зор мақтанышпен айта аламыз.
«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру барша қазақстандықтарға, әсіресе, бүгінгі және келешек ұрпаққа үлкен сын, зор мәртебелі іс болмақ. Бұл үшін төмендегі құндылықтарды орындауымыз керек: бірінші – ата-анасын қадірлейтін, Отанын сүйетін бала тәрбиелеу, екінші – қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білетін, оны дамытатын ұрпақ тәрбиелеу, үшінші – халықтар достығын қастерлейтін, ел бірлігін сақтайтын ұл-қыз өсіру.
Қазіргі кезеңде ұлттық патриотизмнің басты көрінісі – қазақтың ана тілінде сөйлеуі, жас жеткіншектерге ұлттық тәрбие беру, ізет, құрмет, қайырым, мейірім сезімдерін дамыту. Өз халқын сүйіп, оның болашағын ойлаған адам басқа халыққа да солай қарайды.
Ата-баба рухы, туған ел, ана тілі – бұл қазақ үшін көздің ағы мен қарасындай қасиетті ұғымдар. Жас жеткіншектерді осындай құдіретті сезімге – отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектеп мұражайында көптеген тәрбиелік іс-шаралар өткізілуде. «Менің Отаным – Қазақстан», «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», «Қазақтың батыр қыздары» т.б. тәрбие сағаттары, «Мен – Отанымның ұланымын» видео материалдарды тамашалау, «Әрқашан күн сөнбесін», «Бақытты балалық шақ», «Мен отбасымды мақтан етемін!» суреттер көрмесі мен шығармалар сайыстары оқушылардың елін, жерін сүйіп өсуге негізделіп жүргізілді.
Егемен еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін жастарымыз білімді, жан-жақты, дарынды да қабілетті болуы шарт. Жас жеткіншектердің ешкімге ұқсамайтын даралығын, шеберлігін, шығармашылығын дамыту, оны жарыққа шығару жолында республикада, облыста, ауданда өткізілген Абай, Мағжан, Мұқағали, Махамбет, Оралхан Бөкей оқуларына оқушыларымыз белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілетін дамыту мақсатында мектепте «Сұңқар» ұйымының спорттық ойындардан сайыстары, шығармашылық кештер, өзіндік ойлау жүйесін жетілдіруде дебат сайыстар, интеллектуалды ойын бағдарламалары өткізіледі. Мектебіміздің «Әділет» атты дебат тобы аймақтық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қорыта айтқанда, Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясының негізінде жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан игілікті істер жалғасын табуда. Жас ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалды деңгейі биік, жан-жақты азамат ретінде қалыптастыруда жалпы ұстаздар қауымының қызметі өлшеусіз.
Еліміздің жеткен жетістіктері аясында жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Елбасымыздың болашаққа бағыт берер «Мәңгілік Ел»идеясын қолдап,халқымыздың жарқын болашағының кепілі-еліміздің патриот ұл-қыздарын тәрбиелеп,отанымыздың бақыты үшін еңбек ете берейік.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. «Мәңгілік Ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін!
Пайдаланылғанәдебиеттер:
1.«Қазақстан жолы – 2050: Бірмақсат, бірмүдде, бірболашақ», аттыхалыққаарнағанжолдауы. « ЕгеменҚазақстан» газеті, 2014, 17қаңтар.
- СатайСыздықов. «Мәңгілік Ел» Бұлкөнетарихтантінтартқанидеяныңжаңадәуірменұштасуы», «ЕгеменҚазақстан» 2014 ж 4 желтоқсан.
3. Амангелді Айталы. «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи тамыры», «Егемен Қазақстан», 2014 ж 26 ақпан
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718