Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

Донбаева Жанна Ергешбаевна

                                                               «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»

                                                                                                     (Л. С. Выготский)

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс – әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Бұл технология бойынша сабақта барлық оқушы тапсырманы І деңгейден бастап орындайды.
I – репродуктивтік деңгей. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Барлық оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті, ал жоғары деңгейлік тапсырмаларды да орындай алуы қажет. Оқушылар жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттерін анықтайды.
II – алгоритмдік деңгей. Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып, оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін екінші деңгей тапсырмаларын орындау кезінде күрделі материалдарды реттеуі және жүйелеуі керек.
III – ізденіс (эвристикалық) деңгейінде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс – тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
IV – шығармашылық деңгей. Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармалар, шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік  тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг – ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір білім алушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі – оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, үлестірмелі материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылды. Сондықтан өз іс – тәжірибемде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іске асырылатын деңгейлеп оқыту технологиясының да элементтерін қолданамын.
Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
• Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;
• Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
• Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
• Оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы;
• Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
• Оқушы белсенділігінің оянуы;
• Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
• Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;
• Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым – қатынастың орнауы.
Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:
• Деңгейлеп – саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
• Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
• Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
• Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;
• Оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы;
• Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы;
• Олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы.
Жұмысымдағы негізгі бағытым: Қазақ тілі және кәсіптік қазақ тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану, ал мақсатым: оқушылардың шығармашылықпен іздене жұмыс істеу қабілеттерін нәтижелі дамыту.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл – ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады.
Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушының білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы – оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады. Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек. Мұғалім білімі нашарларға көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы математика пәнін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек.
Жаңа оқыту технологиясының қай түрі болса да, ол игеруге тиімді, оқытушы мен білім алушының арасында қарым – қатынас орнатуға икемді болуы тиіс. Қазіргі әрбір ізденімпаз оқытушының міндеті оқушының белсенділігін, іскерлігін дамыту. Осыған орай, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі өзіндік жұмыспен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр.
Соңғы кезде уақыт талабына сай өз тәжірибемде мен деңгейлеп оқыту технологиясын қолданып жүрмін. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.
Өзімнің тәжірибеме келсем, мен орыс тілінде білім алатын топтардағы қазақ және кәсіптік қазақ тілінде деңгейлеп оқыту технологияның элементтерін жиі қолданамын.
Осы технология бойынша сабағымда мына бағытта жұмыс жасаймын:
– ұжыммен жұмыс;
– топпен жұмыс;
– жеке оқушымен жұмыс;
– дарынды оқушы дайындау.
ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
КИІЗ ҮЙ
Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол – кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бірі талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті шебер – үйші жасайды. Үйшілер талды өзендер бойынан алады. Ол өзендер: Еділ, Жайық, Сырдария.
Үйші киіз үйдің ағаштан жасайтын бұйымдарын көктемде бастап, күздің аяғына дейін істейді. Киіз үйдің ағаш бөлшектерін жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық құрал – саймандарды пайдаланған.
Кереге қанаттардан тұрады. Қанат сағанақтан құралады. Керегенің екі түрі болады: желкөз, торкөз. Желкөз қатты желге төзімді, ал торкөз жаңбырлы күндерде су жібермейді. Сағанақтар қиғаш орналасады.
Шаңырақ екі бөлшектен тұрады: шеңбер және күлдіреуіштен. Егерде киіз үйдің басқа бөлшектері талдан жасалса, шаңырақ қайыңнан иіліп жасалады. Ол үшін қайыңды жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол, сондықтан оны кептірмей, шеңбер иеді.
сағанақ – жердь
қанат – решетка
қиғаш – по диагонали
шеңбер – круг
I деңгей
1. Мәтіннен зат есімдерді теріп, жекеше және көпше түрінде жазыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
II деңгей
2. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
Сильный ветер, дождливые дни; большая сетка, массивная жердь, кожаная полоска, кожаный узелок, шестиканатная юрта, легкое дерево, не пропустит ветер.
III деңгей
Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
IV деңгей Режиссер А. Қарсақбаев «Даладағы қуғын» (С. Сейфуллин)
Оқушылар 1 – ші көріністі көреді.
1. Сөз тіркестерін есіңізге сақтап қалыңыз.
қоңақ сыйлау шаңырақ сыйлау
шаштың ағын сыйлау ақсақалды сыйлау
қарияларды сыйлау ата – ананы сыйлау
амандасу сәлемдесу
2. Шаңырақ сыйлау көзқарасы тұрғысынан қонақтың іс – әрекетіне мінездеме беріңіз.
Охарактеризуйте поведение гостя с точки зрения шаңырақ сыйлау.
ТІЛ ДАМЫТУ
А. Қарсақбаев «Даладағы қуғын» (С. Сейфуллин) “Погоня в степи”
Төртінші көрініс (четвертый фрагмент)
I деңгей
Берілген етістіктердің болымсыз түрін құрыңыз.
Образуйте отрицательные формы данных глаголов по образцу
жасыру – жасырмау үндеу – __________
сату – __________ асырау – __________
қорғау – __________ әурелеу – __________
санау – __________ айту – __________
I деңгей
Сын есімдерді есте сақтаңыз. Запомните прилагательные.
1. қайырымды – милостивый, любезный, добрый
әділетті – справедливый, правдивый
әділ – справедливый, честный
әділлет – справедливость, честность
Оқыңыз, аударыңыз. Прочитайте и переведите

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *