Жұмағали Перизат Асылбайқызы
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті,
филология факультеті 3 курс студенті
Жетекші: Сыздықова Бибі
Аннотация
Бұл мақала Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романының жанрлық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Шығармадағы мемуарлық, тарихи және көркемдік элементтер жан-жақты талданып, романның қазақ әдебиетіндегі маңызы мен орны айқындалады. Зерттеу барысында «Ай мен Айша» романының жанрлық ерекшеліктері анықталып, оның қазақ әдебиетіндегі орны ғылыми тұрғыдан сараланады.
Кілт сөздер: Шерхан Мұртаза, «Ай мен Айша», жанрлық ерекшелік, тарихи роман, мемуарлық элементтер, көркемдік тәсілдер, монолог, диалог, роман-диалогия.
Шерхан Мұртаза қазақ әдебиетінде өз орнын тапқан жазушылардың бірі.Оның шығармалары қазақ қоғамындағы тарихи және әлеуметтік мәселелерді көрсетумен ерекшеленеді. Жазушының «Ай мен Айша» романы,әсіресе ,оның роман-диалогия деп аталуы,қазақ әдебиетінде жаңашыл форма мен идеялардың қоса өрілуі ретінде үлкен маңызға ие. Романдағы екі түрлі кезең – балалық шақ пен ересек өмір оның шығармашылық жолы мен оның жеке өмірін жаңа жағынан танытты.
Мемуарлық жанрдың ең басты ерекшелігі – шығарманың негізінде нақты өмір оқиғаларының жатуы және осы оқиғалардың көркемдік тұрғыдан терең баяндалуы. Бұл жанр оқырманды автордың жеке басының, оның өмір жолының ішіне енгізіп, өткен кезеңнің тыныс-тіршілігін, сол заманның адамдарының тағдырын жақыннан сезінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, Мәриям Хакімжанованың «Ай мен Айша» романы мемуарлық жанрдың ең үздік үлгілерінің бірі ретінде ерекшеленеді.
«Ай мен Айша» романы – бұл тек бір адамның ғана емес, бірнеше ұрпақтың тағдырын, сол дәуірдің ауыр кезеңдерін көркем тілмен суреттейтін шығарма. Романның басты ерекшелігі – автордың балалық шағынан бастап, жеке өмірі мен анасының өмір жолын тереңінен бейнелеуі. Бұл оқиғалардың барлығы нақты өмір шындығына негізделгенімен, автордың шеберлігінің арқасында көркемдік бояулармен, терең психологиялық талдаулармен байытылған.
Романда автордың балалық шағындағы ойындары, оның бұзықтықтары, қызықтары шынайылықпен суреттеледі. Бұл эпизодтар арқылы оқырман кейіпкердің жас ерекшелігіне сай мінез-құлқын, оның ішкі әлемін жақсы түсінеді. Алайда, бұл балалық шаттық пен бейқамдық ұзаққа созылмайды. Романның басты драмасы – әкесінің 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырауы, анасының үш баланы жалғыз өзі өсіруге мәжбүр болуы. Бұл тарихи оқиғалардың салдарынан туындаған аштық пен қудалаудың ауыртпалықтары, ананың басынан кешкен қиындықтары өте әсерлі баяндалады. Автор анасына деген сүйіспеншілігін, оның батырлығы мен төзімділігін ерекше атап өтеді. Бұл оқиғалар – тарихи шындық пен автордың балалық шағынан сыр шертетін жеке естеліктердің ұштасқан көрінісі.
Романның тарихи сипаты оның мазмұны мен құрлымынан байқалады. 1930-1950 жыалдардағы қазақ қоғамының әлеуметтік және саяси жағдайлары шығарманың негізінде жатыр.Айша анасының үш баласымен бірге колхоздастыру науқанының құрбаны болуы,жоқшылық пен жалғыздықтың азабын тартуы тарихи шындыққа негізделген. Мысалы, Мұртазаны түн ортасында күшпен алып кеткендегі,сол сәттегі Айшаның зары мен кішкентай Барсханның ішіндегі қорқынышы суреттеледі. Сонымен қатар, романда ұлы тұлға Бауыржан Момышұлының бейнесі көрініс табады. Оның ауылға келуі, соғыс жағдайын сипаттауы, тіпті, оның киімінің өзінің сипатталуы тарихи шындық болып табылады. Ауыл тіршілігінде жүрген әйелдердің күйеуін, баласын сарғая күтіп, олардың зар-мұңын шебер көрсетіу тарихи-мемуарлық роман екенін дәлелдейді. Мұртазаны «ұлтшыл» деген айыппен алып кеткеннен кейінгі биліктің оның отбасына көрсеткен қысымы, колхоз басшысы Тасбеттің кішкентай Барсханға көрсеткен қорлығы да қазақтың қиын,әділетсіз күндерін көрсетеді.Одан бөлек, Мыңбұлақ ауылына жиырма шақты немісті әкеліп,әр отбасыға қинап қоныстандыру «ұжымдастыру» саясатының бір бөлігі ретінде көрініс табады.Бұл оқиғағалар романдағы тарихи факт.Бұл тарихи оқиғалар арқылы автор қазақтың қиын-қыстау күнедрімен өзінің азапты балалық шағын суреттйді.
Шерхан Мұртза «Ай мен Айша» романының құрылымы оның көркемдік ерекшеліктерінің бірі. Роман бірнеше бөлімнен тұрады.Әр бөлімде әртүрлі жеке оқиғалар қарастырылады. Бұл құрылым оқиға динамикасын арттырып, оқиғаны қызықтыра түсіп, әрбәр оқиғаны терең түсінуге мүмкіндік береді.
Шерхан Мұртаза романда көркемдік ерекшеліктерді шебер қолданады.Табиғат суреттері мен кейіпкерлердің ішкі монологтары арқылы оқиғалар тереңдетіліп,олардың психологиялық порттері айқындалады.
«Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай бұлттың ішіне сүңгіп кетті де жетімдіктің алғашқы дәмін татқандай болдым»[1].
Осы үзінді де Барсханның әкесін алып кеткеннен кейінгі оның ішіндегі сезімді табиғатпен астастырып,алаңсыз өтіп жатқан балалық шағының соңғы уақытын Айдың бейнесі арқылы бейнелейді.
«Анада Əулиеатаға кетіп қалып екі апта жүргенімде, осы таулар көзден таса болғанда, сағыныштан əрең шыдап едім. Ендігі күнім не болады? Екі аптаға емес, белгісіз мерзімге кетіп барамыз. Мен құсалықтан өлетін шығармын. Айналайын Тəңіртау! Ая мені. Кетіп қалды деп қарғама. Дүние осылай боз боран бола бермес. Түзелер. Жуанқұл мен Тасбеттер мəңгілік емес қой. Олар да тұғырынан таяр. Ақ жарылқап заман туып, азап қарыған арқамыз жылынар да жадырар» [1].
Бұл үзінді де туған жерге қимастық пен сағыныш көрінеді.Заманның түзеліп,әділетсіз өмірдің аяқталуына үміт етіп,Тәңіртауға қарайды.
Міне осы үзінділерден автордың романда кейіпкердің ішкі әлемін оқырманға жеткізу үшін табиғатпен астастырып жазған.Табиғаттың осы түрі психологиялық сипаттамалармен байланыстырылады,яғни кейіпкердің ішкі толғанысы мен сенімдері табиғатқа сөзбен жеткізіледі.Шерхан Мұртаза әрбір сәттегі кейіпкердің басынан өтіп жатқан оқиғаларды оқырмағанға ерекше сезіммен жеткізу үшін ішкі монологтар мен символикалық бейнелерді қолданған. Осы арқылы кейіпкердің рухани жағдайы ашылып,романға жанрлық ерекшелік береді.
Шерхан Мұртаза романаның тағы бір маңызды ерекшелігі-автордың өзімен жүргізген монологтары. Монолог-шығарманың жанрлық ерекшелігі толықтырып,оны тереңдетеді.Автордың ішкі монологы арқылы ол тек өткен өміріне, анасының тағдыры мен өзінің қалыптасуына ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның рухани күйіне, оның моральдық дағдарысына да көз жүгіртеді.
«Ай мен Айша» романы екі бөлімнен тұрады.Оның екі негізгі бөлімнен тұратындығы мен әр бөліктің өз алдына жеке, бірақ бір-бірін толықтыратын әңгімелесу тәсіліне негізделген.
Романның бірінші бөлімі автордың балалық шағын,анасының өмірін,қиын кезеңдерді бейнелесе,екінші бөлігінде автордың ересек шағы мен сол өткенді түсінуі,жаңа өмірі,жаңа қиындылықтары көрсетідледі.Бұл екі бөлім романды тұтас бір жүйе ретінде көрсетіп,әрбәр кезеңнің маңызын түсінуге мүмкіндік береді.
Ай мен Айша бейнелері қазақ әдебиетінің терең философиялық және мәдени-рухани болмысын ашады. Шығарма тақырыбындағы зерттеулер әлі де тереңдей түсуді қажет етеді. Әдебиеттанушылар мен зерттеушілер үшін бұл тақырып мәдени мұра мен рухани құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге көмектеседі. Ай мен Айша – қазақ әдебиетінің айнасы, ол арқылы біз ұлттық ерекшеліктерімізді, халқымыздың рухани құндылықтарын танимыз.
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы – қазақ әдебиетінің тарихи-мәдени дамуына ерекше үлес қосқан туынды. Бұл шығарма жанрлық тұрғыдан алғанда қазақ прозасындағы шекараларды кеңейткен, әдебиетке тың леп әкелген шығарма болып табылады. Романның басты ерекшелігі – оның көпқырлы жанры, яғни тарихи, мемуарлық, философиялық және көркемдік элементтердің бір-бірімен табиғи түрде ұштасуы. «Ай мен Айша» романының негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының ауыр тағдыры, соғыстан кейінгі кезеңдегі қиындықтар, тұрмыстың ауыртпалығы жатыр. Шығармада бұл кезеңдер тек суреттеліп қана қоймай, адамдардың сол замандағы ішкі сезімдері мен рухани әлемі де шынайы бейнеленеді. Осы арқылы автор сол кезеңнің тарихи көрінісін ғана емес, ұлттық рухтың беріктігін де танытады.Романның басты кейіпкері Айша ана образы арқылы қазақ әйелдерінің өмірлік күрескерлігі, төзімділігі мен мейірімділігі көрініс тапқан. Айша – тек бір отбасының анасы ғана емес, ол бүкіл қазақ халқының символы. Ана бейнесі арқылы автор қазақ әйелдерінің бейнетке толы өмірін, олардың отбасы мен ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, рухани беріктігін шебер суреттейді.Шығарманың тағы бір құндылығы – оның мемуарлық сипаты. Романда Шерхан Мұртаза өзінің жеке өмірінен алынған естеліктерді қолдана отырып, шығарманы шынайы әрі әсерлі ете түскен. Бұл әдіс оқырманның шығармамен жақын байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Автордың бала күніндегі естеліктері мен анасына деген сүйіспеншілігі арқылы оқырман өз өмірімен ұқсастықтарды таба алады, сол арқылы шығарманың мазмұны оқырманға жақындай түседі. «Ай мен Айша» шығармасында философиялық ойлар да басым. Автор өмірдің мәнін, адамның тағдыры мен ерлігін, махаббат пен жауапкершілік мәселелерін тереңнен қозғайды. Бұл философиялық тұжырымдар романның мазмұнын байытып, оны оқырман үшін терең әрі өзекті етеді.Романның көркемдік тәсілдері де жоғары деңгейде орындалған. Кейіпкерлердің портреттік сипаттамалары, диалогтар мен монологтардың қолданылуы – барлығы да шығармадағы оқиғалардың эмоционалды әсерін күшейтіп, кейіпкерлердің ішкі әлемін тереңірек ашады. Шерхан Мұртаза өз шығармашылық шеберлігінің биік деңгейінде кейіпкерлерді барынша шынайы, нанымды бейнелейді. «Ай мен Айша» романының қазақ әдебиетіндегі орны ерекше. Бұл туынды тек өткенді бейнелеп қана қоймай, бүгінгі ұрпаққа рухани мұра ретінде қызмет етеді. Шығарма ұлттың рухани құндылықтарын сақтауға және келешек ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол ұлттық тарихты, салт-дәстүрлерді және адами құндылықтарды насихаттайды.
Қорыта айтқанда, Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы – қазақ әдебиетінің биік белестерінің бірі. Оның жанрлық көпқырлылығы, көркемдік тәсілдері, тарихи-мәдени мазмұны қазақ халқының рухани мұрасын байыта түседі. Бұл шығарма әрбір оқырманның жүрегіне жол табатын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мәңгілік туынды болып қала береді. Романның тәрбиелік, танымдық және рухани мәні оны қазақ әдебиетінің ажырамас бөлігі ретінде жоғары бағалауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Мұртаза Ш. Ай мен Айша. – Алматы: Жазушы, 1991. – 320 б.
- Қирабаев С. Қазақ әдебиеті: XX ғасыр. Алматы: Атамұра, 2001. – 304 б.
- Әлімбаев М. Шерхан Мұртаза шығармашылығы. Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 152 б.
- Жұмабаев М. Қазақ романының тарихы. Алматы: Ғылым, 2008. – 320 б.
- Сыздықова Р. Қазақ әдебиетіндегі мемуарлық жанр. Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 200 б.