Тәуелсіздік жұлдыздары
Жолтаева Жұмагүл Жакуповна
Мақсаты: 1) Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, толықтыру
2) Ойлау, көпшілік алдында еркін сөйлеу, тез әрі дәл жауап беру
дағдыларын дамыту
3) Патриоттық тәрбие беру
Сабақ түрі: Білім сайысы
Көрнекілік: жұлдыздар, озат, екпінді оқушылардың есімдері, қимақағаздар
- Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақтың ұранын айту
Біз – жастармыз, ел ертеңі сол жастардың қолында,
Қай істе де аянбаймыз Отан – ана жолында!
- Қазылар алқасын сайлау
Мектеп мұғалімі – Бесбаева А.Ұ
- Мақсатымен, жоспарымен таныстыру
1-тур: Бәйге
2-тур: Ұлы сегіздік
3-тур: Жорға
- Кіріспе бөлім
- 1991 ж 16-желтоқсан қандай мереке?
- Бүгінгі білім сайысы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналады. Берілетін сұрақтардың көпшілігі Қазақстан Республикасы, оның тарихы, географиялық орны, тәуелсіз 20 жылдағы жетістіктері, рәміздері т.б. туралы болмақ.
- Егеменді қазақтың ұланысың,
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны.
Үміттерін ақтайтын аға ұрпақтың,
Самғайтын биіктерге, сен – қыраны.
Білім деген — биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген – ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп сайысымызды бастаймыз
- Негізгі бөлім
І тур: Бәйге
Бұл турдың шарты мынадай: оқушылар бір-бірден сұрақ таңдап алып, жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай алады. Жауабы дұрыс болмаса, басқа оқушы жауап беріп, өзіне ұпай қосуына болады.
Бүгінгі күн сайыста,
Сен ешкімнен қалыспа.
Біліміңді көрсетер
Сұрақтарға жауап бер – деп 1-турымызды бастаймыз
1-сұрақ: 1993 ж 15-қарашада қандай тарихи оқиға болды?
2-сұрақ: 1991 ж 1-желтоқсанда қандай тарихи оқиға болды?
3-сұрақ: 2006 ж ж 6-қаңтарда қандай тарихи оқиға болды?
4-Сұрақ 1998 ж 6-мамырда қандай тарихи оқиға болды?
5-сұрақ 1986 ж 16-желтоқсанда қандай тарихи оқиға болды?
6-сұрақ 1997-жыл қандай жыл?
7-сұрақ 1999-жыл қандай жыл?
8-сұрақ 2000 жыл қандай жыл?
9-сұрақ 1995 ж 30-тамызда қандай тарихи оқиға болды?
10-сұрақ 1997 ж 22-қыркүйекте қандай тарихи оқиға болды?
11-сұрақ 1992 ж 4-маусымда қандай тарихи оқиға болды?
ІІ тур: Ұлы сегіздік
Тақтада көрініп тұрған 8 сала бойынша 10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар цифрлардың астына жасырылған. әркім өзі таңдаған сұраққа жауап беріп, дұрыс жауап берсе, көрсетілген ұпайды иемденеді.
- қазақ тілі
- математика
- тарих
- география
- спорт
- ертегі
- флора
- фауна
Көрерменмен жұмыс
сурет салу — оң қолыңмен – дөңгелек, сол қолыңмен үшбұрыш сал
ІІІ тур: Жорға
Әр оқушыға 5 жорға сұрағы дайындалған. Тез, әрі дәл жауап беріп, әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай жинаймыз. Бұл турда біреудің жауабы тыңдалмайды.
Міне, нағыз сыналатын кез келді,
Қарап қалма, сен де ұлес қос енді.
Шапшаңдық пен білімділік танытып,
Оза шауып, таң қалдыршы біздерді – деп Жорға турын бастаймыз
«Жорға» турының сұрақтары
5-сынып математигіне
- Қазақстан Республикасының жер көлемі –
- Қазақстан Республикасы неше мемлекетпен шекаралас?
- Тәуелсіздікті қай жылы алдық? /1991 ж 16 желтоқсан/
- Қазақстан жер көлемі жағынан БҰҰ ішінде нешінші орында?
- ҚР-да қанша қорық бар?
«Жорға» турының сұрақтары
6-сынып математигіне
- Қазақстан Республикасының президенті –
- Қазақстан Республикасы шекарасындағы теңіз
- Қазақстан Республикасының АТА Заңы қашан қабылданды?
- Қазақстан жер көлемі жағынан ТМД ішінде нешінші орында?
- ҚР-дағы халқы ең көп қала
«Жорға» турының сұрақтары
7-сынып математигіне
- Қазақстан Республикасы үшін 16-желтоқсан қандай күн?
- Тудың авторы кім? Ш. Ниязбеков
- Азия мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы
- Ахмет Яссауи мовзолейі қай қалада
- Қазақстандық алма сорты
«Жорға» турының сұрақтары
8-сынып математигіне
- 1991 ж 16-желтоқсанда тәуелсіздік алған мемлекет
- Елтаңбаның авторы кім? Ж. Мәлібеков Ш. Уәлиханов
- Үкімет үйі қай қалада?
- Үш түбірлі Қазақстан қаласы
- «Мен Нарында жүргенде, еңіреп жүрген ер едім» жолдарының авторы
«Жорға» турының сұрақтары
9-сынып математигіне
- Гимннің әнін жазған кім?
- Тудың өлшемі
- «Танимысың сен мені, мен – қазақтың баласы» өлең жолдарының авторы
- Қазақстандық геолог ғалым
- 30-тамыз қандай мереке
«Жорға» турының сұрақтары
5-сынып математигіне
- Елбасымыздың болшағымызға арналған қандай бағдарламасы бар?
- Гимннің сөзін жазған кімдер?
3.Қазақстан неше аймақтық облысқа бөлінеді?
- Тұңғыш қазақ географы
- «Қазақ деген затым бар» жолдарының авторы
«Жорға» турының сұрақтары
6-сынып математигіне
- Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
- Қазақша жыл санау бойынша биыл кіретін жыл
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
- 45 қара сөз жазып қалдырған ақын
- Мектебің қалай аталады?
«Жорға» турының сұрақтары
7-сынып математигіне
- Мұсылмандардың діні қандай дін?
- Қазақстан Республикасының символы қай аң?
- «Балалар, бұл жол басы даналыққа» өлең жолдарының авторы
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсі
- Мектепте неше оқушы бар?
«Жорға» турының сұрақтары
8-сынып математигіне
- Қазақстан Республикасының басты қаласы
- Тәуелсіздік сөзінің синонимі
- Қазақстан Республикасы солтүстікте қай елмен шектеседі?
- Ертегіге ұқсас тарихи оқиғалар
- Мектепте неше ер мұғалім бар?
«Жорға» турының сұрақтары
9-сынып математигіне
- Қазақстан Республикасының халқының саны
- Тәуелсіздік сөзінің антонимі
- Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі
- «Алтын күн аспаны, алтын дән даласы» жолдарының авторы
- Мектепте неше сынып бөлмесі бар?
«Жорға» турының сұрақтары
Көрермендерге
- Қазақстан Республикасын кім басқарады?
- Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы ел
- Тәуелсіздік сөзінде неше әріп бар?
- Қарқаралылық ғарышкер
- Мектептегі «Болашақ» ұйымында неше оқушы
- Қорытынды бөлім
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділ қазы сөз алады,
Сізге де құрметпен қло соғылады.
Қазылар алқасымен 1-2-3-орындар тағайындалып, оқушылар өз есімдерін жұлдыздарға қадайды.
- Жұлдыздарың әрқашан жоғары болсын!
- Білімділер биіктерде қалықтасын,
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туы желбіреп, алауласын,
Бәйгені сендерден ешкім ала алмасын! – деп сіздермен келесі білім сайысына дейін қоштасамыз.
Марапаттау
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718