Рөл тудырушы

Бахтияр Тұрсын
Театртанушы


Актердің рухани әлемі — оның сезім тереңдігі мен адам жанына үңіле алу қабілеті. Нағыз актер өмірдің мәнін, адамның ішкі қайшылығын, қуанышы мен қасіретін өз бойынан өткізіп, көрерменге жеткізеді. Актер әр рөлге ену үшін адамның психологиясын түсіне білуі керек. Ол кейіпкердің ішкі жан дүниесін, мінезін, мотивін зерттеп, өзін сол кейіпкердің орнына қояды. Актердің болмысы – нәзіктік пен қуаттың, сабыр мен сезімнің тоғысы. Ол сахнада өз өмірін емес, адамзаттың ортақ өмірін суреттейді. Көрермен оның ойынын көріп, қуанады, мұңаяды, толғанады. Сол сәтте актер мен көрерменнің жүрегі бір толқында соғады. Актер болмысы – өнерге, адамға және шындыққа деген адалдықтың көрінісі. Актер – тек кейіпкер емес, ол – адам жанының тілі, өмірдің тірі бейнесі. К.Станиславский: «Өнер шындығы — өмір шындығынан да шынайы»-дейді. Театр тұлғасының осы бір қанатты сөзін оқығанда музыкалық жас көрермендер театрының дарынды актері Мұхаммедсаид Бағашаровтың сахнадағы кейіптеу шеберлігі, актерлік болмысы елестейді. Мұхаммедсаидтің Сексенғали, Мұқағали образдарын талдап бұның алдында бір мақала жазғанмын. Ал бүгінгі мақаламда Мұхаммедсаидтің Абзал Қарасартовы туралы толғамақпын. Абзал Қарасартов-тарих бетінде Шәкәрімді атқан жендет болып сақталып қалды. Шәкәрімнің өлімі туралы әркім әр түрлі айтатыны белгілі. Біреулер Қарасартов атты десе, енді бірі атпады ол кісінің жазығы жоқ еді. Мұхаммедсаид бейнелеуіндегі Қарасартов-қызуқанды жендет емес, керісінше, бойында ақсүйектік қасиет бар, көзі ашық, көкірегі ояу жан. Мұхаммедсаид-Қарасартовтің өнерден хабары бар, сөз қадырын өнер қадырын түсінеді. Актер осы қылықтары арқылы кейіпкердің басқаша болмысын барынша ашты. Мұхаммедсаид-Қарасартовтың ұлғайған шағында қолыңда балдақ ұстап шыққаны әдемі деталь. Яғни, Абзалдың қолы таза емес, қолы ауыр жүк ұстап жүр деген мағынаны білдіреді. Мұхаммедсаид-Қарасартов шығармадағы оқиларды шиеленістурші, байланыстырушы, әрекет тудырушы. Актер аталған рөлінің көкейкесті мақсатын жақсы түсінді.Мұхаммедсаид-рөл тудырушы актер. Ол қай кейіпкерді нұсқаласа да, сол кейіпкерінің болмысына жан-дүниесіне үңілмей қоймайды. Владимир Высоцикий: «Актер-қолы тиегеннің бәріне жан бітірту керек»-дегендей, Мұхаммедсаид кез-келген кейіпкеріне жан-бітіртетін актер. Актер болу – үлкен жауапкершілік. Ол рөлге еніп қана қоймай, өз өмірін кейіпкермен байланыстырады. Көрермен оның әрбір көзқарасын, әрбір қимылын, әрбір сөйлемін сезінеді. Сондықтан актердің шынайылығы мен адалдығы оның өнерін бағалауда шешуші рөл атқарады. актер – қоғамның айнасы. Ол кейіпкерлер арқылы адамдардың ой-пікірін, өмірге көзқарасын, эмоцияларын көрсетеді. Көрермен кейде актердің рөлі арқылы өз өмірін, қателіктерін немесе армандарын түсінеді. Сондықтан актер тек орындаушы ғана емес, сонымен бірге ұстаз, психолог және философ та болуы мүмкін. Міне, актерге осы қасиеттер де, маңызды. Мұхаммедсаид Бағашаровтың Қарасартов бейнесі-ішкі жан-дүниесі арпалысқан, өмірі қара тартыстармен арпалысқан кейіпкер. Мұхаммедсаид-Қарасартовтың ұлғайған кезінде де, жалындаған жастық кезеңінде ұтымды бейнеледі. Мұхаммедсаид Бағашаровтың кейіпкерлерін көруге асығайық!

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх