ҚазҰУ докторанттары халықаралық симпозиумда түркі әлемінің мәдени байланыстарын талқылады

2025 жылдың 23 қазан күні Өзбекстан Республикасының Халықаралық Исламтану академиясында «Философия, мәдениет, түркітілдес мемлекеттердің қарым-қатынасы: тарихы, бүгіні және болашағы» атты VI Халықаралық симпозиум өтті.

Аталған беделді ғылыми жиынға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2-курс докторанттары Әділжан Гүлдана мен Бейсембаева Айман қатысып, ғылыми баяндама жасады.

Докторанттардың зерттеу жұмыстары кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызының, доцент, аға оқытушы Мұқан Нұрзаттың және Мира Рашидқызының ғылыми жетекшілігімен дайындалған.

Симпозиум барысында түркітілдес мемлекеттердің философиялық және мәдени мұралары, олардың қазіргі кезеңдегі интеграциялық үрдістері мен ынтымақтастық бағыттары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар түркі елдерінің әлеуметтік, мәдени және рухани байланыстарын дамыту мәселелерін ғылыми тұрғыда саралап, ортақ идеялар мен ұстанымдарды бөлісті.

Бұл іс-шара ҚазҰУ жас ғалымдарына халықаралық ғылыми кеңістікте өз зерттеулерін ұсынуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және түркі әлемінің рухани бірлігін нығайтуға үлес қосуға мүмкіндік берді.

Құрманалиева А., Балтымова М., Мұқан Н., Әділжан Г., Бейсембаева А.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
https://farabi.university/

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх