Сарсенбекова Алма Алтаевна
Сабақтың мақсаты: Табиғат ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мазмұнын ашу.Оқушылардың табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру «табиғат» ұғымын түсіндіру.
Білімділік: Балалардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту.
Дамытушылық: Табиғатқа, туған өлке әсемдігіне сүйсіну, қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту, тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге деген ынтасын артыру, өз бетімен жұмыс істеуге,ұқыптылыққа, үнемшілдікке,тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Табиғат көрністері, құстар, ағаштар, т.б
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Жұмыс орнын сабаққа дайындау. Оқушыларды сабаққа қатысуын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам — табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы — Көкшетау», «Жер жаннаты — Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалға, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді келеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы — осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Сабақ бекіту: Біз бүгін табиғат туралы білдік.Еске түсірейік, олар қалай аталады. Тіпті біз өзімізде қағазбен жұмыс жасап көрдік.
Қортынды: -Бүгін сендерге сабақ ұнадыма?
-Көңіл күйлеріңіз қалай?
Бағалау: Оқушылардың жасаған жұмысына байланысты, ұқыпты жасауына байланысты бағалаймын.