Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Примжар Камшат


Қысқа мерзімді сабақ  жоспары

Үйірменің атауы. Шешендік өнер
Үйірме жетекшісі: Примжар Камшат
Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбаев « Ғылым таппай мақтанба»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) О3.Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.

Т6 материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

Сабақ мақсаттары

 

 

Барлық оқушылар: шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсінеді,сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көбісі: шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсініп, тақырыбын анықтайды

Оқушылардың кейбірі : шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды талдайды, өз көзқарасын білдіреді

Бағалау критерийі ·       Өлеңнің тақырыбын анықтайды

·       Өлеңнің мазмұнын түсінеді

·       Өлеңде айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді

Дескриптор ·       Адам бойындағы жаман және жақсы қасиеттерді біледі:

·       Өлеңнің мазмұнын түсінеді

·       Цитататлармен жұмыс жүргізе алады

·       Мәтінде кездесетін кейбір сөздердің мағынасын ашады

·       Қорытынды ойын сипаттап айтады

Тілдік мақсаттар Оқушылар:  

Пән лексикасы және терминология:өнер, білім, көзі ашық, жаман, жақсы қасиеттер, бес асыл іс, бес жаман іс т.с.с

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Менің ойымша…., мен оны былай түсіндіремін….., себебі….., оған мынандай дәлел келтіре аламын…., мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,

Құндылықтарға баулу Адамгершілік, адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалау, білім, ғылымға деген құштарлық және оны бағалау
Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың

басы

7 мин.

 

  1.  Ұйымдастыру кезеңі

«Ыстық алақан» тренингі.

Психологиялық ахуал орнату.

Оқушылар сәлемдеседі, бір- біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Мен бүгін сабақта саған … тілеймін.

 

2.Үй тапсырмасын тексереді.«Сиқырлы сандық» ойыны (сандықтың ішінде тақырыпқа сай сұрақтар болады).

1.Абай Құнанабаев қашан,қай жерде дүниеге келген?

2.Абай  Құнанабаевтың шын аты кім?

3.Оны кім Абай деп атап кеткен?

4.Абай жас кезінен қандай болып өсті?

5.Қайдан білім алды?

6.Семейде кіммен танысты?

7.Қандай орыс классиктерінің шығармаларын оқыған?

8.Кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

9.Крыловтвн қандай мысалдар аударған?

10.Ақынның қара сөздерінің саны қанша?

Бағалау критерийі:

Алдыңғы білімді еске түсіреді, жинақтайды

Дескриптор:

-Алдыңғы алған білімі бойынша сұрақтарға жауап береді

-Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды

«Ыстық алақан»

тренингі

 

 

 

 

 

 

Мұғалім өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

Абай Құнанбаевтың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Жаңа сөздермен жұмыс.( түртіп алу жүйесі бойынша)

Ғылым- наука

Мақтанба — не хвались,не гордись,

Баптанба- не успокаивайся

Ойнап босқа күлуге- бесцельно не проводи время,

Бол- остерегайся

Терең ой- глубокая мысль

Асық  бол- спеши, торопись

Талап – стремление

Жамандықтан жирену- отрекаться от плохого

Біреу үшін- ради другого

Тұл – ничего не значит

Көңіл-желание

Қанағат –довольствовать тем, что имеешь

Болмасаң да ұқсап бақ- подражать

Өсек- сплетни

Өтірік – ложь

Еріншек – лентяй

Дұшпан-враг

Өлеңді оқушыларға шумақ бойынша тізбектеп оқыту, мазмұнын ашу.

Топтық  жұмыс.

1 топ. Семантикалық картаны толтыру.

Тақырыбы авторы жанры Түйінді ой Негізгі

идеясы

 

2 топ. Мағынаны тану стратегиясы.

Бес асыл іс Бес дұшпан Қоғамға қандай

адамдар қажет?

 

3 топ. Еріншек пен еңбекқордың арасында диалог құрастыру

Бағалау: «Топтық жұмысты» стикерлер арқылы бағалау

 «Адасқан сөздер» әдісі

«Ғылым таппай мақтанба» тақырыбы бойынша шашылып берілген  сөздерді дұрыс жазып, тиісті тыныс белгісін қояды.

Дескриптор:

Шашылып берілген сөздердің орын тәртібін дұрыс орналастырып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазады

Тиісті тыныс белгісін қояды

ҚБ. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  соңы

 

Кері байланыс «Гамбургер» әдісі

ü  Жағымды ахуал

ü  Жағымсыз ахуал

ü  Сыни пікір

Үй тапсырмасы: үзіндіні жаттау.

 

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх