Жартыбай Нұргүл Оразәліқызы
Сабақтың мақсаты:Абаайдың көптеген әңгімелерінен өлеңдерінен үнемі оқып танысып отыруға өалыптастыру.
Сабақтың міндеті: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін оқуға деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылық:Оқушылардың сана –сезімін жетілдіру,шығармаға бейімділігін арттыру.
Көрнекілігі: Әдеби кітаптар,ертегілер,суреттер,плакаттар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сұрақ-жауап,
Сабақтың барысы:
Үйымдастыру кезеңі,
Оқушыларды түгендеу,
Үй тапсырмасын қайталау
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
Жаңа сабақ: Абай мен Қиясбай.
Қиясбай жайында қазіргі Абай ауданында,Семей,Жаңа Семей қаласында тұратын елде толып жатқан қызықты әңгімелер айтылады.Қиябай әңгімесінің кейбіреулері Абайға жанасып жатады.Қиясбай кейде бала сияқты аңқау,кейде тапқыр,күлдіргі жігіт бейнесінде айтылады.
Қиясбайдың бала мінезді істерін Абай жақсы көреді екен. Қиясбайды түсінбейтіндер «есуаус», «жынды», «ессіз» деп, неше түрлі ат тағып ,оны кісі
Есебіне алмаса, Абай Қиясбайды қасына отырғызып,оның сөздерін қызықтап,рахаттанып күләп отырып тыңдайтын болған.
Қиясбай сыбызғышы болыпты.Оның қонышында жүретін ырғайдан ойып ,өңешпен қаптаған сыбызғысы болады екен.
Бір күні Қиясбай сыбызғысын тартып келе естіп, бір жігітке :
— Ана Қиясбай келеді,шақыр — депті.
Қиясбай келіп отырғаннан кейін, Абай:
— Қиясбай сені ақын дейді ғой.өлең айтшы, — депті. Қиясбай сыбызғысын ойнап,өзінше өлеңдетіп қоя беріпті.
Ақ сиырдан туады жирен айғыр,
Қойға қасқыр шабады шоқаң-шақаң.
Көктен жауып келеді боталы інген,
Буынғаным белімде сексен айғыр.
Абай көзінен жас аққанша күліп,өлеңін қайта айтқызбапты.
2-сабақ
Сергіту сәті:
Ойларын жинақтау:
Тобықтының шынжыр балақ,шұбар төс шонжарлары Абай үйінде мәжіліс құрып отырады.Осы мәжіліс үстінде кенет Қиясбай кіріп келеді.Ешкім оны келдің –ау,кеттің-ау деп елемейді.Қиясбай сәл бөгеліп тұрады да:
—-Уа ,игі жақсы тақсырлар,—-дейді дауыстап,—Абай ағамда оңаша айтарлық шаруам бар.Барлығың да шыға тұрыңдар!
«Мына неме не дейді» дегендей төрде отырғандар терісіне сыймай,Абайға қарайды.
Абай:
—Ия,Қиясбайдың оңаша айтарлық шаруасы болса,шыға тұрыңдар,—дейді.
Жұрт амалсыздан дүрлігіп сыртқа беттейді.
—-Немене,Қиясжан?—дейді Абай оңаша қалған соң.
—Абай аға,маған ұрыса көрмеңіз,жаңағылар мені адам құрлы көрмейді.Соларға өзімнің күшімді көрсетейін деп,әдейі айтып едім,—дейді Қиясбай.
—-Қияс,ризамын,тапқырлығың үшін қой берейін,алып кете аласың ба?—дейді Абай ішегі қатқанша күліп.
Алып кететін несі бер,—дейді Қиясбай қулуана жымиып.
—Абай ағам өңгертеді деймісің,айдатады да жібереді.
—«Сөз тапқанға қолқа жоқ»,—деп,Абай оған он шақты қой айдатып жіберіпті.
Қорытынды:
- Абай Қиясбайды не үшін жақсы көреді?
- Абай аталарың туралы не білесіңдер?
Үйге тапсырма:Абай мен Қиясбай оқып келу.
Бағалау:Балалар рахмет назарларыңа,сау болыңдар!