Түрлі түсті қағазбен жұмыс

Карабалаева Гульжанар


Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қағаз туралы түсінік бере отырып,осы өнер түрін орындаудағы түрлі-әдіс-тәсілдермен таныстыра отырып,композиция құрастыра білуге үйрету.Түрлі-түсті қағазбен жұмыс істеу барысында қиял мен талғамды дамыта отырып,шығармашылық арқылы өзінің ең жақын деген адамына қуаныш сыйлауға үйрету.

Білімдік мақсаты: Оқушыларға түрлі түсті қағаздан әр түрлі жасауға үйрету,қауіпсіздік ережесін сақтауды қалыптастыру..

Дамытушылық мақсаты:Түрлі түсті қағаз түрлерімен таныстыру,оларды қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,әңгімелеу.

Пән аралық байланыс:Бейнелеу,технология,өсімдіктану.

Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: Түрлі түсті қағаз,желім,өшіргіш,карандаш,сызғыш,үлгі ретіндегі көрнекіліктер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ

4.Қорытынды

Гүл-қандай ғажап десеңізші.Гүл табиғаттың қазынасы,халық байлығы.Гүлдер бізге оттегі шығарып қана қоймай,адам айналасындағы қоршаған ортаның биаймағын тазартады.Гүлде тіршілік иесі-ол адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп жетіледі.Табиғаттың бар әсемдігі гүл бойынан табылады.Әр гүлдің белгілі өз мағынасы бар.

Гүл жасаудың 2 тәсілі бар.

1.Оригами деген-Қағазды бүктеу арқылы бұйымдар жасауды оригами дейді.

2.Квиллинг деген-Қағазды ширату тәсілмен гүл жасау.

Қағаз-біреулер үшін тек жазу және сызу құралы болса,енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық.Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады.

Ал, ендеше балалар,бүгін біз түрлі түсті қағаздан гүл жасаймыз.Түрлі түсті қағазды қолымызға алып,бірнеше төртбұрыш шығу үшін оны бірнеше рет бүктеп қиямыз.Қолымызға желім алып,қиылған төртбұрышты қағаздардан гүлдің күлтесін жасаймыз.Жасалған бірнеше күлтелерді бір-біріне қосып,гүл шығарамыз.Енді,сабағын,жапырақтарын жасыл түсті қатырма қағаздан жасаймыз.Оны гүлге бекітеміз,міне гүл дайын.

Сабақты бекіту.

-Қағаз деген не?

-Гүл жасаудың қанаша тәсілі бар?

-Гүлдер туралы мақал-мәлетдер білесіңдер ма?

Қорытынды.

Гүлдерді толық аяқтап,ооқушыларды бағалап,үйге тапсырма беру,жақсы сөз айтып гүлдерді сыйлаймыз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх