«Балабақшадағы баланы жан-жақты дамытудағы құндылықтар жүйесі және оны іске асыру жолдары» (семинар — тренинг)

Есжанова Әсет Базарғалиқызы
«Ақбота» бөбекжай – балалар бақшасының педагог-сарапшы санатындағы, тәрбиеші

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы


Мақсаты:
Тәрбиешілерге баланы жан-жақты дамытуда құндылықтар жүйесінің маңызын түсіндіру және тәжірибеде қолдану жолдарын ұсыну.
Семинардың құрылымы
I. Ұйымдастыру бөлімі

Жүргізуші:
– Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Бүгін біз өте маңызды, өзекті тақырыпқа жиналдық. Бұл – бала тәрбиесінің негізі болатын құндылықтар жүйесі. Семинарымыздың мақсаты – осы құндылықтарды дұрыс түсініп, оларды балабақшада жүйелі түрде жүзеге асыру жолдарын талқылау.

Сергіту сәті (тренинг):
“Құндылықты таңда”
• Қатысушыларға түрлі құндылықтар жазылған парақтар ұсынылады. Олар қандай құндылыққа жататынын тауып, тақтаға жабыстырады.

  1. Теориялық бөлім

Тақырыптық баяндама:
“Құндылықтарға негізделген тәрбие – баланың рухани-адамгершілік дамуының негізі”
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті: Тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық. Бұл құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының айналады. 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылатын болады.

Тәрбие мен оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудан бастап техникалық және кәсіптік білім беру деңгейлерінде түлектердің білім, білік және дағдыларының сипаты ұсынылады. Ұсынылған құндылықтар жүйесін педагогтер сынып сағаттарын мақсатты түрде жоспарлауда және күнделікті сабақ мазмұнына кіріктіруде қолдана алады. Бұл білім алушылардың бойына құндылықтарды дарытуда және олардың табысты әлеуметтенуіне, зияткерлік және тұлғалық дамуына, сондай-ақ Қазақстанның болашақ азаматтарының кәсіби қалыптасуына ықпал ете алады.

Тәуелсіздік және отаншылдық:

Мектепке дейінгі ұйым түлегі

  • Отан, ел, туған өлке туралы білу • Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін білу • Мемлекеттік тілді білу • Ұлттық мерекелер, ойындар, дәстүрлер туралы білу • Табиғатқа қамқорлық таныта білу

Бірлік және ынтымақ:

Мектепке дейінгі ұйым түлегі

  • Отбасында, балабақшада қауіпсіз мінез-құлық нормаларын білу • Басқа балалармен сөйлесуге және олармен ортақ тіл табуға дайын болу • Ойы мен сезімдерін білдіре алу қабілетінің болуы

Әділдік және жауапкершілік:
Мектепке дейінгі ұйым түлегі

  • Жауапты болу • Уәделерді орындай білу • Адамдар барлығы әртүрлі екендігін білу, түсіну

Заң және тәртіп:

Мектепке дейінгі ұйым түлегі

  • Мінез-құлық нормалары мен ережелерді білу. • Үлкендерге құрмет көрсету • Үйде, балабақшада, қоғамда өзін дұрыс ұстай білу

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік:

Мектепке дейінгі ұйым түлегі:

  • Үйде, топта қарапайым істерді орындауға көмектесу • Үй жануарларына, үй өсімдіктеріне күтім жасау • Өзіне-өзі қызмет көрсету

Жасампаздық және жаңашылдық:

Мектепке дейінгі ұйым түлегі

  • Өзі туралы, қоршаған әлем туралы және ондағы орны туралы қарапайым түсініктің болуы • Шығармашылық қиялға негізделген өнертабысқа қызығушылық таныту • Сурет салуға, модельдеуге, дизайнға қызығушылық таныту • Тапсырмаларға шығармашылықпен қарау, өз шешімдері мен идеяларын ұсыну • Алған білімдерін жаңа нәрсе жасау үшін қолдану • Жаңа тәсілдемелер мен технологияларды қолдануды талап ететін балалар жобаларына қатысуға дайын болу

III. Тәжірибелік бөлім

1. Топтық жұмыс:
Қатысушылар 3-4 топқа бөлініп, келесі сұрақтар бойынша талқылау жүргізеді:
• Қай құндылықты балабақшада ең алдымен қалыптастыру керек деп санайсыз?
• Сол құндылықты бала бойына дарытудың 2–3 тиімді әдісін ұсыныңыз.
• Күнделікті тәрбие жұмысына бұл құндылықтарды қалай енгізуге болады?

Әр топ өз жұмыстарын постер/қысқаша презентация арқылы таныстырады.

  1. Модельдік ситуация (рөлдік ойын):
    – Қатысушыларға әртүрлі жағдай ұсынылады:
    • Бала досына ойыншығын бермейді
    • Балалар арасында дау туындады
    • Бала ересекке сөз қайтарды
    – Тәрбиеші бұл жағдайларда қандай құндылықты басшылыққа алып әрекет етуі керек? Қалай түсіндіреді?
  2. Қорытынды бөлім

    Рефлексия:
    – Қатысушылардан padlet.com арқылы кері байланыс алынады.

  • Бүгін қандай ой түйдіңіз?
    • Өз тәжірибеңізге қандай жаңалық енгізгіңіз келеді?

Жүргізуші қорытындысы:
– Құндылық – бала болмысының негізі. Ал біз тәрбиешілер сол болмыстың мүсіншісіміз. Сондықтан әр қадамымыз – саналы, жүйелі әрі жүректен шығуы тиіс.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх