Отбасындағы қарым-қатынастың бала тәрбиесіне әсері

Ахатберген Ақерке Мұқанқызы
Астана қаласы.
№52 Еркетай балабақшасы

Тәрбиеші


Бала – отбасының айнасы, ел болашағының негізі. Оның тұлға болып қалыптасуы ең алдымен отбасындағы қарым-қатынастың қандай екеніне тікелей байланысты. Себебі бала өмірге келген сәтінен бастап, алғаш тәлім-тәрбие алатын ортасы – отбасы.

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы түсіністік, сыйластық пен сүйіспеншілік – баланың ішкі жан дүниесінің бай, мейірімді әрі өзіне сенімді болып өсуіне ықпал етеді. Егер отбасында жылы сөз, қолдау, бір-біріне деген құрмет басым болса, бала да өз ортасында сондай болуға ұмтылады. Керісінше, ұрыс-керіс, дау-дамай жиі болатын отбасында өскен баланың психологиясында түрлі күйзеліс, тұйықтық немесе ашушаңдық байқалуы мүмкін.

Сондай-ақ, отбасында әр баланың пікірімен санасып, оларға жауапкершілік арта білу де маңызды. Бұл – баланың тұлғалық дамуына әсер етіп, ертеңгі күні қоғамда өз орнын табуына септігін тигізеді.

Қорыта айтқанда, бала тәрбиесіндегі ең үлкен мектеп – отбасы. Сондықтан әр ата-ана өз баласына жақсы орта, мейірім мен махаббатқа толы қарым-қатынас сыйласа, ертеңгі елдің саналы азаматын тәрбиелегені.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх