Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту аясында 2025–2026 оқу жылында «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» пилоттық жоба іске қосылады. Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады: 62-сі — мемлекеттік, 38-і — жекеменшік балабақша. Бағдарлама 4–5 жастағы балаларға арналған.
Мақсаты
Балаларды еңбекке баулу арқылы еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар, еңбекке және түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету — мектепке дейінгі тәрбиенің маңызды бағыты ретінде күшейтіледі.
Мазмұны
Бағдарлама баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленген. Балалар күнделікті ойын және тәжірибелік іс-әрекет барысында әртүрлі кәсіп түрлерімен танысып, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.
Күтілетін нәтижелер
Еңбекке деген қызығушылықтың артуы;
Ұжыммен жұмыс істеу және еңбек ету қабілеттерінің дамуы;
Болашақ кәсіби бағдардың алғашқы қадамдарын қалыптастыру.
Бұл пилот мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға және баланың тұлғалық дамуына нақты үлес қосады.