Бахтияр Тұрсын
Театртанушы
Актерлік өнер – адам сезімін, мінезін, ойы мен әрекетін көрерменге әсерлі жеткізетін ерекше шығармашылық сала. Ол театр, кино, теледидар және басқа да көркемдік формаларда көрініс табады. Актердің негізгі мақсаты – кейіпкердің ішкі әлемін түсініп, оны нанымды етіп көрсету арқылы көрерменнің эмоциясына әсер ету. Актер болу үшін адам табиғи қабілетпен қатар, үздіксіз еңбектенуі керек. Ол өз дауысын, сөйлеуін, дене қозғалысын, эмоциясын бақылауды үйренеді. Актерлік шеберлікті дамытуда К.С. Станиславскийдің «ішкі әрекет», «рөлге ену» жүйесі ерекше орын алады. Бұл әдіс бойынша актер өз кейіпкерін тек сырттай емес, ішкі жан дүниесімен де түсінуі тиіс. Актер – көрермен мен кейіпкер арасындағы көпір. Ол драматургтің жазған сөзін, режиссердің ой-идеясын және өзінің ішкі сезімін біріктіріп, сахнада жаңа өмір тудырады. Актердің ерекшелігі бірнеше бағытта көрінеді. Актер әрбір сезімді (қуаныш, қайғы, қорқыныш, сүйіспеншілік) шын жүректен бастан өткеруі керек. Тек осылай ғана көрермен сенеді. Актер тек сценарийге тәуелді болмай, кейіпкердің жан дүниесін өз қиялымен байытады. Ол – суреткер, яғни рөлге шығармашылықпен қарайтын адам. Дұрыс дикция, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері – актердің басты қаруы. Әр сөз көрерменге әсер етуі тиіс. Актердің денесі – оның тағы бір тілі. Қимыл мен ым-қимыл арқылы мінезді, көңіл күйді жеткізеді. Нағыз актер түрлі жанрда (драма, комедия, трагедия, мюзикл) ойнай біледі. Ол әр рөлге бейімделіп, жаңа мінез тудыра алады. Актер өз сезімін басқара білуі, қиын эмоционалды рөлдерді сомдағанда өзін жоғалтпай, кейіпкерге толық енуі керек. Актердің жұмысы тек сыртқы орындаушылықпен шектелмейді. Ол рөлдің ішкі логикасын, психологиялық күйін, сезімдік реңін дәл түсінуі қажет. Осы қасиеттер актердің даралығын айқындайды.Актерлік өнер – адам жанының айнасы. Ол көрерменге қуаныш, қайғы, махаббат пен үміт сезімдерін сыйлап, рухани байытады. Актер еңбегі – күрделі, бірақ өте қадірлі өнер түрі. Шынайы актер болу үшін еңбекқорлық, сезімталдық және адам жанына деген үлкен махаббат қажет. Осындай махаббатпен өнерге қызмет етіп жатқан Саламат Мұқашев.
Саламат Мұқашев-бүгінгі таңдағы Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрында өзіндік орынын қалыптастырып жүрген актер. Болат Атабаев пен Асхат Маемировтің шәкірті. Студент күнінде Болат Атабаев Саламаттан және басқа да ұл қыздардан көп үміт күтті. Шығармашылық адамы еркін болсын деген мақсатта, шәкірттеріне көп еркіндік беретін. Олармен А.Чеховтің «Шағала» шығармасын сахналағысы келді. Театрдағы қадамы туған жері Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы облыстық қазақ драма театрында «Махаббат жағалауы» драмасындағы Әзиз болды. Ахтанов театрының ардагер актері М.Бақытжанов: «Райымбек Сейітметовтің ойынына ұқсайды» -деп шеберлігін жоғары бағалады. Әзиз бейнесі — туындыдағы ең күрделі әрі ойлы кейіпкерлердің бірі. Ол- ішкі жан арпалысы мен рухани ізденіс арқылы көрерменге терең ой тастайтын образ. Әзиз — күрескер рухты, әділеттілік іздеген, шындық пен мейірімнің жолында жүретін кейіпкер. Ол қоғамдағы жалғандыққа, сатқындыққа, опасыздыққа төзе алмайтын адал жан. Оның бойындағы рухани биіктік пен адамгершілік қасиеттер оны өзгелерден ерекшелендіреді. Әзиздің басты қақтығысы – ішкі және сыртқы күрес. Ол қоғамдағы әділетсіздікпен күресе жүріп, өзінің де әлсіз жақтарымен бетпе-бет келеді. Жекпе-жек- тек дене күші емес, рух пен ар-ожданның шайқасы. Драмалық тұрғыда Әзиз- оқиғаның моральдық орталығы. Оның сөзі мен ісі арқылы автор өмір, ерлік, намыс туралы философиялық ой қозғайды. Ол-көрерменге ой салатын, адамдық құндылықтарды еске түсіретін тұлға. Әзиз- «Махаббат жағалауы» драмасындағы рух пен әділеттің символы. Ол арқылы автор адам мен қоғам арасындағы күресті, ар мен намыс мәселесін көтереді.
Әзиздің образы көрерменге «шын жекпе-жек — адамның өз жүрегіндегі шайқасы» деген ой қалдырады. Аталмыш туындыдағы «Тырналар» әнің орындағанда, Әзиз-Саламат бейнесі кейіпкеріне шырай береді. Саламат Ел Астанадасындағы қос театр «Astana Musical» және «Музыкалық жас көрермен» театрларының негізін салып, өнер тарихында өзіндік ізін қалдырып жүр. «Astana Musical» театрының тұңғыш беташар қойылымы «Достар серті» келген өнерсүйер қауымды бір серпілтіп тастағаны рас. «Достар серті» — қазақ жастарының арман-мұраты, достық пен адалдық туралы музыкалық драма. Бұл мюзиклде әр кейіпкердің өз болмысы, өмірге көзқарасы, мақсат-мүддесі бар. Солардың ішінде Жұматай образы ерекше. Ол – жігерлі, арманшыл, сезімтал әрі намысқой жас. Жұматай – достықты бәрінен жоғары қоятын адам. Ол үшін серт – қасиетті ұғым. Сондықтан ол достарына берген уәдесін ешқашан бұзбайды, қандай қиындық болса да, өз сөзінде тұрады. Мюзиклде Жұматайдың бейнесі көбіне махаббат тақырыбы арқылы ашылады. Ол сүйіктісіне адал, шынайы сезімге сенеді. Оның махаббаты – нәзік те терең. Бұл сезім оның жан дүниесін байыта түседі, сонымен бірге оны өмірдің ауыр сынақтарымен беттестіреді. Жұматайдың махаббаты арқылы көрермен адам жанының тазалығын, сүйіспеншіліктің қадірін сезінеді. Саламаттың жұлдызды кейіпкерлерінің бірі «Ромео-Джульетта» мюзикліндегі Ромео болды. Саламаттың қазақ мюзикліндегі Ромео бейнесін тұңғыш жасаған актер екенін алдыңғы мақаламда айтып өттім. Ромео Саламат – махаббат үшін бәріне дайын, еркіндік пен әділдікке ұмтылған романтикалық кейіпкер. Ромеоның басты ерекшелігі – жүрегінің тазалығы. Ол дүниедегі өшпенділік пен кекке қарсы махаббат арқылы күреседі. Мюзиклдің жүрегі – Ромео мен Джульеттаның махаббаты. Бұл сезім екеуін де өзгертеді, олар өшпенділік әлемінен биікке көтеріледі. Ромеоның Джульеттаға деген махаббаты – таза, пәк және мәңгілік. Ол сүйгені үшін бәріне дайын: отбасынан, тағдырынан, тіпті өмірінен де. Олардың махаббаты – адамзаттың ең асыл сезімінің символы. Ромео – өз заманының құрбаны. Ол бейбіт өмір мен шынайы сезімге ұмтылса да, қоғамның өшпенділігі оны құрбан етеді. Саламат тек сөзбен ғана емес, ән, қимыл, дауыс, көзқарас арқылы Ромеоның нәзік сезімін жеткізеді. Актер сахнада Ромеоның махаббатын, азабын, батылдығын көрерменге сенімді сезіндіреді. Мюзиклдегі Ромео бейнесі – романтикалық кейіпкердің ең жоғары үлгісі. «Қыз Жібек» этно-мюзиклі – қазақ халқының рухани байлығын, салт-дәстүрін, адамгершілік құндылықтарын сахна арқылы танытқан классикалық туынды. Бұл мюзиклде басты кейіпкерлердің бірі – Төлеген. Этно-мюзиклдегі Төлеген бейнесі – қазақ жастарының рухани идеалы, нағыз сұлу сезім мен батыл мінездің көрінісі. Төлеген – тек ғашық жігіт емес, сонымен қатар батыр мінезді тұлға. Ол жауға қарсы тұрудан да, қиындыққа төтеп беруден де тайсалмайды. Саламат Мұқашев актерлік шеберлігі арқылы көрерменге осыны нақты айқындайды. Саламаттың Төлегені-өз заманының шектеулі ережелеріне қарсы шығып, махаббат пен еркіндікті қорғаушы ретінде кейіптеледі. Саламат-Төлегеннің өмірі – таза сезім мен әділет жолында құрбан болған тағдыр. Оның өлімі – махаббат пен адалдықтың жеңілісі емес, қайта рухани жеңісінің белгісі болып табылады. Саламат Мұқашевтің актерлік өнеріндегі ерекшелігімен көрінетін «Абай-Тоғжан» драмасындағы Ербол болып табылады. Ербол — Абайдың досы, яғни оның сырлас, сенетін адамы. «Абай-Тоғжан» драмасында, Абайдың Тоғжанға деген сезімі өршіген кезде, Ербол жанында, оның ішкі сезімін, ойларын бөлісетін серіктес ретінде беріледі. Абай Тоғжанға ғашық болған кезде сезімдері толқыныста болады. Мұндай сәттерде Ербол-Саламат оның жанында, сол сезімның толқынын бақылауға, шатасқан ой-күйлерді реттеуге көмектесетін дос ретінде әсер етеді. Тоғжан-Абай арасындағы сезім романтикалық, кейде идеалдандырылған болып көрінуі мүмкін, ал Ерболдың болуы сол идеал эмоцияны, арманды нақты өмірге, нақты адамға жақындататын, тіпті сынайтын компонент болып табылады. Ол күнделікті жағдайларда, адамдық қатынастарда, дос ретінде Абайды өмірдің түрлі сынақтарына дайындайды. Саламат осыны жақсы түсінеді. Саламат шығармашылығындағы шоқтығы биік кейіпкерлердің бірі-Е.Аманшевтің «Шәкәрім» драмасындағы-Абзал Қарасартовтің рөлі екенін көрермен жақсы біледі. Абзал Қарасартов бейнесі — заманауи қазақ драматургиясындағы психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан өте терең кейіпкерлердің бірі. Саламат нұсқалауындағы Абзал Қарасартов- қоғам мен ар-ожданның арасында қиналған, билік пен әділеттің шекарасында жүрген тұлға. Ол-Шәкәрім қажыға қарсы әрекет еткен, бірақ соның дұрыс-бұрыстығын кейін түсінетін, рухани дағдарысқа түскен адам. Саламат-Абзалдың трагедиясы-оның жақсылық пен жамандықтың арасындағы күйзелісі. Ол билік бұйрығын орындауға мәжбүр, бірақ адамдық жүрегі соған қарсы. Саламат-Абзалдың сырттай қатал, іштей азап шеккен жан екенін актерлік шеберлігі арқылы шынайы жеткізеді. Көзқарас, дауыс ырғағы, қимыл – бәрі ішкі арпалысты сездіреді. Абзал бейнесі – шындықты кеш түсінген адамның қасіретін бейнелейді. Абзал – адамның өз ар-ұжданымен жекпе-жегі, ішкі тартысы болып саналады. Абзал Қарасартов-рухани адасудың, кеш түсінген өкініштің символы. Ол- өз дәуірінің құрбаны, бірақ сонымен қатар адамдық арды іздеген тұлға.
Саламат Мұқашев-Ізденімпаз актер. Ол әр рөлін зерттеп, классикалық мюзиклден бастап заманауи драмаларға дейін түрлі жанрда ойнап, әр образға өзінше жаңалық енгізді. Атап айтар болсақ, Ромео-лирика мен романтикалық сезімді терең жеткізеді. Төлеген-ұлттық мінезді философиямен көрсетеді. Абзал Қарасартов-психологиялық қақтығысты дәл сезіндіреді. Міне, актердің аталған үш кейіпкерінен оның ізденісінің жемісі екенін байқаймыз. Актер шығармашылығына толағай табыл тілейміз!