Өтеқұлова Құндызай Әбілсейітқызы
Өңірдің ҒЗИ, ғылыми орталықтар және ЖОО мен бірлескен білім беру жобаларының нақты іске асырылуы
Қазіргі таңда білім беру саласында ғылым мен тәжірибені ұштастыру, оқу үрдісін заманауи зерттеу нәтижелерімен толықтыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осы бағытта мектеп пен өңірдегі ғылыми зерттеу институттары (ҒЗИ), жоғары оқу орындары (ЖОО) және техникалық колледждер арасында өзара ынтымақтастық орнату тиімді нәтиже беріп келеді.
Білім беру сапасын арттыру мақсатында мектеп оқушыларының ғылыми-ізденіс мәдениетін қалыптастыру, ғылыми жоба және зертханалық жұмыстарға қатысуына жағдай жасау көзделген. Осы бағытта университеттер мен колледждермен меморандумға отыру — маңызды қадамдардың бірі.
Атап айтқанда, «Ордабасы» жалпы білім беретін мектебі КММ мен Жұмабек Ахметұлы Ташенов атындағы университет АҚ, сондай-ақ №18 колледжі мен Жол-көлік колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл құжаттың негізінде төмендегідей бірлескен шаралар жүзеге асырылуда:
— Оқушыларға жоғары оқу орындарының және колледждердің зертханаларында тәжірибелік сабақтар өткізу;
— Оқушылар мен студенттерге арналған шеберлік сабақтары мен ғылыми семинарлар ұйымдастыру;
— ЖОО және колледж оқытушыларымен бірлескен жобалық және ғылыми жұмыстар жүргізу;
— Мамандық таңдау, кәсіптік бағдар беру бағытында ақпараттық кездесулер өткізу.
Сонымен қатар, өңірлік ғылыми орталықтармен өзара байланыс орнатылып, мектеп оқушыларына ғылыми жоба тақырыптарын таңдауда, зерттеу әдістемесін үйретуде әдістемелік қолдау көрсетілуде. Бұл жұмыстар оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың кәсіби бағдарын айқындауға зор үлес қосады.
Жалпы алғанда, өңірдің ЖОО және ғылыми ұйымдарымен бірлескен білім беру жобаларының нақты іске асырылуы — білім берудің сапасын арттыруға, инновациялық ойлауы қалыптасқан тұлға тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ж.А. Ташенов атындағы университет пен «Ордабасы» жббм меморандумы

«№18 колледж» бен «Ордабасы» жббм меморандумы

«Жол көлік колледжі» МКҚҚ мен «Ордабасы» жббм меморандумы