Баймақаш Жаннұр Қайратқызы
«Бала тәрбиесінде бірге болайық!»тренингі
(Ата-аналарға арналған)
Мақсаты:
- Ата-аналарды бала тәрбиесінде мектеппен тығыз байланыста жұмыс істеуге ынталандыру;
- Баланың психологиялық, әлеуметтік дамуына ата-ананың ықпалын көрсету;
- Бірлескен әрекет арқылы ата-ана мен мектеп арасындағы сенімді нығайту.
Ұйымдастыру форматы •Презентация, тренинг элементтері, топтық жұмыс
Ұзақтығы: 15–20 минут
1-БӨЛІМ: (5 минут)
Психолог:
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар!
Бүгін біз дәстүрлі жиналыстан сәл өзгеше форматта, яғни шебер-сынып түрінде жиналып отырмыз.
Біздің ортақ мақсатымыз — бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығын арттыру.
Бүгін біз бірге ойланып, пікір алмасып, тәжірибе бөлісеміз.
(Кішігірім видеоролик немесе мотивациялық цитата ұсынылады. Мысалы: “Бала – ата-ананың айнасы.”)
2-БӨЛІМ: ТАНЫСТЫРУ ЖӘНЕ МОТИВАЦИЯ (10 минут)
Жаттығу: «Мен – ата-анамын, себебі…»
Нұсқаулық: Әр ата-ана өз атын айтып, сөйлемді жалғастырады. Мысалы:
– Мен — Жанар, мен ата-анамын, себебі баламның күлкісі — менің бақытым.
Мұғалім түйіндейді:
Әрбір сөзіңізде махаббат пен жауапкершілік жатыр. Бүгін осы сезімдерімізді тәжірибемен толықтырамыз.
3-БӨЛІМ: НЕГІЗГІ ЖҰМЫС (25 минут)
а) Топтық жұмыс: “Бала мен ата-ана арасындағы диалог”
(Ата-аналар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа бір жағдаят беріледі. Мысалы:)Әр топ өз шешімін ортаға салады. Мұғалім мен басқа ата-аналар кері байланыс береді.
б) Тренинг: “Жылы сөз – жан азығы” (5 минут)
Әр ата-ана көршісіне қарап, жылы бір сөз айтады:
– Сіз жақсы ата-анасыз, себебі…
(Көңіл-күйді көтеру, атмосфераны жұмсарту үшін)
Қызықты сұрақтар:
1.Балаңыздың аты-жөні?
- Балаңыздың досы кім?
- Балаңыздың сүйікті пәні?
- Балаңыздың сынып жетекшісі?
- Балаңыздың сүйікті тағамы?
6.Балаңыздың сүйікті түсі?
- Балаңыздың қызаға оқыған кітабы?
- Балаңыздың сүйікті әншісі?
- Балаңыздың аяғының өлшемі?
- Балаңыздың хоббиі?
Сұрақ:
Сіздің балаңыз БОЛАШАҚТА қандай болуын қалайсыз?Ойыңызды жазыңыз
4-БӨЛІМ: ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ РЕФЛЕКСИЯ
Мұғалім:
Бүгін біз баламен дұрыс қарым-қатынас жасау жолдарын, ата-ананың рөлін талқыладық.
Қорытынды сөз:
Сіздердің балаға деген махаббаттарыңыз – мектеппен бірлесе отырып үлкен нәтижеге жетудің негізі. Келешек – сіздердің балаларыңыздың қолында. Ал олардың қолында сіздің үмітіңіз тұр.
Сіздің балаңыз БОЛАШАҚТА қандай болуын қалайсыз?Ойыңызды жазыңыз
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________