Назымхан Жұлдыз Асқарқызы
| Мерзімі:
16.09.2025 |
Топ | Үйірме: Қолданбалы сәндік өнер | Үйірме жетекшісі:
Назымхан Жұлдыз Асқарқызы |
|||||||||
| Сабақтың тақырыбы: | Ою – өрнек сыр шертеді | |||||||||||
| Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға ою – өрнек туралы мағлұмат беру. Қазақтың ұлттық ою – өрнектерін білуге, ою түрлерін олардың қай жерлерде қолданатынын үйрету. Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету.
Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдай білуге, өнерге қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін арттыру. Ойлау қабілетін түзету. |
|||||||||||
| Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ | |||||||||||
| Сабақтың әдісі: | Психологиялық ахуал, сұрақ-жауап, баяндау, сарамандық, «Оюлы кілемше» әдісі , « Қимыл қозғалыс» әдісі, «Сұрақ жауап» әдісі, «Бағдаршам» әдісі кері байланыс | |||||||||||
| Күтілетін нәтиже: | — Ою – өрнек туралы мағлұмат алады.
— Жұмыс істеу дағдылары, шеберліктері дамиды — Икемділікке бейімделеді — Өз бетімен жұмыс істеуге деген қызығушылығы артады |
|||||||||||
| Уақыты: | Сабақтың кезеңі | Мұғалімнің
іс — әрекеті |
Оқушының
іс-әрекеті |
Бағалау | Ресурстар мен
жабдықтар |
|||||||
| 3мин | Ұйымдастыру
Психология—лық ахуал
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқушылармен қол алысу арқылы амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. |
Оқушылар бір-бірден мұғаліммен іс-қимылдар жасау арқылы амандасады | |||||||||
| 1мин | Топқа бөлу | Екі топтан бір – бір оқушы шығып суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.
|
І-топ
«Жауқазын » ІІ-топ «Тұмарша» |
|||||||||
| 4мин | Өткен сабақты қайталау «Оюлы кілемше» әдісі | Оюлы кілемше әдісі арқылы сұрақтар жасырамын | Оқушылар оюлы хобдишаны алып,
сұрақтарға жауап береді |
|
Оюлар хобдиша сұрақтар | |||||||
| Жаңа сабақ | ||||||||||||
| 8мин | Жаңа сабақ.
Ой қозғау |
Бүгінгі тақырыбымыз
« Ою – өрнек сыр шертеді» Ою – өрнек дегеніміз не? Ою – өрнек бірнеше топқа бөлінеді: Ою-өрнек дегеніміз–латын тілінен алынған «орнамент» мағынасы сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек – ісі тым ерте заманнан бастап-аққолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Ою-өрнек түрлері төрт топқа бөлінеді: 1.Өсімдік тектес ою-өрнектер. 2.Жануар тектес ою-өрнектер. 3.Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер. 4.Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнектер. Қажетті құрал-жабдықтар: Оюлар, фетр матасы, қауырсын, әшекей тастар, ине, жіп, қайшы, ыстық желім.
|
Жаңа сабақты мұқият тыңдайды |
|
суреттер | |||||||
| 15 мин | Қауіпсіздік ережесі
Сарамандық жұмыс |
-Бөлме жарық болу керек
-Орындыққа ыңғайлы отыру керек —Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек. -Жұмыс уақытында қайшыны ұсынғанда оның жүзін жауып, сақина жағымен бер. -Қайшы өткір болуы керек. -Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды. Алдынғы сабақта ою ойып үйрендік. Сол оюларымызды пайдамызға асырайық. Оюларды екі топқа бөлінген оқушыларға таратып беру. Нұсқау карта бойынша оюдан басқа арналған төбетай бас киімін жасау |
Екі топ нұсқау картамен жұмыс жасайды.
|
Үш шапалақ
|
Нұсқау карта, оюлар, фетр матасы, қайшы, ине, жіп, ыстық желім |
|||||||
| 2мин | Сергіту сәті
«Қимыл қозғалыс» әдісі |
Слайдта көрсетілген оюды қайталау
Сынықмүйіз морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды. Қырықмүйіз ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі). |
Оюды қимыл қозғалыс арқылы қайталайды |
|
||||||||
| 4мин | Сабақты бекіту
«Сұрақ жауап» әдісі |
Парақшада сұрақтар жазылған.
1.Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді? 2.Ою-өрнектің қандай түрлерін білесіңдер? 3.Ою-өрнек қай тілден алынған және мағынасы? |
Оқушылар жеке жеке парақшалар тартылып беріледі сұраққа жауап береді |
|
Парақшалар | |||||||
| 1мин | Бағалау
«Бағдаршам» әдісі |
Оқушыларды бағдаршам әдісі арқылы бағалау.
Оқушыларға қызыл, сары, жасыл түстер таратылып беріледі тақтада тұрған бағдаршамға іледі. |
Әр оқушылар жеке жеке шығып сабақ ұнағанынбағалап отырады | |||||||||
| 2мин | Қорытынды
Кері байланыс
|
«Өнер тамған он саусақ
Үзілмейтін ырысың» дей келе сабақты қорытындылау
|
Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін білу |
|
||||||||