Қаратау өңіріндегі шегірткелердің физиологиясы

Жиенбекова Гулзада Кенесбаевна
Биология пәнінің оқытушысы
ЖШС «Кентау колледжі»


Аннотация

      Бұл ғылыми зерттеу Түркістан облысы Қаратау өңірі бойынша шегірткелердің морфологиясы, түр алуандылығы және зиянкестермен күресу әдістерін зерттеу жолдары.

Кіріспе. Қаратау –Евразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған аймақтардағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары. Алатау мен салыстырғанда Қаратауда қар жамылғысы болмайды, сондықтан осылай аталады. Қаратаудан шағын өзендер ғана бастау алып, тау алқап жазықтарында құмға сіңіп кетеді. Мұндай таулардың беткейлері тас қорымды болып келеді.

Тура қанаттылар отряды- ORTHOPTERA –денесі ұзынша созылған  сопақтау келеді, кеміргіш аузы бар, алдыңғы арқа бунағы ершік тәріздіеніп жетілген, насекомның қанаттары әр түрлі торлы , алдыңғы жұбы тығыздалып жарғаққа айналған енсіз болады.Бұл отрядқа жататын насекомдар жұмыртқаларын топтап немесе жекелеп топыраққа, болмаса өсімдікке салады. Қазақстанда кездестін түрлерінің бәрі жұмыртқа фазасында қыстайды. Отрядтың  20 000-нан астам түрлері бар ,солардың ішінде 700-ден астамы Қақстанда кездеседі.

Өзектілігі  Қаратау өңіріндегі шегірткелерді бақылау барысында, 2018 ж сәуір айының екінші жартысынан бастап , мамыр айының  бірінші жартысы күндігі аралығында шегірткелерге зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеу объектісі  ретінде кездескен мына  шегірткелердің түрі алдым.

  1. Италиялық шегіртке (Calliptamus italicus)
  2. Сұр шекшек   (Decticus verucivorus)
  3. Шөл шегіртке ( Caliptamus barbarus costa )
  4. Ұшқыш шегіртке (Locusta migratoria)
  5. Атбасарлық шегіртке (Dociostauruskrausi Ingen)
  6. Үй шілделігі (Achets domestica)
  7. Сібірлік шегіртке (Gomphourus sibiricusi)
  8. Тұраньдық шегіртке (Calliptamus turanico)
  9. Кресті шегіртке (Pararcyptera microptera)
  • Жасыл шекшек (Tettigonia viridissima)

Бұл шегірткелерді зерттеу  барысында олардың тіршілік ортасына байланысты энтомологиялық кітаптар , құрал-саймандар алып шықтық. Мысалы ұсақталған қиыршық тастардың арасында кездестін шегірткелерге  пинцет( қысқыш қолданылды. Ал шөптер мен гүлді өсімдіктерде қонып отырған шегітркелерді қораптармен, тығыны мықты шыны ыдыстарға салдым.

Зеттеудің  мақсаты Қаратау өңіріндегі кездесетін шегірткелердің тіршілік ету процессімен танысу, бірінен-бірін ажырату болмақ.

Сондықтан  да  мен олардың он түрін ғана зерттеп, олармен нақты танысып, бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екеніне зер салдық. Шегірткелердің барлығын зерттеу мүмкін емес сондықтан Қаратау өңіріндегі шегірткелердің он түріне ғана эксперименттік зерттеулер жүргіздім.Зерттеу барысында  көптеген мәліметтерге қол жеткіздім. Эксперимент  жүргізген жерлерім Кентау, Құшата, Байылдыр, Хантағы елді мекендері. Осы елді мекендерде кездескен шегірткелердің сыртқы физиологиялық ерекшеліктерін анықтауыш кітаптарға сүйене отырып анықтадым.

Эксперименттік  бөлім — зерттеуіміздің барысында осы өңірде кездесетін шегірткелерге физиологиялық өлшеулер жүргіздім. Салыстырмалы түрде шегіртелердің қанаттарының, мұртшаларының және денесінің ұзындығын өлшедім.

Шегірткелердің физиологиялық өлшемдері

Шегірткелердің түрлері Басының ұзындығы

(мм)

Денесінің ұзындығы

(cм)

Мұртша

ларының ұзындығы

(см)

Қанатта

рының ұзындығы (см)

1 Италиялық шегіртке                  (Calliptamus italicus) 1,5 4 3.5 2
2 Сұр шекшек                                 (Decticus verucivorus) 0.5 2.5 3.7 1.6
3 Шөл шегіртке                              ( Caliptamus barbarus costa ) 1.3 4 2 1.8
4 Ұшқыш шегіртке                         (Locusta migratoria) 0.5 3 4.5 4
5 Атбасарлық шегіртке                  (Dociostauruskrausi Ingen) 0.4 3 4.5 3
6 Үй шілделігі                                 (Achets domestica) 0.3 3.6 2.6 2.3
7 Сібірлік шегіртке                         (Gomphourus sibiricusi) 0.3 4 1.5 3
8 Тұраньдық шегіртке                     (Calliptamus turanico 0.7 3.2 3.4 2.6
9 Кресті шегіртке                             (Pararcypteramicroptera) 1.2 5 3.7 4
10 Жасыл шекшек                              (Tettigonia viridissima) 0.4 3 1.7 3.2

Кесте 1 .

Анықтаған шегірткенің кейбір түрлеріне тоқталсақ:

Сурет 1. Шөл шегіртке ( Caliptamus barbarus costa )

Шөл шегіртке ( Caliptamus barbarus costa )— қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі шегірткелердің бір тобы. Қысқа мұрттылардың ең маңызды тұқымдасының бірі — нағыз шегірткелер; Мысалы, шөл шегірткесінің үйірі 2400-км –ден астам ашық теңіз үстінен ұшып өтіп , солтүстік – батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен . Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері майдың соңында шығады , 35-40 күннен кейін қанаттанады. Шөл шегірткесінің әрқайсысы өз өмірінде 300 г жем жейді , ал бір аналықтың ұрпақтары бір жазда екі қойға жететін жемді жейді . Негізгі қорегі қамыс болғанына қарамай , үйір 1-2 сағат ішінде мыңдаған астық алқабын жоқ қылып жібереді , сонымен қатар капуста , қарбыз , күнбағыс және тағы басқа қоректеніп , біршама зиян келтіреді.

Сурет 2. Италиялық шегіртке (Calliptamus italicus)

Италиялық шегіртке (Calliptamus italicus)  -Қазақстанда өте кеңтаралған. Көбінесе дала, құмды дала     және шөл өңірлерінің жусан мен астық тұқымдас өсімдіктер аралас өсетін  учаскелерін мекендейді. Алдыңғы кеуде сақинасындағы аяқтарының аралығында   конус пішінді қосалқы болады. Алдыңғы арқа сақинасының бүйір қырлары   түзу. Үстіңгі қанаттарында көптеген  қара дақтар бар.Артқы қанаттарының       негізгі бөлігі және артқы сандарының         ішкі жағы қызғылт,артқы сирақтары          шымқай қызыл. Ұрғашыларының    ұзындығы 24,5-40мм, еркектері 14,5-23мм  болады. Италиялық шегірткенің личинкалары мамыр айының екінші жартысында шығып, дамуы 40-45 күнге  созылады. Осы мерзім ішінде личинкалар 5рет түлейді. Ересек шегірткелер толық қанағаттанған кейін 10-15 күн өткен соң       жұмыртқалай бастайды. Олар күбіршелерін өсімдігі селдір,топырағы  тығыз тапталған  учаскелерге, құмды жерлерге салады.
Күбіршелерінің пішіні жоғарыда     келтірілген шегірткелердікі    сияқты азда   доғаша  иілген цилиндр тәрізді,ұзындығы 41мм жетеді. Әрбір          күбіршеде 4қатарға орналасқан 30-40 жұмыртқа салады.

Сурет 3. Ұшқыш шегіртке (Locusta migratoria)

Ұшқыш шегіртке (Locusta migratoria)денесінің ұзындығы – 3 см, басының ұзындығы – 0,5 см, мұртшаларының ұзындығы – 4,5 см, қанаттарының ұзындығы — 4 см, түсі ақшыл қоңыр, алдыңғы арқа бөлімі өткір қырлы. Үстіңгі қанаттары көптеген қоңыр дақ басқан артқы қанаттары мөлдір тек түп бөлімі ғана сарғыш жасыл реңді болып келеді. Басқа шегіркелер сияқты жұмыртқаларын күбірше ішіне салады. Күбіршедегі жұмыртқа саны 55-80-ге дейін жетеді. Бұлар көбінесе жасыл өсімдіктері мол жерлерді мекендеп, сол жерлерге зиянын тигізеді. Ұшқыш шегірткелердің негізгі ұялайтын жерлері қамыс пен құрғақ  шөптердің арасы болып табылады. Зерттеу барысында эксперимент жүргізген жерлердің  барлығында кездесті.

Сурет 4. Жасыл шекшек  (Tettigonia viridissima)  

Жасыл шекшек  (Tettigonia viridissima) — Tettigoniidae. Қылшық тәрізді ұзын мұртшалары көздің төменгі шетінен жоғарырақ деңгейге орналасқан ірі насекомдар. Аяқтарының табан белімі 4 бунақты: ұрғашыларының жұмыртқа салғыш қынабы қылыш немесе орақ тәрізді болады. Жұмыртқа фазасында қыстайды. Жұмыртқаларын топыраққа, өсімдікке немесе ткань ішіне жекелеп, болмаса азғантайдан топтап салады.

Шекшектің көпшілігі жыртқыштар, кейбіреулері өсімдік текті қоректік заттарды ұнатып, ауыл шаруашылық дақылдары мен ағаш өсімдіктеріне зиян келтіреді.

Сурет 5. Үй шілделігі    (Achets domestica)

Үй шілделігі    (Achets domestica)– тікқанаттылар отрядының ұзын мұрттылар тармағына жататын жәндіктер. Шілделіктерді шырылдауық шегірткедеп те атайды (үстіңгі қанаттарын бір-біріне үйкеу арқылы дыбыс шығарады). Бұлардың түсі қара, қоңыр ,мұртшалары ұзын, көп буынды. Көпшілік түрінің есту мүшесі алдыңғы аяғында орналасқан, аналығының жұмыртқа салғыш қынабы ұзын болады. Жұмыртқаларын жердің астына, өсімдік жапырақтарына, сабақтарына салады. Негізінен дернәсілдері қыстап шығады. Ең жиі кездесетін түрлері:  үй шілделігі (Acheta domestіca), оның дене тұрқы 16 – 21 мм болады. Шілделіктер дәнді бұршақ дақылдарының, қант қызылшасының, темекі өсімдігінің, көкөністердің жапырақтарымен, тамырларымен, егілген орман ағаштарының тұқымдарымен қоректеніп, едәуір зиян келтіреді.

Қорытынды -Зерттеу барысында мен зерттеп  отырған шегірткелердің бір-бірінен физиологиялық ерекшеліктерін және сонымен бірге мекен ортасын анықтадым. Қорытындылай келе, бұл ғылыми жобамды осы зиянкестердің жою шараларына, химиялық, биологиялық, агрономиялық әдістерін қолдану  арқылы зерттеу болмақ.

Пайдаланылған әдебиетте

  1. Ә.Т.Тіленбаев ,Г.Ә.Жармұхамедова. Энтомология. Алматы. Қайнар 1994ж.
  2. Определитель вредных и насекомых иклещей зерновых культур ВСССРЛенинград Колос 1980г.
  3. Өсмдік қорғаудың орысша-қазақша анықтамалық сөздігі. Алматы Қайнар 1977ж.
  4. Қ.Қайымов.Бионика-табиғат перзенті. Алматы. Қайнар 1977ж

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх