«Есімдік» 1-7 жаттығу
Кутжанова М.Б.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Есімдік туралы жалпы түсінік. Мағыналық, тұлғалық жағынан білім беру. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру.
- Дамытушылық: оқушылардың қабілетін дамытуда, оқушы сезіміне әсер ететіндей, сабаққа ынтасын дамыту үшін таблица, карточка, т.б. құралдар мен әдістерді пайдалану. Ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.
- Тәрбиелік: сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар есімдіктің түрлерін толық меңгереді, есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолданады.
Сабақ түрі:аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорыту, ізденіс, тест, топтастыру
Жұмыс түрі: ұжымдық, топтық
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер, тірек-сызбалар ,слайдтар, тапсырмалар, ойындар
Сабақтың барысы: .
І.Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
А) зейіндерін аудару
Ә) психологиялық дайындық.
Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,
Тілім барда еркіме кім таласар?!
Туған тілім күрмеліп әлсіресе,
Ыстық қаным суынып сиқым қашар. Ә. Тәжібаев
Топқа бөлінеді:
Наурыз1-топ Зат есім Сәуір2-топ Сын есім Мамыр3-топ Сан есім – шашылып жатқан қағаздардан сөз таңдап сөз таптарына бөлінеді. Топ басшыларын сайлау
2.Үй тапсырмасын сұрау .17- жаттығудағы ребустың шешіміне құрап келген әңгімелері оқылады. Сан есім табылып, дара немесе күрделі екені айтылады.
Графикалық диктант «Йә, жоқ» ойыны
Графикалықдиктанттыңжауабы
|
||||||||||
Йә |
* |
|
|
* |
|
* |
* |
|||
жоқ |
|
* |
* |
|
* |
* |
|
* |
* |
Мынатұжырымдардыдәлелде:
- Етістік – сөзтабы? (йә)
- Қызыл,ала, көк – етістіккежатады (жоқ)
- Етістіктіңсұрақтары – кім?не? (жоқ)
- Ек, үй, түй – етістіктерме? (йә)
- Болымдыетістіктер –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бежұрнақтарарқылыжасалады? (жоқ)
- Сан есім дара, күрделі ,негізгі болып 3-ке бөлінеді? (жоқ)
- Етістіктің 3 шағы бар? (йә)
- Сөйлем айтылуына қарай 3-ке бөлінеді (йә)
- Қимылдың, іс-әрекеттіңболмауын, іскеаспауынбілдіретінетістіктіболымдыетістікдейді (жоқ)
- Бара жатыр, келіптұр дара етістік.(жоқ)
3.- Сөз таптары дегеніміз не ?
– Оның неше түрі бар ?
– Осы уақытқа дейін біз неше сөз табын өттік ?
– Сөз табының ерекшеліктері неде ?
«Ой шақыру» 1-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
Көкек пен ол сөздері бірдей сұраққа жауап беріп тұрғанын байқату.
Ол сөзі қай сөз табының орнына жұмсалып тұр?
Сабақтың тақырыбын ашады, есімдік қай сөз табының орнына жұмсалып тұрғанын табады.
1.Сабақтың тақырыбын ашу. Іздену әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
1 | Ж | М | И | С | Ө | Ә | Қ | Һ |
2 | Е | Н | І | К | Б | Д | Ұ | Ы |
Шифрлар( 2-1; 1-4; 2-3; 1-2; 2-6; 2-3; 2-4)
Түсіндіру әдісі қолданылады.
І. Жаңа сабақ тақырыбы«Есімдік» интерактивті тақтада көрсетіледі.
Жаңа сабақты түсіндіруде сұрақ-жауап әдісі қолданылады.
«Есімдік» тақырыбын дәптерлеріне жазады. Күн реті жазылып, көркем жазу жұмысы жүргізіледі.
Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жұмсалатын сөздерді есімдік дейміз. Есімдіктер : мен, сен, біз, сіз,ол,өзі, бұл, сол, кім ,қанша, қайда, ешкім, әркім, ешқашан, әрқайсысы, т.б. Есімдіктердің көне заманда пайда болған сөздердің қатарына жататынын айтамын. Бұлар біздің тілімізде ерте заманнан келе жатқан байырғы түбір есімдіктер . Мағыналары өзгере келе есімдік болғаны ескертіледі. Интерактивті тақтада мыналар көрсетіледі:
1. Жамбыл – ХХ ғасырдың Гомері. Ол жүз жасаған
2. Сәкен, Ілияс, Бейімбет – қазақ халқының мақтаныштары. Олар қуғын-сүргін құрбандары болды.
Кесте арқылы түсіндіріледі.
Оқулықпен жұмыс.
4-жаттығу .Мәтін көшіріліп жазылады. Есімдіктер табылып, оларға сұрақ қойылады. Сөйлем мүшесіне талданып, сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғаны айтылады.Қай сөзбен байланысқаны , қандай мүше екені айтылады.
Көктемде біз орманға бардық. Күн көтерілді. Самал жел соқты. Ормандағы ағаштар ән салып тұр. Әрқайсысы өз әнін шырқайды. Қайың өзінің мейірімді әніне басты. Емен ерлікті жыр етті. Бұл әнді естіп, тату дос , батыл ер болғымыз келеді.
Топтық жұмыс.
1-топ 2-жаттығу Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу.Есімдікті тауып , сұрақ қою. Оның қай сөзбен байланысқанын табу.
Ол аралда да марал,
Бұл аралда да марал.
От екен маралға арал,
Оттасын аралда марал.
2-топ .3-жаттығу Берілген есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.
Әркім, ешкім, ешқашан, ешқандай.
Бұл есімдіктердің жазылуын есте сақтау.
3-топ. 5- жаттығу.Жұмбақты оқып, шешуін табу.
Қара күшік күзетте,
Ас ішпейді,үрмейді.
Ол күзеткен есіктен
Ешкім үйге кірмейді.
Есімдіктерді тауып, оларды өздері байланысқан сөздерімен бірге теріп жазу.
Ребусты шеш: шешуіндегі сөзді сынып сөзімен тіркестіріп, сол тақырыпта әңгіме құра.Топ болып «Біздің сынып» тақырыбында әңгіме құрайды. Әңгімеде есімдіктерді пайдаланады.
Сергіту сәті жүргізіледі.
Υ. Бекіту Топтық тапсырмалар:
1-топ.Қарамен жазылған сөздерді есімдікке айналдырып айт.
1.Он екі оқушы олимпиадаға қатысты.
2. Мұқағалидың мұрасы – өлмес мұра.
3. Дельфин бір көзін ашып ұйықтайды.
2-топ.Есімдіктерді қатыстыра отырып,«Біздің сынып »тақырыбына шағын әңгіме жазу.
3-топ. «Есімдік » сөзіне ассоциация құрау.
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды, алған әсерлерін парақшаға жазады. Ағашқа ұя ретінде апарып іледі.
Тест тапсырмаларына уақыт беріліп, тақта арқылы тексеріледі.
1.Есімдік деген не?
А) заттың қимылын білдіретін сөздер.
Ә) Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер.
В) заттың атын білдіретін сқздер.
- Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз:
А) Сізкелесіз
Ә) Атаныңбаласы
В) Қалаға бару
- «Ол» дегенсөздіңкөмектессептіктетұрғанынкөрсетіңдер:
А) оған
Ә) оны
В) онымен
- «Маған» дегенсөзқайсептіктетұр:
А) Барыссептік
Ә) Жатыссептік
В) Табыссептік
5.Көпнүктеніңорнынатиістіесімдіктіқой: ….сынып тату
А) Сенің
Ә) Сіздің
В) Біздің
- «Мен» есімдіктіңқайтүрінежатады?
А) Сілтеу
Ә) Сұрау
В) Жіктеу
- Көпшетүріндегі 3 жақтыңесімдігінтабыңдар:
А) ОларӘ) СіздерВ) Біздер
- «Бізді» қайсептіктетұр:
А) АтаусептікӘ) ТабыссептікВ) Көмектессептік
- Сілтеуесімдікті тап:
А) СізӘ) Неше?В) Анау
10.Мақалды толықтыр: « …білемдегенөргебаспас.»
А) СенӘ) ӨзімВ) Ол
Тест жауабы
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ә | А | В | А | В | В | А | Ә | В | Ә |
ΥІ. Қорытынды
Құстарға көмек «Ұя жасау» ,қадам арқылы
1.Он екі оқушы олимпадаға қатысты.
2. Мұқағалидың мұрасы – өлмес мұра.
3. Қызықты кітапты сен оқы .
4. Дельфин бір көзін ашып ұйықтайды.
- Дүние жүзінде Апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда?
Үш тілде айтылатын есімдіктердің ұқсастығын айту
(Оқушылардыңжауаптары)
ΥІІ. Үйжұмысы:Үйге тапсырма: 6,7-жаттығу.
Ақындардың өлең жолдарынан есімдіктерді ауызша тауып, мысал келтіреді.
Үш тілдегі есімдіктердің айырмашылығын зерттеп келу.
Бағалау парағын толтыру.
Бағалау
Топ басшыларының бағасын ескере отырып, бағалайдыТоп басшылары топ мүшелерін өздері бағалайды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718