Гүл алқабы

Кешубаева Гульнар Нуралиевна
Түркістан  облысы.Түркістан қаласы
Білім беру мекеме: «№31бастауыш мектеп-балабақша» кешені КММ
Тәрбиеші

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Сурет салу

Тақырыбы: ”Гүл алқабы.”

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Дәстүрден тыс әдіс бойынша сурет салу тәсілдерін үйрету. Ертегі кейіпкерін, табиғат көрінісін бейнелей білуге дағдыландыру.

Көрнекіліктер: Табиғат бейнеленген плакаттар, бояулар, тарелкалар, мақта таяқшалары ,пакет, губкалар(ысқыш).

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық  шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Сұрақ-жауап:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Ал балалар кім көктем туралы тақпақтар біледі?

Күн шуағын шашады.

Жауын да жауып алады,

Көктем келіп жеткенде

Ағаштар бүршік жарады.             Ақмади

 

Көктем келді алақай

Қуанар бар балақай.

Көктемде жауын болады.

Бақшаға гүлдер толады.      Нұрдана

-Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?

Ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ма?

Мен сендерге С.Оспановтың «Гүл туралы аңыз» ертегісін тыңдаңдар .

Ерте, ерте ертеде бір ауылда бидай мен гүл өседі. Адамдар гүлдерге тамсанып, бір-біріне сыйлайды. Гүлдің қош иісі ауылды алып кетеді. Бір күні хан бәріне жар салады. Тек қана бидай өсіріңдер, гүлдің бәрін құртыңдар деп әмір береді.

Сұрақтар ілмегі

-Хан қандай әмір берді?

-Тек не өссін деді?

Адамдар гүлдердің бәрін таптап, жұла бастайды. Ал ауыл болса көңілсіз

жұпар гүлдің исіде жоқ,өзіде жоқ.

Бір күні хан қатты ауырады. Көптеген дәрігерлер оны емдей алмайды. Бір

Күні алыс жерден бір емші келеді, ол ханға тек бал қосылған дәрі жеу керек,

сол кезде ғана тәуір боласың диді.

Хан бұны ести сала бал әкелуді пашалықта ұшып жүрген араға бұйрық

береді.

Тосын сәт:

Сол кезде есік қағылып ортаға ара ұшып келеді.

-Сәлеметсіздер ме? Балалар мен еңбеққор бал арасымен.

-Сәлеметсің бе бал арасы сен неге көңілсізсің.

-Ара: біздің хан қатты ауырып қалды оған дәрігер бал қосылған дәрі ішшең

жазыласын депті,содан маған бал жинап келуді бұйырады,алайда біздің

патшалықта бірде бір гүл өспейді балды қайдан жинайтынымды білмей ұшып келемін.

-Тәрбиеші:Мұңайма біз көмектесеміз.Балалар,араға көмектесемізбе?

Балалар: Иә, көмектесеміз.

Тәрбиеші: Балалар балды қайдан алуға болады?

Балалар: Балды көп гүлдерден алады.Оны аралар жинайды.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Балды гүлден бал арасы жинайды екен.

Ара:Иә балды мен сияқты көп аралар гүлдерден жинаймыз алайды еш жерден

гүл таппадым.

Тәрбиеші: Ара сен уайымдама біздің бақшада гүл алқабы бар, біз сол

алқапта гүлдердің тұқымын сепкенбіз сабақтары мен жапырақтары күн

шуағына қылтиып өсіп шықты,біздің балалар сол сабақтарға бал жинау

үшін гүл күлшелерін салып берейік.

-Балалар салып береміз ба?

Иә саламыз.

Тәрбиеші:Ол үшін балалар бүгінгі сурет салу іс-әрекетімізді дәстүрден тыс

әдістермен саламыз. Ол үшін алдымызда түрлі заттар тұр осы құралдарды

пайдаланып гүл күдшелерін бастыру арқылы саламыз.

Балалар гүл алқабындағы плакатқа гүлдің суретін бастыру арқылы салады.

Бал арасы: Ой, балалар рахмет көп, көп. Алайда жалғыз өзім қиын болатын

болды.

Тәрбиеші: Бал арасы біз достарыңды шақырып бере аламыз. Балалар, біздің

гүл алқабындағы жалғыз ағаштың басынан мен осы аралардың омартасын

көрген едім, қане байқап көрейікші аралар бар мекен.

Балалар: иә, иә бар екен.

Бұл араларды гүл алқабына орналастырайық.

Балалар араны гүлдердің үстіне қойып шығады.

Бал арасы балаларға риза болып рахметін айтып жинаған балын бөшкеге

салып пашалыққа ұшып кетеді.

Тәрбиеші: балалар біз неге көмектестік?

-Бүгінгі іс-әрекетіміз ұнады ма?

-Ненің суретін салдық?

-Гүлдерді немен салдық?

-Қандай ертегі айтып бердім кімнің есінде.

Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Бастырма жұмысын істеу әдісін қайталай алады.

Түсінеді: Түстерді ажыратады, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін түсінеді.

Қолданылады: Әртүрлі тәсілмен сурет салуды біледі.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх