Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтарды түсіндірді

27-28 тамыз аралығында мектептерде 2025-2026 оқу жылын ұйымдастырудың ерекшеліктері мен басымдықтары туралы білім беру ұйымдары басшыларымен онлайн-кездесу аяқталды.

Шараға барлығы 7 мыңнан астам мектеп басшылары қатысты.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері жиынға арнайы қатысып, жаңашылдықтарды түсіндірді:

Орта білім мазмұны институтының мамандары — 2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін таныстырды.

Тәрбие теориясы және әдістемесі орталығының мамандары – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны мен маңызын түсіндірді.

Стратегия, анализ және талдау орталығының қызметкерлері – жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізудің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын атап өтті.

‼️Айта кетейік, аталған жиын бойынша сауалдарыңыз болса, Академияның телеграмм каналына жолдай аласыздар!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Bilimger.kz Республикалық білім және ғылым порталы Республикалық білім және ғылым порталы ✅ ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі тіркелген 📋 Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718
Прокрутить вверх