Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындалу

1. Хронологияны жүйеле

ҰБТ-да көбіне қай жылы, қай оқиға болды деген сұрақтар келеді. Уақыт кестесін құрып, әр ғасырдағы маңызды оқиғаларды қысқаша белгілеп қой.

Мысалы:
1465 ж. – Қазақ хандығының құрылуы
1731 ж. – Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы1991 ж. – Қазақстан тәуелсіздігі
Әр ғасырды бір бетке сыйдырып, «қисық сызық» (таймлайн) жасап жаттап алсаң, есте жақсы қалады.

2. Карта арқылы оқу

Тек мәтінді жаттамай, картаға қарап, қай жерде қандай оқиға болғанын белгілеп отыр. Бұл әсіресе Қазақ хандығының аумағы, жоңғар соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістерді түсінуге көмектеседі.

3. Тұлғаларды оқиғамен байланыстыру

Кейде сұрақ «кім?» емес, «қай оқиғада?» болып келеді.

Мысалы:
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би – «Жеті жарғы»
Кенесары Қасымұлы – 1837–1847 жж. ұлт-азаттық көтеріліс
Әлихан Бөкейхан – «Алаш» партиясы
Есте сақтау үшін «Кім? – Қайда? – Қашан?» деген кесте жаса.

4. Қысқа конспект жасау

Кітапты толық қайталау қиын. Әр тақырыпты 5–7 сөйлеммен қысқа конспект түрінде жазып шық. Көзбен көргенде қайталай салу оңай болады.

5. Тестпен жаттық

Теорияны оқығаннан кейін міндетті түрде тест шеш. Бірақ қателескен сұрақты жай ғана белгілемей, неге қателестім? Дұрыс жауапты қалай түсінемін? деп талдау жаса.

6. Ұқсас даталарды шатастырма

Мысалы:
1710 ж. Қарақұм құрылтайы
1726 ж. Ордабасы жиыны
Екеуі де жоңғарға қарсы күрес, бірақ жылдары бөлек. Мұндай шатастыратын даталарды бөлек параққа жазып, салыстыр

7. Күнде 20–30 минут қайталау

Көп оқып алып, кейін ұмытып кетуден гөрі, күнде аз-аздан қайталау тиімді. «Қайталау – білім анасы» дегенді ұмытпа.

Кеңес: Бірінші ежелгі дәуірден тәуелсіздікке дейінгі оқиғаларды толық қайталап шық, содан кейін ғана қайталау тесттеріне көбірек уақыт бөл.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх