11-сынып оқушыларына арналған нақты лайфхактар
1. Табиғи бейімділігіңді анықта
Адам әр түрлі туады. Біреу сөйлегенді жақсы көреді, біреу есеп шығарғанды, біреу тыныш отырып сурет салғанды.
Өз мінезің мен ішкі қабілетіңе сай мамандық таңда.
2. «Flow» сезіміне мән бер
Уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалатын сәттер бар ма?
Сол сәттер — сенің жүрегіңмен істеп жатқан іс. Мысалы: видео монтаждау, ойын жасау, балалармен жұмыс істеу, т.б.
3. «Үш сұрақ» әдісі
Мамандық таңдағанда мына 3 сұраққа жауап бер:
-
Мен осы істі істегенде бақытты болам ба?
-
Мен бұл салада үздік бола алам ба?
-
Бұл мамандықтан табыс табуға бола ма?
Үшеуіне де «иә» десең — сенің жолың осы!
4. Сырт көзден кері байланыс ал
Досыңнан, ұстазыңнан немесе ата-анаңнан сұра:
«Мен қандай іске қабілеттімін деп ойлайсың?»
Кейде өзіміз байқамайтын қабілетті сырт көз бірден көреді.
5. Мамандықты байқап көр
Мүмкіндік болса, сол мамандық иесінің бір күндік өміріне қарап көр.
Мысалы: дәрігер болғың келе ме? Ауруханада ерікті бол.
Мұғалім болғың келе ме? Балаларға сабақ беріп көр.
Іс жүзінде көрсең, бәрі анық болады.
6. Өзіңе мынадай сұрақ қой:
-
Жалғыз істегенді жақсы көрем бе, әлде топпен бе?
-
Қағазбен бе, адамдармен бе жұмыс істеген ұнай ма?
-
Жоспарлы тәртіп керек пе, еркіндік пе?
-
Қай пәндер ұнайды?
-
Қандай өмір сүргім келеді: тұрақты ма, еркін бе, табысты ма?
7. Қабілет пен сұранысты бірге ескер
Бір нәрсеге қызығу жеткіліксіз. Ең бастысы —
Сенің қабілетің + Болашақта сұраныс бар сала
Мысалы: IT, медицина, психология, ұстаздық, маркетинг — болашағы зор салалар. Бірақ саған сай келуі керек.
Мамандық — киім емес, ұнамай қалса, ауыстырып кие салатын.
Сондықтан жүрекпен тыңда, миыңмен есепте, кішкентайдан байқап көр. Сонда адаспайсың.
ҰБТ-ға дайындалу үшін тест платформасына тіркелуге болады.