Оқу – тәрбие үрдісінің нәтижесі
Байбеков Шалкар Зиядаевич
Оқу- тәрбие үрдісінің нәтижесі
«Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет». Еліміз егемендік алып, ұлттық дамудың сара жолына түсті. Елбасының халыққа Жолдауында ұлтымыздың басым көпшілігі қоныстанған ауыл түзелмей, толыққанды ел бола алмайтындығымыз баса айтылды.Ұлы ғалым А.Байтұрсынов «Мектептің жүрегі-мұғалім» дегендей бұл қасиетті істер де мұғалімге қойылатын талап ерекше. Өйткені мемлекеттің білім саясаты мұғалім арқылы жүзеге асады. Қазіргі дәуірдегі мұғалім- жас өрімнің рухани дүниесінің мүсіншісі. Рухани байлық ең алдымен ұлттық әдет-салтымыз бен әдебиетімізден, мәдениет, өнерімізден, түп тамырымыздан басталады.
Табиғат бала бойына адами жақсы қасиет негізін қалайды, отбасы мен мектеп жэәне қоғамдық орта осы қөасиетті дамытып, қалыптастырады. Оқу-тәрбие процесін көтеру мақсатында ұлы ғұлама бабамыз Әль-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» дегендей болашақ адамгершілік, имандылық, т.б. қасиеттерін орнықтыратын, оның бойында сыртқы ортаның қолайсыз ықпалына қарсы тұратын, онымен күресе алатын иммунитет қалыптастыру, жоғары деңгейдегі мәдениетке лайықты, тәрбиелі, білімді, өркениетті азамат етіп тәрбиелеу мақсатында ауыл мектебімізде мынадай тәрбие жүйесі ойластырылған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі-бүгінгі жастар қолында, ал жас ұрпақ тағдыры-ұстаздың қолында» деп ұстазға үлкен міндет қойып отыр. Осы жауапкершілікті сезінген ауыл мұғалімі жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтеруде. Мектептің негізі сынып болғандықтан, бұл жүкті сынып жетекшілер атқарып келеді.
Тек сынып жетекші ата-анамен де, сыныбындағы әлеуметтік проблемалы баламен де жұмыс жасайды. Сынып жетекшісі үнемі маңызды мәселе оқушымен қарым-қатынас орнату, үйлестіре білу, сынып оқушысын зерттеу. Педагог -психологпен бірлесе отырып, оқушылардың психологиялық танымын бақылаужұмысы жүргізіледі. Оқушыларды зерттеу нәтижесінде тәрбиесі қалыптасқан оқушының танымдық қасиеттерін дамытумен тәрбиесі қиындық келтіретін бала анықталады. Тәрбиесі қалыптасқан оқушының танымдық қасиеттерін дамыту барысында оларға жеке тапсырмалар беріліп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына жағдайлар жасалынып отырылады. Ал тәрбиесі қиындық келтіретін балалармен жеке жұмыс жүргізіліп, олардың достары және сынып белсенділері арқылы қоғамдық жұмыстарға, спорттық жарыстарға қатыстырылып отырылады және ата-аналармен тығыз байланыста болып, олардың жеке басының қасиеттерінің қалыптасуын бір жүйеге келтіріп отырады.
«Балаға 5 жасқа дейін патшадай қара, 15 жасқа дейін құлына сана, 15-тен соң досыңа бала» деген қазақтың дана сөзі чех педагогы Я.Коменскийдің «Баланың ең әуелі мейір- шапағатқа, сонан соң ақыл-парасатқа, ең ақырында нағыз пайдалы ғылымға баулу керек» деген пікірмен мазмұндас. Тәлім-тәрбие беру жұмысы ол әдеп сабақтары, бұл тәрбие жұмысының бірнеше бағыттары:
- Адамгершілік тәрбиесі.
- Ақыл-ой тәрбиесі.
- Денсаулық және дене тәрбиесі.
- Құқықтық тәрбие.
- Экономикалық тәрбие.
- Экологиялық тәрбие.
- Ұлтжандылық, ұлтаралық қатынас тәрбиесі.
Осы белгіленген бағыттардың жеке мақсаттары айқындалып, балалармен жеке жұмыстар жүргізіп, тәрбие сағаттарында олардың адами қасиеттерін дамытуға, бір-біріне деген мейірімділігін арттыруға әсер беріп отырады. Мектебімізде «Атамекен» тәлім-тәрбие отауының бағыттарының мақсаты сыныпқа түсіндірілгеннен кейін оқушылар өздері ізденіп жұмыс жасайды. Бағытқа байланысты оқушылардың жинаған материалдарын сынып болып саралап, ашық іс-шаралар өткізіліп отырылады.
Сынып жетекшісінің жұмысы жүйелене келе, нәтижесінде адамгершілігі мол, иманды, Отан сүйгіш, жауапкершілігі басым, тәртіпті, ұлтжанды еңбексүйгіш, ізденпаз, адам әділ бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырады.
Біздің қоғамда білім беру мәселесі бірінші орында болып, сол арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге болады деген түсінік қалыптасып қалды да, тәрбие мәселесі соңғы жылдарда әлеуметтік-экономикалық қыспақтардың салдарынан кенжелеп, тіпті оған селқостық таныту белең болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев мұғалімдердің Республикалық съезінде атап көрсеткендей, оқытумен оқуту мен тәрбиелеудің бір-бірінен ажырап қалуы, тәрбиенің оқытуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі жастар арасындағы мұратсыздық пен кері кетушілікте себеп болды деді. Міне, осы кері кетушілікті атап айтқанда, оқу мен тәрбиенің ара-жігіндегі кері кетушілікті қалыптастыруды жаңа білім беру жүйесі қолға алып отыр.
Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығын игерген, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез- құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік ортамен ара-қатынасын қарастырады. Кәзіргі жағдайларда адамның ұзақта арнайы ұйымдастырылған өмірге тәрбиесіз араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш. Әрине, тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып олардың әріқарай дамуының амал-тісілдерін, формаларымен мен әдістерін айқындау керек. Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті болуы шарт. Алайда кез келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарынын, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Қабілеттіліктің дамуы үшін өз барысында баланың бойында жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет қажет. Бала белгілі бір жұмыспен міндет үшін емес, баға үшін емес, істеген ісіне ақы алу үшін емес, жарыста немесе олимпиада да жеңу үшін емес, сол жұмыспен өзі айналысқысы келетін болғандықтан жетістікке ұмтылады, яғни, ол балада жағымды сезімдермен байланысты қажеттілік бар. Осыған байланысты жеке тұлғаның дамуының тағы бір бастауы өзіне көңіл аудартады. Бұл жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзіне деген қалыптастырушылық, талап қоюшылық ықпалы.
Ақыл-ой, адамгершілік, денсаулық сақтау, оқушының жеке ерекшеліктері ескертілген құзыреттіліктер, қоғамға бейімделу мүмкіндіктері, т.б. тәрбие жүйесінде тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады. Ендеше 12 жылдық мерзіммен оқылатын жалпы орта білім беру мазмұнындағы әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығына тоқталайық.
Қандай да болмасын бірлесіп іс-әрекет етудін, қарым-қатынастың сөздер мен хабар алмасудан басқа астыртын тақырыптары
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718