TikTok журналистикасы

Автор: Жумахан Мадина Еділқызы

TikTok журналистикасы
Ақпарат тарату тәсілі күннен-күнге өзгеріп келеді. Бұрын адамдар жаңалықты газеттен оқыса, қазір бәрі телефон экранында. Әсіресе жастар қауымы жаңалықты TikTok, Instagram, YouTube арқылы қабылдайды. Осы өзгерістер журналистиканың жаңа бағытын қалыптастырды. Бүгінде жиі айтылатын ұғым — TikTok журналистикасы. Бұл ұғым заман талабынан туындаған және журналистикаға жаңа тыныс берген бағыт.
«Ақпарат – қару. Ал оны дұрыс қолдану – өнер».
(Нұрсұлтан Нұрберген, қазақстандық журналист)
TikTok журналистикасы — ақпаратты қысқа, нақты әрі тартымды түрде бейнежазба арқылы тарату. Бұл форматта журналист бір минуттың ішінде жаңалықты жеткізіп, оқиғаның мәнін түсіндіруі қажет. Мұндай тәсіл бүгінгі жедел өмір ырғағына сай келеді, әсіресе жастарға өте жақын.
Қазақ тілді TikTok-та көптеген белсенді жастар осы бағытта еңбек етіп жүр. Мәди Айымбетов — солардың бірі. Ол өз видеоларында қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, жастарды ойлануға шақырады. Оның стилі — қысқа, түсінікті және заманауи. Мұндай тіл — көрерменге бірден жетеді.
Сонымен қатар, белгілі журналист Жансая Елшібай өз TikTok парақшасында күрделі саяси және заң тақырыптарын қарапайым тілмен жеткізеді. Оның “қысқа жаңалықтар” айдары жастар арасында кең танымал. Бұл — TikTok журналистикасының кәсіби түрде жасалуының бір мысалы.
TikTok журналистикасының артықшылықтары:
Ақпаратты жылдам таратады;
Көпшілікке түсінікті түрде ұсынылады;
Жастар аудиториясына тікелей бағытталады.
Алайда бұл бағытта фейк ақпарат тарату қаупі жоғары. Себебі кейде бейнежазбаларда шынайы дерек емес, болжам не қате пікір ұсынылады. Сондықтан TikTok-та жұмыс істейтін
TikTok журналистикасы — бұл дәстүрлі журналистиканың баламасы емес, оның заманауи жалғасы. Бұл бағытта жұмыс істеу үшін тек камера мен телефон жеткіліксіз — шындыққа адалдық, ақпаратқа жауапкершілік, көрерменге құрмет қажет.
Журналистика қай заманда да қоғамның айнасы болып қала бермек. Ал TikTok — сол айнаны жастарға жақындатып тұрған құрал.
Болашақ журналист ретінде бізге жүктелер міндет — сол құралды дұрыс пайдалану, ақиқатты жеткізу, және қазақ журналистикасын жаңа биікке көтеру.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх