ҰБТ – мектеп бітіруші үшін ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл тек емтихан ғана емес, болашақ мамандық пен жоғары оқу орнына апарар шешуші қадам. Осындай сәтте дайындықты жүйелі түрде жүргізу – табыстың негізгі кепілі.
Көп оқушы ҰБТ-ға дайындалып жатырмын деп кітап қарап, тақырыптарды қайталап, жаттығу жасап жүреді. Бірақ бір маңызды нәрсе ескерілмей қалуы мүмкін – дайындықтың нақты деңгейін білу. Ол үшін жай қайталау жеткіліксіз. Нағыз шешім – пробный тест тапсыру.
Пробный тест – бұл ҰБТ форматына жақын сұрақтардан тұратын сынақ. Уақыт шектеулі, сұрақтар саны нақты. Яғни, сынақтың өту барысы да, психологиялық қысым да шынайы жағдайға барынша ұқсас. Ең бастысы – тесттен кейін бірден нәтиже көресің. Қай пәннен, қай сұрақтан қате кеткенін анық көріп, қандай тақырыптарға қайта назар аудару қажет екенін түсінесің.
Мұндай сынақтар әсіресе уақытты тиімді пайдалануға, өзін бақылауға, қателермен жұмыс істеуге үлкен көмек береді. Әр тапсырған сайын сенімділік артып, нағыз емтиханда өзіңді сабырлы әрі дайын сезінесің.
Пробный тест тек білімді тексеру емес, ол – дайындық барысын басқарудың құралы. Сол себепті дайындықтың соңында емес, дәл қазір сынап көру маңызды. Ерте тапсырсаң – түзетуге де, қайталауға да уақытың болады.
Көп дайындалғаның маңызды емес, дұрыс бағытта дайындалғаның маңызды. Ал қай бағыт дұрыс екенін пробный тест көрсетеді.