Автор: Мирзакулова Индийра Камаловна
«Балабақша – бала тәрбиесінің іргетасы»
Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, рухани бай, білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Мен үшін бұл міндетті іске асырудың алатын орны ерекше. Себебі баланың болашақтағы мінез-құлқы, ойлау жүйесі мен адамгершілік қасиеттерінің негізі дәл осы балабақшада қалыптасады. Сондықтан да «Балабақша – бала тәрбиесінің іргетасы» деп тегін айтылмаған.
Балабақша – баланың ең алғашқы әлеуметтік ортаға бейімделетін ордасы. Бұл жерде бала өзін жеке тұлға ретінде сезініп, өзге адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, құрдастарымен тіл табысуға, тәртіп пен әдеп ережелерін сақтауға үйренеді. Балабақшадағы күнделікті тәрбие мен білім беру жұмыстары баланың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына зор ықпал етеді.
Мектепке дейінгі кезең – баланың интеллектуалдық, психологиялық, әлеуметтік және тілдік дамуы үшін өте маңызды кезең. Осы кезеңде балада танымдық қызығушылық, өз бетінше ойлау, шешім қабылдау, байланыстырып сөйлеу дағдылары қалыптаса бастайды. Сондықтан тәрбиешінің кәсіби біліктілігі, балаға деген мейірімді көзқарасы – үлкен маңызға ие. Әр тәрбиеші баланың ішкі әлемін түсініп, жеке ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жасауы қажет.
Бүгінгі таңда балабақшаларда білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, түрлі инновациялық әдіс-тәсілдер мен технологиялар қолданамын. Сонымен қатар, ұлттық тәрбиеге де баса назар аударудамын. Қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті үлгілері – балалардың бойына отансүйгіштік, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға тырысамын . Балабақша мен ата-ана арасындағы байланыс та бала тәрбиесінде шешуші рөл атқарады. Тәрбие мен білім беру тек балабақша қабырғасында ғана жүзеге аспайтыны анық. Үйдегі тәрбие мен балабақшадағы жұмыстың өзара сабақтастығы болса, бала толыққанды әрі үйлесімді дамиды. Ата-ана тәрбиешімен бірлесіп, балаға ортақ талап қойып, бір бағытта әрекет етсе – бұл нәтиже де жемісті болады.
Қорытындылай келе, балабақша – бала өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Ол баланың болашақта қандай азамат болып қалыптасатынына әсер ететін, тәрбиенің алғашқы кірпіші қаланатын орта. Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымдардың сапалы жұмыс істеуі – ел болашағының кепілі.