Автор: Саулетжан Аружан Мақсатқызы
Білім – болашақ кепілі
Білім – адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Білімді адам өз өмірінде көптеген жетістіктерге жете алады. Қазіргі қоғамда білімсіз өмір сүру қиын, себебі жаңа технологиялар, ғылым мен мәдениет күн сайын дамып келеді. Сондықтан әрбір адам заман талабына сай білім алуға ұмтылуы керек.
Мектеп қабырғасынан бастап, біз әртүрлі пәндерден білім аламыз. Бұл білімдер болашақта дұрыс мамандық таңдап, өмірден өз орнымызды табуға көмектеседі. Сонымен қатар, білім адамды тәрбиелейді, оның ой-өрісін кеңейтеді, мәдениетін арттырады.
Білім тек кітап оқу емес. Адам күнделікті өмірде де көп нәрсе үйренеді: адамдармен қарым-қатынас жасау, түрлі жағдайдан дұрыс шығу, жауапкершілік алу — осының бәрі де өмірлік тәжірибе арқылы келеді. Ал жақсы оқып, ізденген адам әрқашан құрметке ие болады.
Мен де өз болашағым үшін білім алуға ұмтыламын. Себебі қазіргі заманда бәсекеге қабілетті болу үшін үздіксіз оқу, өзін дамыту өте маңызды. Болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын, білімді маман болғым келеді. Білім – менің болашаққа деген сенімімнің кепілі.