Автор: Айдарова Замира Пердебаевна
БАҚ-тағы қазақ тілінің рөлі
Қазіргі заманда бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) қоғамның айнасы, ұлттық сана мен мәдениеттің басты тасымалдаушысы ретінде үлкен рөл атқарады. Қазақстандағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі, сондықтан елдің басты ақпараткеңістігінде қазақ тілінің қолданысы мен көрінісі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Кеңес дәуірінде қазақ тілі шеткері тіл ретінде қалып, орыс тілі ақпарат саласында үстемдік еткен еді.Мемлекет тарапынан тілді қолдау мен дамытуға бағытталған бағдарламалар қабылданып, БАҚ-та қазақ тілді өнімдердің үлесі артты. Бүгінде елімізде көптеген қазақ тілді телеарналар, радиостанциялар, газет-журналдар мен интернет порталдар жұмыс істейді. «Қазақстан» , «Хабар», «Егемен Қазақстан», «Айқын» , «Abai.kz» , «Massaget kz». Алайда, бұл салада шешімін таппаған мәселелер де жеткілікті. Кейбір редакцияларда қазақ тілі екінші орында, ал кейбірінде тілді қолдану формалды сипатқа ие. Кейде тілдік нормалар сақталмай, шала аударма мен калька тәсілі жиі кездеседі.
БАҚ-та жиі кездесетін тілдік кедергілердің бірі-қазіргі заманға сай терминдердің немесе ұғымдардың қазақ тіліндегі дәл аудармасының болмауы. Мұндайда тілшілер шет тілінен енген сөздерді тікелей қолдануға немесе орысша нұсқасын қалдыруға мәжбүр болады. Бұл құбылыс тілдің тазалығына нұқсан келтіріп, қазақ тілді аудиторияға түсініксіз немесе жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Қазақ тілінің құдіретін қанша сөзбен айтсақ та, оны жеткізу мүмкін емес. Қазақ тілі-қазақ ұлтының рухани тірегі ғана емес , халқының ортақ қазынасы.Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оның ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл-халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін –келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін- ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз , ана тіліміз –қазақ тілі. Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл-жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ , соның төл перзенті. Сол халықтың әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл-атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Ана тіліміздің Кезінде талай ғалым, жазушы, зерттеушілер осы қазақ тілінің қандай көркем тіл екенін айтқан еді. Тіл мәдениеті мен сөйлеу әдебіне екпін қойған тұлға сөйлеу этикетіне, қазақ тілінің тілдік құрылымына зер салады,мұқият болады. Сөз тазалығы-біздің қазіргі қоғамда аса қажетті маңызы бар дүниелердің бірі де, бірегейі. Заманның талабы бойынша қарапайым тұлға сөйлеу барысында , сөз арасында бөгде тілдің элементтерін қолданбағаны дұрыс. Мұндай қағиданың болуы ол шарттылық. Себебі бір тілде таза әрі анық сөйлеу –ұлтқа, халыққа, туған жерге деген үлкен құрметтің белгісі. Күнделікті қолданылатын әрбір сөз бен айтылар ойға мәнге абай , мұқият болуға тиіспіз. Дегенмен халық ішінде адамдардың сөйлеу дағдысында, баспа беттерінде, радио хабарларында , телеарналарда тіл тазалығына кір келтіретін , сөйлем арасында қызетсіз, орынсыз қыстырма сөздер мен бос сөздер көптеп кездеседі. Қазақтың тілдік мәдениет деңгейі кез келген адамның сөзі мен жазуында едеәуір айтылып та, байқалып та келеді. Сөз мәдениетін насихаттау біздің қоғамда әлі де жеткіліксіз екені ащы да болса шындық. Мұндай мәселелер әсіресе технология, эканомика, медицина және әлеуметтік желі салаларындағы жаңалықтарды жариялағанда байқалады.
БАҚ-тағы аудармасы бейімделмеген немесе қалыптаспаған сөздердің тізімі:
1. Шет тілі /орысша сөз «контент» қазақ тіліндегі аудармасы «мазмұн» , «контент» жиі әрі тікелей қолданылады.
2. Пост (в соцсети ) қазақша баламасы «жазба/хабарлма» баламасы бар, бірақ көбіне «пост» деп қолданылады.
3. Жиі қолданылатын сөз «сторис» қазақша баламасы «оқиға/ сюжеттік жазба»көпшілікке түсініксіз сөз. Әлеуметтік желілерде көп қолданылатын сөз «тренд» қазақша баламасы «жаңа бағыт» жиі қолданылады.
5. «Спикер» қазақша баламасы «сөз сөйлеуші/баяндамашы» , «спикер» сөзі БАҚ-та кең тараған. Теледидар жаңалықтарында , әлеуметтік желілерде өте кең тараған сөз «фейк» қазақша баламсы «жалған ақпарат/жалған хабар», бұл сөздің баламасы бар, бірақ «фейк» кең тараған.
6. Әлеуметтік желілерде, радио хабарламаларда жиі кездесетін сөз «челлендж» ,қазақша баламасы «шақыру/тапсырма ойыны»жастар арасында тікелей қолданылады.
БАҚ-тағы қазақ тіліндегі басты мәселелер:
Аудармасыз кірме сөздердің көбеюі;
Мысалы: контент, менеджер, блогер, тренд.
Тіл тазалығының бұзылуы;
Шала аудармалар, калька тәсілі, орысша құрылыммен сөйлеу.
Сауаттылық мәселесі;
Грамматикалық қателер, стильдік бірізділіктің болмауы.
-Қазақ тілде медиаконтенттің аздығы.
Қазақ тілі-тәуелсіздігіміздің тірегі. Ал БАҚ-сол тілді жандандыратын құрал. Егер БАҚ –та қазақ тілі дамып, кеңінен қолданыс тапса,ол халықтың да санасында берік орын алады. Сондықтан қазақ тілін сақтау мен өркендету ісі –баршамызға ортақ міндет. Қорыта айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары-қазақ тілінің дамуы мен кең таралуында шешуші рөл атқарады. БАҚ арқылы тілдің мәдениеті қалыптасып, оның қолданыс аясы кеңейеді. Сондықтан қазақ тіліне мемлекеттік деңгейде мән беру ғана емес, оның күнделікті ақпарат ағынында белсенді қолдану-ұлттық болмысымызды сақтаудың кепілі. Замануи медианң мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ана тілімізді насихаттап, жастар арасында оның беделін арттыру-баршамыздың ортақ міндетіміз. Тіл-ұлттың жаны, БАҚ-сол жанды елге танытатын қуатты құрал.