Қ.Мырза Әлидің «Жеті» өлеңі сынып сағаты

Автор: Зиятова Сайра Мухановна

Бекітемін
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Әуелбеков
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлидің өмірбаяны мен шығармашылығы.

Сабақтың білімдік аспектісі: Ақын Қадыр Мырза Әлидің сан қырлы шығармашылығы жайлы мәлімет беру, «Жеті» өлеңіне тоқтала отырып, мазмұнын ашу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

«Қадыр Мырза Әли — көркем сөздің алыбы»тақырып негізінде оқушыларды сауатты, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге баулу, сөздік қорын молайту, білімдерін, дүниетанымдарын және қарым – қатынастық біліктілігін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Қадыр Мырза Әлидің зерделігі мен ұлылығын үлгі ете отырып, оқушылардың өз ойын еркін айтуға, шындықты қабылдау, намысты, әділетті болуға, ақын шығармалары арқылы тәлім-тәрбие беру, ұлтжандылық сезім оятып, туған жерін, елін сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Интерактивті, әңгімелеу, пікір айту, сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекіліқ құралдары: оқулық,слайдтар, маркерлер.

Сабақтың жоспары:

1.Қ. Мырза Әлидің шығармашылық өмір жолы.

2.Өлеңдері.

3. Өлеңдеріне шолу.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ.

1. Оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

— Бүгін сабақта сүйікті ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің өмірімен, шығармаларымен танысып, «Жеті» өлеңінің мазмұнымен танысамыз.

2. Ақын өмірбаянымен таныстыру.
Бейнебаян

— Қадыр Мырза Әли Ғинаятұлы қазақтың қадірлі ақыны, балалар әдебиетінің данасы, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1935 жылы 5-қаңтарда Орал облысының Жымпиты ауданында дүниеге келген. Биыл ақынның туылғанына 90 жыл. Ақынның балалық шағы соғыстың ауыр жылдарына тап келді. Бірақ табиғатынан зерек, алғыр баба сабағын жақсы оқиды. Соның нәтижесінде сол кездегі ең беделді, жоғары оқу орны – қазақтың Мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1958 жылы бітіріп шығады. Кейін, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы» баспасында қызмет етеді. Ақын – Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының бірі. Ақынның 30-ға жуық кітаптары жарық көрді. Кейбір өлеңдері бірнеше әлем тілдеріне аударылып, шетелдерде жарық көрген. 3 томдық, 12 томдық шығармалар жинағы бар.
Бүгін сабағымызда ақынның «Жеті» атты өлеңімен танысамыз.
Қима қағаздар тарқатылады.

Оқулықпен жұмыс.

1. Ой шақыру.

— Балалар, «Жеті» дегенде қандай ой келеді?

— жеті күн, жеті ата, жеті нан, Жетісу………

— Дұрыс, балалар!

2. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы.

а) түсінігін айту;
Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оны мына өлең жолдарынан көруге болады. Жетіге келген бала күрт өседі, яғни есейеді.Сарапшылар еш уақытта жаңылмайды, егер жеті рет өлшеп, бір кессе. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Қазақстан жерінде Жетісу деген әсем жер бар. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан, Жеті қарақшы. Соңында жеті санының 3 түгілі, екіге бөлінбейтіні айтылады.

4. Оқушыларды топқа бөлу, деңгейлік тапсырмалар беру.

1 топ. Ізденушілер тобы.

2 топ. Шығармашылар тобы.

Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білеміз.

Қазақ халқында жеті сан киелі деп есептелген. Себебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. «Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17 – ғасырда Тәуке ханның «Жеті жарғысы» да жеті сөзінің қасиеттігіне байланысты болған. Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурыз көжеге де жеті тағам салып пісіреді.

Жеті қазына Жеті күн

1. Ер жігіт 1. Бүгін

2. Сұлу әйел 2. Ертең

3. Ақыл, білім 3. Бүрсігүні

4. Жүйрік ат 4. Арғы күн

5. Қыран бүркіт 5. Ауыр күн

6. Берен мылтық 6. Соңғы күн

7. Жүйрік тазы 7. Азына (дәптерге жазып алу)

3 топ. Ізденушілер тобы.

Сұрақ. «Жеті ата», «Жеті ұрпақ» туралы не білесіңдер? «Жеті атаңды» білесің бе?

Жауап. «Жеті ата» — бір кісіден тараған аталас қауым. Бала жеті атасын білу керек.

Өз жеті атасын атау.

Жеті ата Жеті ұрпақ

1. Бала 1. Әке

2. Әке 2. Бала

3. Ата 3. Немере

4. Арғы ата 4. Шөбере

5. Тек ата 5. Шөпшек

6. Түп ата 6. Немене

7. Баба 7. Туажат (дәптерге жазып алу) (буклет).

4 топ. Шығармашылар тобы.

Сұрақ. Құрамында жеті саны бар қандай жер аттары бар?

Жауап. Алматы, Талдықорған өңірі Жетісу деп аталады. Жетісудың табиғаты көркем, жері өте бай, әрі құнарлы. Ол – « Жер жаннаты» деп аталған өлке. Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті өзеңдер: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу. Жетісуда Алматы, Талдықорған, Текелі, Талғар қалалары орналасқан. Алакөл мен Іле арасындағы тау Жетісу Алатауы деп аталады. Жетісуда Қазақстанның екі үлкен қорығы бар. Олар: Алматы қорығы және Алакөл қорығы.

Мұғалім сөзі: ДҰРЫС! Жетісу өңіріндегі Іле өзені және Әнші құм туралы өз мәліметтерін оқушылардан тыңдайық.

1. Іле өзеңі – Жетісу өңіріндегі жеті өзеннің ішіндегі ең ірісі. Тәңіртау мұзарттарынан бастау алып,Қытай жеріне кіріп, Күнгес, Текес өзендеріне қосылып қайта Қазақстанға өтіп, Балқаш көліне құяды. Жалпы ұзындығы (Текеспен қосқанда)1439 шақырым, оның 802 шақырымы республика аумағында.

2. «Әнші құм» — Іле өзені аңғарының оң жағасын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан және Кіші Қалқан таулары етегіндегі құмды төбе. Биіктігі 150 метрдей, ұзындығы 8 шақырымдай, ені 3 шақырымдай. Құм жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас ән естуге болады. «Әнші құм» Алтынемел ұлттық табиғи саябағы құрамына кіреді. Табиғат ескерткіші ретінде мемлекет қамқорлығына алынған. Ол Алматы қаласынан 182 шақырым шығыста жатыр.

3. «Жетісу — жер жаннаты» төрт шумақ өлең.

5 топ. Шығармашылар тобы.

Сұрақ. Қазақта тағы қандай киелі сандар бар?

Жауап. Қазақта үш, төрт, бес, алты, жеті, он екі, қырық деген киелі сандар бар. Он екі қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Қырық саны да киелі сан. «Сәби дүниеге келді» деген салт-дәстүрге тоқталатын болсақ, сәбиді қырық күн толғанда «Қырқынан шығару» деген ырымы жасалған. Қырқынан шығару туралы айту. (буклет).

Келесі тапсырма «Стакан» ойыны
Стаканның астында мақал- мәтелдер жасырылған,жалғасын табу керек
1.Жетіге жеткенше…
жерден таяқ жейсің.

2.Жеті жұрттың тілін біл,..
жеті түрлі ілім біл.

3.Ата –бәйтерек,
бала- жапырақ
4.Бала тілі –бал
5.Бұлақ көрсең,көзін аш
6.Жеті рет өлшеп,бір рет кес
7.Төртеу түгел болса төбедегі келеді
8.100 теңгең болғанша ,100 досың болсын!
9. 10-бәленің 9-ы тілде
10. Анаңды меккеге 3 рет арқалап апарсаңда,қарызын өтей алмайсың
Сергіту сәті
Мылтық
Жылқы
Немере
Туажат
Бүркіт

Өлеңді ретімен құрастыру.
Ұзақ санның шықпаспын шетіне мен,
Нөлдің өзі лақпайды бетіменен…

Бір мен онның кәдімгі арасында
Қымбат маған неліктен жеті деген?

Жетіңізге талай сан тіркеседі,
Жеткен бала жетіге күрт өседі.

Жаңылуды білмейтін сарапшылар
Жеті мәрте есептеп,
Бір кеседі.

Жетімізді жазалық тақтамызға,
Жетіні есте, қанекей, сақтаңыздар!

Жерлеген соң жетісін береді ылғи
Жеті күннен тұрады аптамыз да!

Жеттісу ма?
Жетісай қаласы ма?
Жеті сіңген біраздың санасына.

Сегіз емес,
Алты емес
Жеті атасын
Мұсылмандар жаттатқан баласына.

Ой толғау
Ән тыңдай отырып, әннің мағынасына қарай плакатқа сурет салу
Кері байланыс
Тоқыма тоқу
Мұғалім сөзі. Өте жақсы! Ал, енді осы алған білімдеріміз бойынша сабақты қорытындылайық.

Сабақты қорытындылау

Оқушылардың білімін бағалау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Қадыр Мырза Әли – сегіз қырлы, бір сырлы дарын. Табиғат перзенті – ақын, ал сол перзенттің қолдаушысы халық. Халық аман болса, ақын да аман, ақын да бақытты.

Бақыт деген – досыңның табағында,

Бақыт деген – домбыра шанағында,

Бақыт деген — өзіңнің босағаңда,

Бақыт деген – халықтың қабағында.

Өлеңді мәнерлеп оқу,қалау бойынша жаттау. Ақын туралы түсінігін айту

Жеті

Ұзақ санның шықпаспын шетіне мен,
Нөлдің өзі лақпайды бетіменен…

Бір мен онның кәдімгі арасында
Қымбат маған неліктен жеті деген?

Жетіңізге талай сан тіркеседі,
Жеткен бала жетіге күрт өседі.

Жаңылуды білмейтін сарапшылар
Жеті мәрте есептеп,
Бір кеседі.

Жетімізді жазалық тақтамызға,
Жетіні есте, қанекей, сақтаңыздар!

Жерлеген соң жетісін береді ылғи
Жеті күннен тұрады аптамыз да!

Жеттісу ма?
Жетісай қаласы ма?

Жеті сіңген біраздың санасына.
Сегіз емес,
Алты емес

Жеті атасын
Мұсылмандар жаттатқан баласына.

Жеті жұлдыз жиналып ордаласқан,
Жеті түнде жымыңдар қордалы аспан.

Москва да,
Рим де,

Стамбул да
Жеті төбе басына орналасқан!

Ерлерді мен сыйлаймын Елім дейтін.
Елім дейтін,

Өзгеге емінбейтін.
Жеті болсақ шіркін- ай,

Үшің түгіл,
Екіңіздің өзіне бөлінбейтін!
Жаңақорған оқушылар үйі
Қ Мырза Әли «Жеті» өлеңі
(үлгі сабақ)
Дайындаған:
«Көркем сөз» үйірмесінің жетекшісі: С.Зиятова
2025жыл

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх