Автор: Назымбет Жақсыкүл Бегалықызы
Құм терапиясы
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін емес» В.А Сухомлинский.
Кіріспе
Балабақшадағы оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, ойлауын, қиялын, зейінін тұрақтандыру, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйрегенен сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән береміз. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен ойын жаттығуларын жүргізе отырып, олардың айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, қасиеті мен сапасын, түр – түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік ойын жаттығуларын дамыту ісінде: балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа іс – қимылдарын меңгерту, үйренген сөздерін, іс –қимылдарын тиянақты, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып саналады. Осы аталған міндеттерді үнемі ойын жаттығулар, «Құммен ойын» жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отырамыз.«Құм терапиясы» қағидасы аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Балалардың ой өрісін, қиялын, ойлау қабылетін дамытатын әдіс «Құм терапиясы». Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді. Құммен ойын — балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. Бала құм терапиясында тек қана қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа шығарады, ойын барысында фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады. Құм терапиясы — балаға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. Бала құммен алуан түрлі мүсіндер жасау арқылы өзінің сана-сезімін байытады. Құмдық терапия – ол баланың уайымдау немесе қайғыру сәтін ашып көрсете алады, ол жағдайда балаға көңілін көтеруге жол салады. Бала құммен ойнай отырып, өзінің бойындағы ауыр сезімді ұмыта бастайды. Сонымен қатар, ойын үстінде өзінің көңіл-күйін көтерумен бірге, өзін-өзі емдей бастайды. Құм ерекше нәрсе. Кейде біздер қолымызды құрғақ құмға салсақ, құммен бал секілді өзіміз де ойнағымыз келіп түрады. Құмдық терапияда бұрыс немесе дұрыс композиция деген жоқ. Құммен ойын — балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз. Педагог психологқа түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Біз өзіміздің тәжірибемізде балалардың сөздік қорларының дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына назар аударамыз. Әртүрлі мәселелерді шешудің бірден-бір жолы «Құм терапиясы». Бізде топтар жыл бойы құмды қолданады. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және коммуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді. Бала құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамытатын процесс. Бала өзінің ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады. Қазіргі уақытта балабақшаға келетін балалардың байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері басым болуда. Осындай балаларды құммен ойната отырып, ойлауын, қиялын дамыта отырып, сөздік қорын молайтамыз. Кейбір балалар тілі өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік, шыдамдылық танытпауы басым. Агрессивті балалармен жеке жұмыс жиі жүргізіледі. Балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, ата- ананың ұялы телефонды балаға көбірек ұстатып қоюы, балалармен араласып ойнауға, коммуникативті қарым қатынас болмағандықтан балалар ұйымдастырылған іс- әрекетке қызығушылақтарының төмендеуде. Осындай ауытқулардың бірнеше себептері бар. Бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және қоғамда тудырылатын мәселелер: өмірдегі және теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс тамақтанбау және ата-аналардың денсаулыққа қайшы келетін қылықтары, қиын отбасылардың көбеюі. Ата — аналардың ажырасып кетуі, Ата-аналардың көбі балалармен қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмеуі, оларда бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету. Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компьютер мен теледидар алмастырады. Осындай қиын сәттерге кездескен, немесе агрессивті балалармен жұмыста Құм терапиясын қолданған дұрыс. Құм терапиясы— ол адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады. Сонымен қатар, адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы зор. Жалпы әйнек бетіне сурет салуда құмнан өзге жарма, кофе, гречка, тұз сияқты басқа да ұсақ заттарды қолдануға болады. Құм сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі. Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады. Бағдарламаның мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі-бейнелік ойлауды, сөздік-логикалық ойлауды көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», тортарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және комуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді.
Бағдарламаның міндеттері
— Танымдық сезімдерін дамыту (зейін, жады, қиял, қабылдау)
— Интеллектуалдық ортаны қалыптастыру – ойлай білу, көрнекі — шынайылық, көрнекі — бейнелік, сөздік — логикалық, шығармашылық ойлау.
— Эмоционалдық және коммуникативтік ортаны (қарым — қатынастың табысты ағымына қажетті, ауызша және ауызша емес құралдарды қолдана отырып) дамыту.
Құм терапиясының маңыздылығы:
— сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлау мен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.
— Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.
Құм терапиясын 3 жастағы балалармен бастауға болады. Мысалы көгілдір түсті құмзар, онда бала мен ересек бірлесе ойнайды. Ойында ойыншықтар қолданылады.
Балалармен жұмыс істеу барысында балалардың сөйлеуі және сөздік қорын, шығармашылық қиялын дамытады.Өз ойын анық жеткізе алмайтын балалар құмға сурет салу арқылы баланың танымдық қабылеті байқалады..Құм терапиясы арқылы баланың мынадай құзіреттіліктері дамыды:
Шығармашылық
Танымдық
Интеллектуалдық
Қарым–қатынас
Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балалардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан — жақты дамуына Құм терапиясының тигізер үлесі өте зор. Құм терапиясының маңыздылығы:
— сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.
— іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады. Мен өз жұмысымда құмдық терапияны балалардың көңіл-күйін байқап, сол көңіл-күйлерін көтеру мақсатында қолданамын. Бәрімізге таныс бұл зат жай ғана – құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып керемет материал. Құм әр түрлі болады. Жеңіл және құрғақ, ауыр және сулы, ол әр түрге ыңғайланады. Бірақ бұл құмнан жасалған фигураларда шашылып тіл алмай қоюы да мүмкін. Балалар сағат сайын үйлер, фигуралар жасап жаз мезгілінде жай ғана құмның үстімен жалаңаяқ жүруге де болады.Қазіргі заманның құм суретшілері құмнан портрет, пейзаждар, мультфильмдер жасайды. Құммен сурет салу техникасы қазір өте танымал. Құм өнері барлық әлемге кең таралған. Күнделікті ұйымдастырылған іс әрекетімде құммен ойын үнемі жүргіземін. Құммен жұмыс жасаған балалардың қиялы әр түрлі болып келеді. Балалар құмға сурет салу арқылы өз ойын, шығармашылығын шыңдайды. Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан — жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады. Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан — жақты дамуына «Құм терапиясының» тигізер үлесі өте зор.
1.Білім берудің мақсаттары мен міндеттері: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі-бейнелік ойлауды, сөздік-логикалық ойлауды көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
2.Білім беру процесінің жалпы жоспары: жыл бойы бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру.
3.Оқу жылының құрылымы: ұйымдастырылған іс әрекетті оқу жылына сағат санына бөлу
4.Тақырыптық бөлімдер: Құмды қолдана отырып зейінін, шығармашылық тұрғысынан ойлауды дамыту
Құм терапиясын қолданудың әдіс — тәсілдері:
1. Әңгімелесу
2. Түрлі – түсті құммен сурет салу
3. Танымдық ойындар
4. Коммуникативтік ойындар
«Құм терапиясы» ұйымдастырылған іс әрекетінің тақырыптық-перспективтік жоспары
Қорыта айтқанда «Құм терапиясының» негізін қалаушы Карл Густав Юнг «Қиялдау — ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама-қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» деген. Демек бала қиялындағы сөзбен айтып жеткізе алмайтын дүниесін құмға түсіре алатындығына көзім жетті. Бала қолымен және табиғатпен жасалған шынайы, тартымды және тартымсыз пішіндерді қолданады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.
Құм терапиясы арқылы баланың мынадай құзіреттіліктерін дамыттым:
Шығармашылық
Танымдық
Интеллектуалдық
қарым–қатынас
Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балалардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
«Құм терапиясы» ұйымдастырылған іс әрекеті
«Құм терапиясы» танысу
Мақсаты: құмның түрі түсімен, оның қасиетімен таныстыру.
Міндеттері: Мектеп жасына дейінгі баланы экологиялық мәдениетке табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және қоршаған ортаны таныту арқылы тәрбиелеу.
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Достар бері келіңдер
Қолдарыңды беріңдер,
Шаттық толы шеңберге
Қуанышпен еніңдер!
ІІ.Негізгі бөлімі:
Құммен ойын
Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм құрғақ , ылғалды болып келеді. Құмнан әр түрлі пішіндерді, саламыз.«Кинетикалық құм» арқылы біз геометриялық пішіндерді қолдана отырып, үй саламыз.Үй әр түрлі болуы мүмкін. Биік аласа, үлкен кішкентай. Ал балалар сіздермен бірге ғажайып қалашыққа саяхатқа барамыз. Көзімізді жұмамыз (көз алдымызға елесте еміз). Ғажайып қалашықта әр түрлі үйлер бар екен. Олар әр түрлі көлемде. Мысалы бір үй биік, түсі қоңыр, екінші үй аласа, сыртын сары түспен боялған.т.б.Ал енді балалар көзімізді ашып, сіздер өздерің қандай үйлерді көрдіңіздер? Сол үйлерді кинетикалық құммен саламыз.
Сергіту сәті:
Күн болып жанайық.
Мөлдір судай ағайық.
Гүл болып жайнайық,
Терең-терең демалып,
Жүгіріп-жүгіріп алайық.
ІІІ.Қорытынды:
Балалар байқадыңдар ма? құм адамды өзіне баулап тартып алады. Өзі сондай жұмсақ ерекше дүние. Бәріміз құмды жақсы көріп ойнадық. Бұның қасиеті де сол тартылыс күшінің мықтылығында жатыр. Құмды магнит деп те атауға болады. Құмның бізге пайдасы құммен жұмыс жасауда, ойнауда ашуға тез берілуден, алдын-ала сақтайды
Ойын іс-әрекет «Құм және оның қасиеті» (тәжірибе жасау)
Мақсаты: Құмды жерлерде тіршілік ететін ағзалармен және олардың жағдайымен бейімделумен таныстыру.Құмның шығу туралы қарапайым түсінік беру.
Білімділік: Құмның қасиетімен таныстыру, тәжірибе жасауға үйрету. Дамытушылық: Балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд,суреттер,бейнетаспа.
Сөздік жұмыс: Сусымалы,құрғақ,ылғал. Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,тәжірибе көрсету,түсіндіру.
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
ІІ. Негізгі бөлімі:
Балалар табиғат дегеніміз не? Табиғат екіге бөлінеді. Жанды және жансыз табиғатқа бөлінеді.
Тірі табиғатқа нелер жатады? Адамдар,ағаштар,құстар,жануарлар,өсімдіктер.Яғни көбиетін қореқтенетін өсетін жандар жанды табиғатқа жатады.
Ал жансыз табиғатқа нелер жатады?
тас, су ,ай,жұлдыздар жатады. Олардың жаны жоқ. Сол себепті жансыз табиғатқа жатады.
Балалар мен сендерге жұмбық жасырамын. Сендер ойланып, шешімін тауып көріңіздер.
Жұмбақ жасыру.
Жер бетінде жатады. Онымен ойнайсың.
Әртүрлі мүсін жасайсың (құм)
Балалар бүгін сендермен ғалымдар боламыз.
Ал ғалымдар дегеніміз кім?
Бүгін сендермен құмның қасиетін зерттеуге барамыз.Қазақстан жерінде шөлді дала бар екен.Біздер сол шөлді далаға саяхат жасаймыз.Ол жерде шөлге төзімді жануарлар ғана мекендейді.Мысалы.Түйе,кесіртке,құрт т.б.Ал өсімдіктен сексеуіл деген шөп өседі.Балалар қараңдаршы құмдар төбекшік болып жатыр.Құммен жұмыс жасамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.Балалар құмды ауызға салуға болмайды,оны шашуға болмайды жәнеде жеуге болмайды.
Тәжірибе №1.
Ыдыстағы құмды түтікше арқылы үрлейміз,желдің әсерімен төбешіктерге айналады.Ал енді ылғалды құмды байқайық,құмды үрлеп көрейік,үрленбейді.
Тәжірибе №2.
Жақын көрінетін шынымен қарап құмның пішіндерін анықтайық.Енді ылғалды құмды байқайық олар бір-біріне жабысып пішіндер көрінбейді.Құмның түсі қандай? Сары,ақшыл,ал ылғалды құм қара түсті.
Сергіту сәті:
Соз қолыңды оң жаққа
Соз қолыңды сол жаққа,
Қолды айналдыр бұлданбай,
Шеңбер жасап тұрғандай
Тәжірибе №3.
Балалар магнитке не жабысады? Темір.Енді құмға магнит салып байқап көрейік.Әсер етеді өйткені құмда темір құрамы бар.Енді стакандағы суға «варонка» қасықпен құм салайық,не байқадық тесіктен өтіп кетті су сияқты.Құм сусымалы және ол суға батып кетті.
Ал құмды не үшін пайдалануға болады?
Құрылыста,ыдыс жасағанда,шыны,айна.Балалар сендер бүгін ғалым болдыңдар,енді суретші боламыз өз еріктеріңмен сурет саласыңдар.
ІІІ.Қорытынды:
Балалар сендерге сабақ ұнадыма? Сабақты өзін-өзі бағалау әдісімен қорытындылайды.
Ойын -іс-әрекет « Құмзардағы ойындар»
Мақсаты:құмдағы ғажайып ойындармен таныстырып, түрлі ойындар ұйымдастырып, қызығушылықтарын арттыру.
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Қол алысып қане біз,
Достасайық бәріміз,
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
ІІ.Негізгі бөлімі:
Тосын сәт: Құм ханшайымы келеді. (Құм ханшайымы хатын оқып беру)
Балалар мен сендерге қызықты ойын тапсырмаларын дискке алып келдім. Седер оны теледидардан көре аласындар.
Бірінші тапсырма;
Құммен ойнау ережелерін білесіндер ма?
Ал балалар құммен амандасайық. Құмды шашуға болмайды, құмды ауызға салуға болмайды, құммен ойнағанда алжапқышты киеміз. Балалар құмды алақандарыңмен ұстаңдар, қатты ма? жұмсақ па? Құм құрғақ құм ба? Сулы құм ба? Қазір мен осы құмның арасына ойыншықтарды көміп қоямын. Ал балалар сендер ол ойыншықтар қандай ойыншық екенін тауып бересіңдер.
(кішкентай машина, сақина, асық, жапырақ т.б.)
Сергіту сәті:
Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Достық үйін құрамыз
Д/ ойын. «Қай жануар жоқ»
Шарты: Бала көзін жұмып тұрады. Құмзарда тұрған әртүрлі жануарлардың арасынан бірін балаға білдірмей аламыз. Бала көзін ашқанда қай жануар жоғын табу керек.ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетте сіздердің көңіл күйлерің қандай болды? Алдарыңда тұрған смайликтер арқылы көңіл күйлеріңізді білдіреміз. (Балалар өз ойларын айту, кері байланысқа түс
Ойын-іс-әрекеті «Құммен сурет сал»
Мақсаты:түрлі-түсті құмды дайындау және сурет салу әдістерін меңгерту.
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Қуанамын күлемін,
Жылы менің жүрегім,
Достарыма үнемі,
Риза болып жүремін!
Жұмбақ жасыру
Дәмі де жоқ,түсі жоқ.
Пайдаланбас кісі жоқ. (құм)
ІІ.Негізгі бөлімі:
Сурет салу «Күн»
Жәй қаламның көмегімен қағаз бетін Күннің суретімізді бейнелеп аламыз. Салған суретіміздің бөліктерін желіммен өңдейміз. Құмның сәйкес түсін себеміз. Құм осы жабысқақ сурет бөлігіне жабысқанда суретімізді тік ұстап артық құмнан тазалап аламыз. Осы ретпен суретіміздің барлық бөліктерін бояу арқылы дайын картина аламыз.
Сергіту сәті:
Күн шуағын жинаймын.
Достарыма сыйлаймын.
Күн жылуын аямасын,
Шуағымен аяласын.
Достық деген бәйтеректі
Барлық бала саяласын
«Сиқырлы жұмыртқа» ойыны
Әр бала жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, сурет салады. Әр түрлі түрлі түсті бояулар қолданады.
ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған ісәректтің сіздерге қызықты, және қызықсыз сәттерін айтамыз.
Ойын-іс-әрекеті «Түрлі – түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты: Балалардың есту арқылы есте сақтауын дамыту.
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Бар елде, әлем де тыныштық!
Менде де, сенде де тыныштық!
Бар елде, әлемде тыныштық!
Отбасы ішінде тыныштық!
ІІ.Негізгі бөлімі:
Балалар сіздердермен бірге «Түрлі – түсті доптар» жаттығуын ұсынамын. Сендер жаттығу шартын мұқиат тыңдаңыздар. Құм бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал. Балалар доптардың суреттерін салады.
«Менің көңіл — күйім» жаттығуы
Мақсаты: Көңіл — күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл — күйлеріңді суреттеп салыңдар.
Сергіту сәті:
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін алманың,
Анамызға сылайық.
ІІІ.Қорытынды:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгін келген апайларға,
Сау болыңыз деп айтамыз.
Ойын-іс-әрекеті Құмнан «Қорған» салу
Мақсаты: Балаларға құм түрлері жөнінде түсінік қалыптастыру. Ойнау арқылы шығармашылығын дамыту.
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
ІІ.Негізгі бөлімі:
Балалар бүгінгі іс- әрекетімізде Құм патшалағына саяхаттап барамыз. Ол жерде құмның түр түрі бар екен. Құм патшалығына. Құмды көріп жүрсіңдер ме? Қайдан? Аулада, су жағасында Дұрыс су жағасында. Ендеше келесі кедергіден өті үшін аяғымызды суламай аттап аттап жүрсек құм патшалығына жетеміз, аяғымызды суламай аттап өтуіміз керек, сулап алсақ қалып қоямыз құм патшалығына бара алмай аттап шығып кетеміз.Құмнан қорған саламыз.Балалар қолдарыңды құмға салыңдаршы, құм қандай? Салқын, жылы, құрғақ, сулы ма? Құмнан алған әсерімен бөліседі.
«Ертегі құрастырайық» ойыны
Ойынның барысы: ойынға қатысушы оқушылар дөңгелене шеңбер құрып отырады да, ойын жүргізушісінің бастаған ертегісін құрастыруды кезектесіп жалғастырады. Жүргізуші: ал, балалар мұқият болып, бір — біріңді зейін қойып тыңдаңдар. Сонымен қатар іштеріңнен өз ойларыңды дайындап, ойланып отырыңдар. Ертегі құрастыруды бастадық: «Ерте, ерте, ертеде…»- деп жүргізуші ертегінің басын бастап, келесі отырған ойыншы оны жалғастырады. Сөйтіп, шеңбер бойымен жалғаса береді. Жүргізушінің кезегі қайтадан келген кезде, ол ертегінің мазмұнын мағынасына қарай бағыттап жібереді, ал ойын жалғаса береді. Ойынның соңында тапсырманы орындау қиын болды ма, ертегінің мазмұнына құрастыру қаншалықты қиынға соқты деген сұрақтар төңірегінде талқылаулар жүреді.
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған ісәректте қандай өызыөты сәттер болды?Құммен қорған салу барысында, қандай қызықты сәттер болды?
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Балалардың көніл күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Мақсаты: Құмға әріптер жазуға үйрету, саусақ моторикаларын арттыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
ІІ.Негізгі бөлімі:
Балалардың көңіл күйін, және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық жаттығулар.
«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау; — Бір — біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз). Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз).
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар
жасаңыздар). Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды. Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты. Жел соқты. Жел басылып келеді.
Жағымды сөздер.
Мақсаты: Өзін — өзі одан әрі ашу, өзін — өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез — келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.
ІІІ.Қорытынды: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған ісәректте қандай өызыөты сәттер болды? Құммен қорған салу барысында, қандай қызықты сәттер болды?
Ойын-іс-әрекеті «Қиялды дамытуға арналған жаттығулар»
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Күніміз ашық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
ІІ.Негізгі бөлімі:
Ине мен жіп
Мақсаты: қиялды және шығармашылық қабілетін дамыту.
Жүргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз
алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан
шығады.
«Ойыншықты сипатта»
Мақсаты: шығармашылық қиялды дамыту.
Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынады.(1 минут)
Мысалы: қуыршақ, қоян, түлкі, түйе т. б. Алынатын ойыншықтар түрлі – түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр – түсі, пішіні, көлемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап әңгімелеп беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай
жалғастырады.
ІІІ.Қорытынды: Балалар бүгінгі ойыннан алған әсері туралы өз ойларымен бөлісу.
Ойын-іс-әрекеті « Өнер күйзелісті емдейді»
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.
Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)
Армысың, менің досым!
ІІ.Негізгі бөлімі:
«Ауа,су және жарық» шығармашылық ойыны.
Мақсаты:Берілге суреттегі сурет пен сөздеді байланыстыра отырып, сөйлем құрастыру. Балаладың ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.
Ерте,ерте, ертеде, осыдан көп жыл бұрын құстар шөлдеп, қаталапты,ағаштар қурап қалыпты, гүлдер солады. Шөлдеген құстар желден көмек сұрайды. Көмектесуге уәде берге жел күнге келеді. Күн көлдердің, көлшіктердің суын қыздыра бастады. Су тамшылары буға айналып, аспанға көтерілді. Ол жерде тамшылар бір-бірімен қосылып, бұлтқа айналды. Жерге жаңбыр жауды. Жер рақаттана демалды. Жаңбыр суына шөлі қанған өсімдіктер мен құстар қуанды. (балалар табиғат суретін салады.)
«Көбелектер әлемі» жаттығуы
Мақсаты:релаксация және қиялын дамыту. Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)
Жаттығудың өтілу барысы: Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады. Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғында жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаныңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғынға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар.Енді көздеріңді ашыңдар! Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.
ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгінгі іс-әрекетімізде алған әсеріміз туралы айтамыз.
Ойын іс-әрекеті « Құмдағы сиқырлы іздер»
Мақсаты: Құмда жаттығулар жасау арқылы саусақ моторикасын дамыту , ойынға қызығушылықтарын арттыру.
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп ,
Бас иеміз біз.
ІІ.Негізгі бөлімі:
«-балалар біз сіздермен қазір құммен ойнауға ойнаймыз. Алақаныңызды құмға қойыңыз, құмның бетінен әрі-бері алақанды сырғанатыңыз;
Алдымен алақанмен жасаңыз.
Кейін жұдырықпен жасаңыз.
Қолыңыздың арт жағымен жасаңыз.
— әр саусақпен кезектесіп, оң және сол қолмен құмның үстіне із қалдырыңыз , алдымен құмға бір саусақпен, содан кейін екінші саусақпен , содан кейін барлық саусақтарымен бір уақытта із қалдырып жасаңыз;
* құмды алақанмен алып, оны құм жәшігіне баяу төгіңіз
* екі қолдың бүкіл алақанмен құмға тигізіңіз — ішкі, содан кейін артқы жағын;
* саусақтардың, алақандардың арасына құмды ысқылаңыз.
Сергіту сәті:
Отыр екен бір қоян,
Ұзын құлақ сұр қоян.
Міне – міне.
Отырыстан тоңады,
Шапалақты ұрады.
Шақ – шақ, шақ – шақ.
Көп тұрмастан аяқты,
Топылдатар аяқты. Топ – топ, топ – топ.
ІІІ.Қорытынды:
Құммен ойнаған ұнады ма?
Құмнан жаңбыр жасауға болады ма екен?
Сен жасай алдың ба?
Ойын іс-әрекеті «Құмдағы жануарлар »
Мақсаты: құмға жануарлар іздерін салу, жануар мен аңдардың іздерін ажырату, қиялдарын дамыту , шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне, мен!
Доспын енді сенімен.
ІІ.Негізгі бөлімі:
«Бұл ненің ізі?»
«Аюлар келеді» — бала жұдырықтарымен және алақандарымен құмға күшпен басады.
«Қояндар секіреді» — бала саусақтарының ұшымен құмның бетіне әр түрлі бағытта қозғалады.
«Жыландар жорғалайды» — бала босаңсыған / шиеленіскен саусақтарымен құмның бетін толқынды етеді (әр түрлі бағытта).
«Өрмекші –жәндіктер жүгіреді «-бала жәндіктердің қозғалысын имитациялай отырып, барлық саусақтарын қозғалтады (сіз қолыңызды құмға толығымен батыра аласыз, қолдарыңызды құмның астында бір — біріңізбен кездестіре аласыз — «қателер сәлем береді»).
«Кроказябла» — балалар құмда әр түрлі із қалдырады, осындай із қалдырған фантастикалық жануардың атын ойлап табады
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық . Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп .Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық.Белiмiздi жазайық.
Оңға-оңға түзу тұр . Солға-солға түзу тұр
Жоғары-төмен қарайық . Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап .Бiр шынығып алайық.
ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетте сіздердің көңіл күйлерің қандай болды? Алдарыңда тұрған смайликтер арқылы көңіл күйлеріңізді білдіреміз. (Балалар өз ойларын айту, кері байланысқа түсу.
Ойын-іс-әрекеті «Құмдағы жаңбырлар»
Мақсаты: құмда жаңбыр жасау арқылы саусақ моторикасын дамыту, құмның қасиетін ұғындыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
ІІ.Негізгі бөлімі:
Қызығушылығын ояту
Суретте нені көріп тұрсыңдар?
Жаңбыр жауғанда біз қандай боламыз?
Құмнан жаңбыр жасауға болады деп ойлайсыңдар ма?
Құмды жаңбыр .Ойын барысы:Қолға құмды алып ақырындап тырс – тырс деп жаңбыр жаудыру. Бала жайлап, содан соң жылдам құмды өз жұмырдығынан құмжәшікке ересектердің алақанына, өз алақанына шашады. Бала көзін жауып және құмға саусақтарын ашып алақанын қояды, ересек адам қандай да бір сауасағына құм себеді, ал бала осы саусақты атайды. Содан соң олар рөлдерімен ауысады.
Сергіту сәті:
Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соқты.
Жаңбыр жауды.
Бұлт шатырлады.
ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетте сіздердің көңіл күйлерің қандай болды? Алдарыңда тұрған смайликтер арқылы көңіл күйлеріңізді білдіреміз. (Балалар өз ойларын айту, кері байланысқа түсу)
Ойын іс-әрекеті «Құмдағы жел»
Мақсаты: құмнан жел жасауды үйрету, шығармашылығын арттыру, құмдағы желдердің пайда болуын ұғындыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Біздің топта балалар,
Тату –тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
ІІ.Негізгі бөлімі:
Ой шақыру .Желдің дауысы беріледі
-балалар ненің дауысы деп ойлайсыңдар
-далада жел болғанда не болады?
-осы желді құмда да жасауға болатынын білесіңдер ме?
Құмдағы жел. Ойын барысы: Балалар құм үстінде шұңқырды пайда болғанша үрледі. Осы ойындарға коктейлге арналған бір рет пайдаланатын түтікшелерді қолдануға болады.
Сергіту сәті: Ұшты-ұшты құлын ұшты.
Ұшты-ұшты мұрын ұшты.
Ұшты-ұшты кептер ұшты.
Ұшты-ұшты дәптер ұшты.
Ұшты-ұшты қарға ұшты.
Ұшты-ұшты арба ұшты.
ІІІ.Қорытынды:
Саған ойын ұнады ма ?
Құмды жел жасай алдың ба?
Несімен ұнады?
Ойын іс-әрекеті «Құмдағы жасырынбақ-тар»
Мақсаты: құмдағы жасырынбақ ойыны арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!
ІІ.Негізгі бөлімі:
Құмдағы жасырынбақтар
Өзіңізге ұнайтын ойыншықтарды таңдаңыз. Сіз көзіңізді жұмасыз, олар құмға тығылады, мен айтқаннан кейін: көздер ашылады, ойын басталады», сіз оларды құмнан табуыңыз керек. Сіз құмды үрлей аласыз, саусақтарыңызбен қазып, таяқшаларды, қолдана аласыз».
Ойынды әртараптандыру үшін ересек адам балаға «Мина» ойыншығын көрсетеді, оны толығымен қазып алуға болмайды. Қазба жұмыстары кезінде оның бір бөлігі құмның бетінде пайда болғаннан кейін, бала қазбаларын тоқтатып, оларды басқа жерде жалғастыруы керек. Егер бала ережені ұмытып кетсе, ол ойын айыппұлын қолданады, сондықтан ол ойыншықтарды өте мұқият қазып алуға мәжбүр болады.
Сергіту сәті:
Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн
ІІІ.Қорытынды:
Құммен бұрын ойнап көргенсің бе?
Онымен ойнаған саған ұнайды ма?
Құм қандай ?
Түсі қандай?
Құмнан ненің суретін салдың.
Ойын іс-әрекеті «Қалыптардың көмегімен мүсіндеу»
Мақсаты: құмға мүсіндер жасауды үйрету, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды даламыз
ІІ.Негізгі бөлімі:
Пішінді басып шығару
Кескін жасай отырып, бала құмнан өз ғимараттарын қиыршық тастар, желелер, тұқымдар, қабықтар немесе басқа табиғи материалдардың көмегімен безендіре алады. Оған құмға үлгіні, геометриялық фигураларды, әртүрлі заттардың контурларын, мысалы, ұшақты, күнді, гүлді немесе бүкіл суретті қалай салуға болатындығын көрсетіңіз.
Құмда басып шығару арқылы кескіндер жасауға болады. Басып шығару үшін түбі жоқ пішіндерді пайдалануға болады. Сіз қарапайым қалыптарды қолдана аласыз, әртүрлі пішіндер мен мөлшердегі әсерлерді біріктіре отырып, олардан үлгі және тіпті сурет жасай аласыз.
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.
ІІІ.Қорытынды:
қай жасаған жұмысың ұнады?
Құммен бұрын ойнап көргенсің бе?
Онымен ойнаған саған ұнайды ма?
Құм қандай ?
Түсі қандай?
Құмнан ненің суретін салдың
Ойын-іс-әрекеті «Құм себудің пайдасы»
Мақсаты: құм себу арқылы саусақ моторикасын дамыту, логикалық ойлауын арттыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Таза ауаны жұтайық
ІІ.Негізгі бөлімі:
Құмды бөтелке , немесе шөлмекке құю
Балаларға тәрбиешінің көмегімен бөтелкеге құрғақ құм құю ұсынылады.Біреуі шұңқырдың көмегімен, ал екіншісі шұңқырсыз. Тәрбиеші шұңқыр болған бөтелкеге шұңқырсыз бөтелкеге қарағанда көбірек және ұқыпты құм құйылғанын айтады. Құм контейнер түрінде болады.
Екі қол арқылы құмда сурет салу
Біз екі щетканы аламыз. Құмға бір уақытта екі қолмен әр түрлі өрнектер салыңыз-жаңбыр, күн, бұлт және т. б.
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
ІІІ.Қорытынды:
Ыдысқа құмды құю қалай болды?
Қалай құйған ыңғайлы екен?
бала-бақшадан басқа жерлерде құмды құйып ойнаған кезің болды ма?
Ойын-іс-әрекеті «Құмдағы затты табыңыз»
Мақсаты: сипап сезу қабілеттерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды даламыз
ІІ.Негізгі бөлімі:
Тышқанның құпия тапсырмалары
Қолымызды құмға не батырамыз? оны құмның астына жылжытамыз. Содан кейін әр саусақты ақырын қазып алады Осыдан кейін олар бір-бірінің қолдарын қазады (сіз құмға үрлей аласыз, қауырсындарды, таяқшаларды, щеткаларды қолдана аласыз).
барлық әрекеттерді көзді жұмып орындау-құмнан бір-бірінің саусақтарын іздеу.
Құпиялы заттар ойыны
Ересек адам құмсалғышта плексигласс бөліктерінен (мөлдір пластиктен) және кәмпиттерден, қиыршық тастардан, гүлдерден, жапырақтардан және т.б. құмсалғышта «құпияларды » құру тәсілдерін көрсетеді. Бала «құпияны» мұқият қазып алуы керек, осылайша құмда «ойық » пайда болады. Содан кейін балалар бір-бірінің «құпияларын» өздері жасайды және іздейді.
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
ІІІ.Қорытынды:
Сабақ ұнады ма?
Сен қандай құпия зат жасырдың?
Қандай құпия затты таптың.
Ойын іс-әрекеті «Құмдағы көңілді саяхаттар»
Мақсаты: құмдағы жаттығуларды жасау арқылы саусақ моторикасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Қане біздер қол ұстасып,
Күлімдесіп қарайық.
Бір — бірімізге «сәлем» айтып,
Шүбірлесіп тарайық.
ІІ.Негізгі бөлімі:
Тосын сәт:
Тәрбиеші: Қараңызшы, мұқият және желден: бүгін біз немен саяхатқа шығамыз? (көлікпен)
— Әрқайсысын бір көліктен алыңыз және оны қалай атаңыз
ол кімнің түсі. (Балалардың жауаптары.)
— Енді жолға шығайық. Әр көлік жүреді
өз жолында: көк машина — көк жолда, қызыл
машина — қызыл кілемде, жасыл машина-жасыл
жол, сары машина — сары жол бойымен.
Біздің машиналар түрлі-түсті мүйіздерден өтті. Біз де қазір осы жолдармен жүреміз.
— Бірінші жолдың түсі қандай? екінші? үшінші?төртінші?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
— Кім сары жолмен жүргісі келеді? Көкке дейін кім мүйіз? Қызыл кілемде кім бар? Жасыл жолда кім бар?
Сергіту сәті:
Ұшып келді бір топ қаз,
Қонған жері, бірақ саз.
Сазды шоқып, тағы шоқып,
Ұшып кетті бір топ қаз.
ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетте сіздердің көңіл күйлерің қандай болды? Алдарыңда тұрған смайликтер арқылы көңіл күйлеріңізді білдіреміз. (Балалар өз ойларын айту, кері байланысқа түсу)
Ойын іс-әрекеті «Құмдағы саңырауқұлақтар»
Мақсаты: саңырауқұлақтардың пішіндерін жасауды үйрету, шығармашылық қабілеттерін арттыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
ІІ.Негізгі бөлімі:
«Құмды жаңбыр» жаттығуы.
Бүгін құмды елде жаңбыр жауады. Жұдырықшадан құмсалғышқа шырынын құйыңыз, жаңбыр жасаңыз.
«Сиқырлы саңырауқұлақтар» жаттығуы .
Тәрбиеші: Жаңбырдан кейін жақсы өсетін өсімдікті білесіздер ме?(Саңырауқұлақтар.)
— жаңбырдан кейін біздің құмды елде көптеген саңырауқұлақтар өсті.
— Бұл саңырауқұлақтар бір-бірінен қалай ерекшеленеді? (Үлкен және кіші)
— Бұл саңырауқұлақтарды себеттерге жинайық . Себеттер бірдей ме?
— Олар қалай ерекшеленеді? (Үлкен және кішкентай.).
— Біз қазір үлкен саңырауқұлақтарды үлкен себетке жинаймыз,
ал кішкентайлар-кішкентайға.
Саңырауқұлақтарды жасау.
Құм алаңына әртүрлі пішінде саңырауқұлақ жасау.
Сергіту сәті:
Бетімізге жел соғады,
Тербеледі ағаштар.
Тына қалса қатты жел,
Тоғай биік көрінер.
ІІІ.Қорытынды:
Саңырауқұлақ туралы не білдіңіздер?
Саңырауқұлақ жасай алдыңыздар ма?
Саңырауқұлақтардың қалпақшалары қандай болады?
Ойын іс-әрекеті «Құмдағы қорқақ тасбақалар»
Мақсаты: тасбақалар арқылы берілген жаттығуларды орындау, жануарлар туралы білімдерін арттыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Қуан,шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
ІІ.Негізгі бөлімі:
«Құм тасбақалары».
Бүгін біз ертегі аралына барамыз, әр түрлі тасбақалар тұратын жерде. Олар құмды жерлерді өте жақсы көреді.
Алақаныңызды құмға батырыңыз.
Балалар тапсырманы орындайды.
Тәрбиеші сұрақтары:
— Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?
— Сізге ұнай ма, жоқ па?
— Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?
— Сіз қорқынышты сезінесіз бе?
— Енді алақаныңызды сыртқа бұрыңыз, сіз қандай сезімде болдыңыз? (Балалардың жауаптары.)
«Ұйқыдағы тасбақалар»
Елестетіп көріңізші, сіз тасбақаға айналдыңыз. Түн келді. Олар бастарын тартып қабықтың астына тығылды , аяқтарын денеге қысып, көздерін жауып тастады . (Балалар тәрбиеінің нұсқауымен әрекеттерді орындайды.)
Тасбақалар тәтті ұйықтайды. Түн атады . Сол сәтте қабықтың астындағы тасбақалар баяу оянады, мұқият саусақтарын қимылдатып, аяқтарын жылжытып, көздерін ашып, бастарын баяу көтеріп, мойындарын созып, аяқтарын созылып, жоғары көтерді , айналасына қызығушылықпен қарады.
Қайырлы таң, тасбақалар. (Балалар тәрбиеінің нұсқауымен әрекеттерді орындайды.)
Сергіту сәті:
Бас бармағым — әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортақ тірек – ағам,
Шылдыр шүмек апам,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетте сіздердің көңіл күйлерің қандай болды? Алдарыңда тұрған смайликтер арқылы көңіл күйлеріңізді білдіреміз. (Балалар өз ойларын айту, кері байланысқа түсу)
Ойын іс-әрекеті «Құмға әдемі құстарды бейнелеу»
Мақсаты: құстарды жасау қиялдарын дамыту, құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Күнге қарап қолымды
Бір, екі, үш деп соғайын
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын
Жылы-жылы жүзбенен,
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын.
ІІ.Негізгі бөлімі:
Балалар шыны құмсалғышқа әдемі құсты салыңыз және оны безендіріңіз.
Құс дайын болған кезде тәрбиеші балаларға кһздерін жабуды ұсынады
және оймен оған қасиеттер береді. Содан кейін тәрбиеші құмсалғыштағы жарықты қосады.
Біздің әдемі құсымыз қалай жарқырағанын қараңыз. Оған қандай қасиеттер бергеніңізді айтыңыз.
Сергіту сәті:
«Бір минуттық еркелік»
Мен қазір дабылды ұрамын, сіздердің әрқайсыларыңыз не істегілеріңіз келеді соны жасаңыздар — секіру, жүгіру, құлау және т. б. әлі болған кезде
дабылға бір рет соққы беремін — барлық еркеліктер тоқтайды
ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетте сіздердің көңіл күйлерің қандай болды? Алдарыңда тұрған смайликтер арқылы көңіл күйлеріңізді білдіреміз. (Балалар өз ойларын айту, кері байланысқа түсу)
Ойын іс-әрекеті «Көңіл-күйім осындай»
Мақсаты: құмдағы жаттығулар арқылы көңіл күйлерін көтеруді үйрету, шығармашылық ізденісін қалыптастыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Ал балалар тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық
Сауысқан болып секіріп
Тоқылдақ болып шоқиық
Торғай болып қонайық
Қане, қанат жазайық
Қарлығаш болып ұшайық
Ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
ІІ.Негізгі бөлімі:
Біз түрлі көңіл-күйлерді құмға саламыз (қайғылы, көңілді, қуанышты және т.б.). Талқылаймыз балалармен тәуелді көңіл-күй ретінде көрінеді адам, оның жақсы көңіл-күй, мұңды жағдайларды.
Сергіту сәті:
Отырып-ақ орныңда
Айдың көлді кешемін
Сен білмесең егерде
Былай ескек есейін.
ІІІ.Қорытынды:
Қандай көңіл-күйді көбірек салдың ?
Неге ол көңіл -күйді салдың ?
Сенің дәл сабақтағы көңіл күйің қайсысы?
Жағымсыз көңіл күй қасыңдағыларға қалай әсер етеді?
Ойын-іс-әрекеті «Кім көп моншақтарды табады?»
Мақсаты: сипап сезу , түстерді ажырату дағдыларын дамыту , дүниетанымдарын қалыптастыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
ІІ.Негізгі бөлімі:
«Моншақтар»
Енді сіз бен біз құмның арасынан моншақтарды жинаймыз.
Әр бала бір түсті моншақтарды жинайды. Кім көп моншақ жиналғандығын анықталады.
— Әрқайсыңызда қандай түсті моншақтар бар екенін атаңыз.
(Балалардың жауаптары: қызыл, көк, сары, жасыл.)
Сергіту сәті:
Балалар бір-біріне иықтарын кезек-кезек тигізеді,
көзге күлімсіреп қарайды
ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетте сіздердің көңіл күйлерің қандай болды? Алдарыңда тұрған смайликтер арқылы көңіл күйлеріңізді білдіреміз. (Балалар өз ойларын айту, кері байланысқа түсу)
Ойын іс-әрекеті «-Құмдағы геометриялық фигуралар»
Мақсаты: геометриялық денелер туралы ұғындыру , шығармашылық, ойлау қабілеттерін арттыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Армысың, шапағатты Күн-Ана!
Армысың, қайырымды Аспан-Ана!
Армысың,мейірімді Жер-Ана!
Құт дарып, әлемді жарылқа!
ІІ.Негізгі бөлімі:
Қызықты геометриялық денелер
Құмға геометриялық фигураларды салыңыз:
шеңбер, шаршы,үшбұрыш.
Тапсырмалар:
1)барлық үшбұрыштарды,
2)барлық квадраттарды,
3) барлық шеңберлерді санау.
Құмды шеңбер.Ойын барысы: Бала құмда әр түрлі тәсілде шеңбердің суретін салады және оны әр түрлі заттармен: қақпақтармен, тастар, тұқымдармен, түймелермен, тиындармен, моншақтармен безендіреді. Бала өз «құмды шеңберіне» ат қоюына болады. Сонымен бірге осындай амалды ол өз алақаны таңбасымен жасауға да болады.
Сергіту сәті:
Балалар шеңберде тұрады, кезек-кезек шеңбердің ортасына қадам жасайды
олар олардың көңіл-күйі «тамаша» деп дауыстайды .
ІІІ.Қорытынды:
Қандай геометриялық денелерді білесің?
Неше үшбұрыш салдың?
Кім көп шеңбер салды?
Шеңберді салу қиынға соқпады ма?
Шеңберді немен безендірдің ?
Тағы қандай сурет салғың келеді?
Ойын іс-әрекеті «Құмдағы құрылысшылар»
Мақсаты: құмнан сәулетті ғиматтар жасауды үйрету, саусақ моторикаларын арттыру, шығармашылыққа қызығушылығын қалыптастыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге!
ІІ.Негізгі бөлімі:
Біз үстелдерге барамыз. Үстелде қалыптар бар , әр түрлі тесіктермен. Осы тесіктерді құммен толтырамыз, алдымен шеңберлер, содан кейін квадраттар, содан кейін үшбұрыштар.
Құмдағы құрылысшылар
Колобок тек дөңгелек пішінді үйлерді жақсы көреді
Жираф тек тікбұрышты, ал бегемот төртбұрышты үйде тұрғысы келеді. Құмсалғыш тұрғындарына көмектесіңіз. Жоғарғы оң жақ бұрышта бегемот өмір сүреді. Қажетті рамекинді таңдап, басып шығарыңыз».
Сол сияқты, педагог балаға құмсалғыштың барлық тұрғындарын орналастыру тапсырмасын береді. Тапсырманы жоспарға сәйкес ойыншықтарды орналастыру арқылы көбірек кейіпкерлерді енгізу арқылы қиындатуға болады.
Сергіту сәті:
Бір,екі, үш
Қолға қалам аламыз
Әдемі етіп жазамыз
ІІІ.Қорытынды:
-қай жануарға жасаған үйің ұнады?
-барлық үйлерді нұсқаулыққа сай орналастыра алдың ба?
Ойын іс-әрекеті «Жамандықты жеңемін»
Мақсаты: құмдағы жаттығулар арқылы көңіл-күйлерін көтеру , жаттығуларды жасауға дағдыландыру, дүниетанымын арттыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Мынау аспан астында
Жақыс дос көп табылар
Менде с оның бірімін,
Сыйлығымды қабыл ал!
ІІ.Негізгі бөлімі:
«Ашудың жеңімпазы» ойыны баланы деструктивті мінез-құлық үшін жазадан қорықпай, ашуланшақтықпен күресуге үйрете алады.
Бүгін біз көңіл-күй туралы сөйлесетін боламыз. Сізде не бар? Ашуланған кезде сізге не болады? Сіз ашуланған кезде ересектер не айтады және не істейді? (Баланың жауаптары).
Сіздің зұлым көңіл-күйіңіз сізді ересектер ашуланатын және ренжітетін әртүрлі нәрселерді жасауға және айтуға мәжбүр етеді.
Құмның көмегімен өзіңіздің ашуыңызды қалай мүсіндеуге және көруге болатынын қараңыз, содан кейін оны жеңіңіз. (Егер баланың кернеуі тым жоғары болса, онда бұл жағдайда сіз оған құмды күшпен сығып, құмның бетін жұдырықпен және т. б.)
Тәрбиешінің көмегімен бойынша бала дымқыл құмнан доп жасайды, онда ол ойықтарды білдіреді немесе көзді, мұрынды, ауызды тартады: «бұл допта қазір сіздің ашуыңыз өмір сүреді». Содан кейін бала кез-келген жолмен құм допын бұзады, сиқырлы сиқырды айтады: «біз ашуды қуып жібереміз, қуанышты шақырамыз.Осыдан кейін бала қолымен құмның бетін баяу тегістейді және оған алақанының іздерін қалдырады — тыныштандыру, тепе-теңдік табу және өз сезімдерін бақылау: «мен ашуымды жеңдім. Мен тынышпын». Қаласаңыз, бала құмдағы алақан іздерін безендіре алады. Балалар ою өрнетегі құмды қағаз бетіне жапсырады.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Жинап алдық күш
Төрт, бес, алты
Біз жазамыз мықты
Дәптерімізді ашайық
Көрсетілген үлгіге,
Әдемі етіп жазайық
ІІІ.Қорытынды:
Сабақ ұнады ма?
Сурет салу ұнады ма?
Ойын іс-әрекеті «Құм патшалығында»
Мақсаты: құм арқылы жасалатын жаттығулар арқылы саусақ моторикасын дамыту, логикалық ойлауын арттыру
І.Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Алақай-ау, алақай!
Той тойлайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық, балақай!
Балалар қол соғады.
ІІ.Негізгі бөлімі:
Әлемді құммен жасаймыз
Педагог құмсалғышта әр түрлі жанды және жансыз заттарды — қала, ауыл, орман, өзен, көл, арал салу тәсілдерін көрсетеді, содан кейін ойын түрінде баланы өздігінен және нұсқауларға сәйкес әр түрлі ерекше әлемді салуға жетелейді
Сергіту сәті:
Бір, екі,
Тарта шеті.
Үш, төрт,
Ерінбестен бас көтерт
Бес, алты,
Қолын артқа.
Жеті сегіз
Отыр дейміз
ІІІ.Қорытынды:
Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетте сіздердің көңіл күйлерің қандай болды? Алдарыңда тұрған смайликтер арқылы көңіл күйлеріңізді білдіреміз. (Балалар өз ойларын айту, кері байланысқа түсу)
Қолданылған әдебиеттер:
Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Т.М. Грабенко « Чудеса на песке» практикум по песочной терапии. Из-во « Речь» 2005 год
Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Т.М. Грабенко « Игры в сказкотерапии» СПб 2008
М.В. Кисилева «Арт-терапия в работе с детьми»СПб 2006
Балапанов Е .Қ.Бөрібаев Б.Б. Ақпараттық мәдениет негіздері. Әдістемелік нұсқау-Алматы,2005жыл.
Венгер Л.А. Қабылдау мен оқыту-М.Просвещение 1969жыл
Т.Д. Зинкевич-Евстигнеева Практикум по сказкотерапии СПб 2013
7.Сакович Н.А. Технология игры в песок. Игры на мосту. – СПб.: Речь, 2006. – 176 с.
8. Грабенко Т.М., Зинкевич-Евстигнеева Т.Д. Чудеса на песке. Песочная игротерапия. – СПб.: Институт социальной педагогики и психологии, 2005. – 50 с.
9. Хоменко И.Н. Коррекционно-диагностический комплекс «Песочная магия» / И.Н. Хоменко. – СПб.: ИМАТОН, 2009. – 44 с
10. Грабенко Т.М. Игры с песком, или песочная терапия / Т.М. Грабенко // Дошкольная педагогика. – 2004. – №5