Қазақстан журналистикасының тұрақсыздануы: себептері және салдары

Асылбайқызы Маржан
«Тұран» университеті, Алматы қаласы, Журналистика мамандығының 1-курс студенті
Жетекшісі: Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы

Қазақстан журналистикасының тұрақсыздануы: себептері және салдары

Аңдатпа: Қазақстан журналистикасы соңғы онжылдықта әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістермен бірге кәсіби тұрақсыздықтың әртүрлі көріністеріне тап болды. Журналистердің еңбек жағдайларының нашарлауы, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қорғалмауы, кәсіби дербестіктің шектелуі, сондай-ақ сөз еркіндігінің шектеулі сипаты негізгі мәселелердің қатарында. Сонымен қатар, медиа кеңістіктің саяси және экономикалық ықпалға тәуелділігі, мемлекеттік бақылаудың артуы мен коммерциялану үдерісінің күшеюі тұрақсыздықтың құрылымдық себептерін айқындайды.

Мәселенің мән-жайын ашуда медиаға қатысты нормативтік актілер, халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдарының (Reporters Without Borders, Human Rights Watch, Құқықтық медиа орталығы) деректері, сондай-ақ отандық және шетелдік ғылыми еңбектер негізге алынды. Эмпирикалық материал ретінде соңғы бес жылда тіркелген еңбек даулары, сот процестері, қысым көрсетілу фактілері мен еңбекақыға байланысты жанжалдар қарастырылған. Бұдан бөлек, қазақстандық медиасфера өкілдерімен жүргізілген терең сұхбаттар мен контенттік талдау нәтижелері назарға алынды.

Алынған мәліметтер медиа саласындағы институционалдық әлсіз тұстарды, журналистер мәртебесінің әлсіреу себептерін және ақпарат еркіндігіне төнетін қауіптерді ашып көрсетеді. Сонымен қатар, қазіргі медиа кеңістіктің ерекшеліктеріне қатысты маңызды ғылыми тұжырымдар мен іс жүзінде қолдануға болатын ұсыныстар ұсынылды.

Түйін сөздер: журналистика, тұрақсыздану, цензура, заңнама, медиа, ақпарат, қоғам, тәуелсіздік.

ДЕСТАБИЛИЗАЦИЯ КАЗАХСТАНСКОЙ ЖУРНАЛИСТИКИ: ПРИЧИНЫ И ПОСЛЕДСТВИЯ

Аннотация: Казахстанская журналистика за последнее десятилетие столкнулась с различными проявлениями профессиональной нестабильности на фоне социальных, политических и экономических изменений. Среди ключевых проблем — ухудшение условий труда журналистов, отсутствие социальной и правовой защищённости, ограничение профессиональной независимости и свободы слова. Зависимость медиапространства от политико-экономического влияния, усиление государственного контроля и нарастающая коммерциализация формируют структурные причины нестабильности.

Для раскрытия сути проблемы использовались нормативно-правовые акты, касающиеся медиа, данные международных и местных правозащитных организаций (Reporters Without Borders, Human Rights Watch, Правовой медиацентр), а также отечественные и зарубежные научные исследования. В качестве эмпирической базы рассмотрены трудовые споры, судебные процессы, случаи давления и конфликты, связанные с выплатой заработной платы, за последние пять лет. Дополнительно учтены результаты углублённых интервью с представителями казахстанской медиасферы и контент-анализ.

Полученные данные позволяют выявить институциональные слабости в медиасфере, причины ослабления статуса журналистов и угрозы свободе информации. Также представлены важные научные выводы и практические рекомендации, касающиеся особенностей современного медийного пространства.

Ключевые слова: журналистика, дестабилизация, цензура, законодательство, медиа, информация, общество, независимость.

DESTABILIZATION OF KAZAKHSTAN JOURNALISM: CAUSES AND CONSEQUENCES

Annotation: Over the past decade, journalism in Kazakhstan has encountered various forms of professional instability amid social, political, and economic transformations. Key issues include deteriorating working conditions for journalists, lack of social and legal protection, restrictions on professional independence, and limited freedom of expression. Additionally, the media landscape’s dependence on political and economic influences, increased state control, and growing commercialization point to structural causes of instability.

To explore the core of the issue, relevant legal documents, reports from international and local human rights organizations (such as Reporters Without Borders, Human Rights Watch, and the Legal Media Center), as well as domestic and foreign academic literature, were used. The empirical base includes labor disputes, court cases, instances of pressure, and wage-related conflicts documented over the past five years. In-depth interviews with media professionals in Kazakhstan and the results of content analysis were also taken into account.

The findings reveal institutional weaknesses in the media sector, factors contributing to the decline in journalists’ professional status, and threats to freedom of information. Important academic conclusions and practical recommendations regarding the current media environment are also presented.

Keywords: journalism, destabilization, censorship, legislation, media, information, society, independence.

Кіріспе

Ақпарат — қазіргі қоғамның стратегиялық ресурстарының бірі. ЮНЕСКО-ның «Журналистиканың дамуын бағалау бойынша индикаторлар» атты құжатында: «Ақпаратты еркін алу және тарату құқығы – демократиялық жүйенің тірегі және бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын негізгі талаптар ішінде плюрализм, тәуелсіздік және журналистік қауіпсіздік болу керек»,- деп атап өтілген [1]. Бұл құндылықтар кез келген елдің медиа кеңістігінде сөз бостандығын қамтамасыз етудің іргетасы саналады.

Журналистика қоғамдық пікірдің қалыптасуында, билік құрылымдарының ашықтығын қамтамасыз етуде және азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын іске асыруда негізгі рөл атқарады. Алайда, бұл салада жұмыс істейтін мамандардың әлеуметтік, құқықтық және кәсіби жағдайы бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда, айтарлықтай сын көтермейтін күйде қалып отыр. Кәсіби қызметке қатысты қысым, еңбек жағдайының нашарлығы, заңмен қорғалмау және цензураға ұшырау — жиі кездесетін мәселелердің қатарында.

Медиа кеңістіктің саяси және экономикалық ықпалдарға тәуелділігі, ақпарат құралдарының иелік құрылымдарының ашық болмауы, сондай-ақ мемлекеттік бақылаудың күшеюі журналистік қызметтегі тұрақсыздықтың құрылымдық тетіктерін қалыптастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі функцияларын шектеу қоғамдағы пікір алуандығының азаюына, журналистік зерттеулердің әлсіреуіне және сөз еркіндігі қағидаттарының бұзылуына алып келеді.

Осындай жағдайларда медиа саласының институционалдық құрылымын, құқықтық базасын және журналистердің еңбек ахуалын жүйелі түрде талдау — тек кәсіби қауымдастық үшін ғана емес, жалпы демократиялық дамудың индикаторы ретінде де өзекті мәнге ие. Ақпараттық саясаттағы өзгерістер мен медианың трансформациялық үдерістері қазіргі қазақстандық журналистиканың жағдайын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және бұл салада орын алып жатқан дағдарыстық құбылыстарды саралауға жол ашады.

 

 

Негізгі бөлім

 

Қазақстан журналистикасының тұрақсыздануының негізгі себептерінің бірі – Еңбек кодексінің нормалары мен журналистердің нақты еңбек жағдайларының сәйкес келмеуі. Жұмысшылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңнаманың болуына қарамастан, көптеген журналистер жұмыс орнының тұрақсыздығымен, төмен жалақымен және әлеуметтік кепілдіктің жоқтығымен бетпе-бет келеді. БАҚ қызметкерлері, әсіресе фрилансерлер мен шағын аймақтық басылымдардың қызметкерлері көбінесе келісімшартсыз жұмыс істеуге мәжбүр. Бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек қатынастарының реттелмеуі жұмысшылардың осалдығын арттырып, саланың одан әрі тұрақсыздануына ықпал етеді.

Еңбек қатынастары мәселелері Қазақстанның Жалпы Еңбек кодексімен реттеледі, ол барлық салаларға, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына да қатысты.

МТРК Мир БАҚ қызметкерлерінің санына байланысты мынандай мәліметтер келтіреді: «Қазақстандағы БАҚ қызметкерлерінің саны 2024 жылы 80 мыңға жуық адамды құрады» [2]. Деректер теледидар, радио және баспада жұмыс істейтін журналистер, сондай-ақ тәуелсіз және мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің цифрлық медиа қызметкерлерін қамтиды.

Қазақстандағы журналистер құқығындағы басты олқылық – жалақы деңгейінің төмен болуы. Қазақстандағы БАҚ қызметкерлерінің орташа жылдық табысы қызмет түріне және аймаққа байланысты өзгеріп отырады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша: «Қазақстандағы БАҚ және байланыс қызметкерлерінің орташа жалақысы жылына шамамен 3 933 600 теңгені (7 800 АҚШ доллары) құрайды» [3]. Бұл ретте ең жоғары табыс телерадио хабарларын тарату және баспа саласында байқалады.

Velvet Jobs мәліметтерінде келесі көрсеткіштерді береді: «Америка Құрама Штаттарындағы БАҚ және байланыс қызметкерлерінің орташа жылдық жалақысы 2024 жылы шамамен 43 600 долларды құраған, ал тәжірибелі мамандар жылына 99 500 долларға дейін жалақы алады» [4]. АҚШ-тағы БАҚ қызметкерлерінің ең төменгі жылдық табысы 30 300 долларды құрайды, бұл Қазақстандағы БАҚ қызметкерлерінің орташа жалақысынан шамамен 4 есе жоғары.

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) былай деп көрсетеді: «БАҚ және байланыс қызметкерлерінің, соның ішінде редакторлар, жаңалықтар сарапшылары және авторлардың орташа жалақысы жылына шамамен 66 320 АҚШ долларын құрайды» [5].

Заң бойынша жұмыс берушілер жұмысшылардың уақытында төлемақы алуын қамтамасыз ету үшін жалақыны төлеу мерзімдеріне қатысты қатаң ережелерді сақтауға міндетті. Заңның 113-бабында жалақы айына бір реттен кем емес жиілікте төленуі тиіс деп көрсетілген. Еңбекақы төлеу күні кәсіпорынның ішкі тәртібінде немесе еңбек шартында анық көрсетілуі керек. Бұл қызметкерлерге, соның ішінде журналистерге қаржылық жағдайын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Егер жұмыс беруші жалақыны төлеуді кешіктірсе, бұл еңбек заңнамасын бұзу болып саналады. 113-бапқа сәйкес, жалақы төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда жұмыс беруші кешіктірілген әрбір күн үшін өтемақы төлеуге міндетті. Өтемақы мөлшері еңбек шартында белгіленуі мүмкін, бірақ заңда белгіленген деңгейден төмен болмауы керек.

Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес, Қазақстанда қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағатты құрайды. Бұл ереже еңбек шартында немесе ұжымдық шартта өзгеше белгіленбесе, барлық қызметкерлерге, соның ішінде журналистерге де қолданылады. Әдетте бұл аптасына екі демалыс күні бар 8 сағаттық жұмыс күні. Бірақ журналистер үшін бұл жұмыс кестесі икемдірек болуы мүмкін, өйткені олар кейде оқиғаларға тез жауап беруге мәжбүр болады. Сонымен қатар, журналистер жұмыс беруші бекіткен және қызметкермен келісілген кестеге сәйкес ауысымды кесте бойынша (мысалы, таңертең, түстен кейін, кешкі немесе түнгі ауысымда) жұмыс істей алады.

Еңбек кодексінің 77-бабына сәйкес, жұмыс уақытынан тыс жұмыстарға қызметкердің келісімімен ғана жол беріледі (қызметкер жұмыс уақытынан тыс жұмыстан бас тарта алады). Үстеме жұмыс тек қажет болған жағдайда ғана қолданылуы керек.

Қазақстанда үстеме жұмыстың ең ұзақ мерзімі 77-баппен белгіленеді және күніне 2 сағаттан, айына 12 сағаттан аспауы керек. Еңбек кодексінің 78-бабына сәйкес, үстеме жұмыстарға ақы жоғарылатылған мөлшерлеме бойынша төленеді. Үстеме жұмыстың алғашқы екі сағаты үшін кемінде бір жарым есе жалақы төленеді.

Алайда, көбінесе журналистерге үстеме жұмыс істегені үшін ақы төленбейді. Бұған журналистер үшін белгіленген жұмыс уақытының жоқтығы, икемді жұмыс уақыты немесе жұмыс берушілердің қысымы себеп болуы мүмкін.

Еңбек кодексінің 77-бабында үстеме жұмыс үшін төленуі тиіс жалақы мөлшері көрсетілгенімен, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) жүргізген зерттеуге сәйкес, Қазақстандағы журналистердің едәуір бөлігі қосымша ақысыз жұмыс істейді. Мысалы, 2022 жылғы деректерге сәйкес, Орталық Азияда сауалнамаға қатысқан журналистердің шамамен 55%-ы еңбекақылары тиісті түрде өтелмегенін айтқан.

Қазақстанда еңбек шартын бұзу туралы хабарлама тараптардың бірінің (қызметкердің немесе жұмыс берушінің) екінші тарапқа белгілі бір уақыт ішінде еңбек қатынастарын тоқтату ниеті туралы ресми түрде хабарлауын білдіреді. Мұндай істен шығару Қазақстанның Еңбек кодексімен реттеледі және ескерту мерзімін сақтауды көздейді.

53-бап қызметкерге еңбек шартын бұзу туралы жазбаша хабарламаны кемінде бір ай бұрын жіберу арқылы жұмыс берушінің өз өтініші бойынша еңбек шартын бұзу құқығын реттейді. 52-бапта жұмыс берушінің еңбек шартын ескерту арқылы бұзуға құқығы бар жағдайлар реттеледі. Мысалы, ұйымды тарату, штатты қысқарту, қызметкердің атқаратын лауазымына сәйкес еместігін анықтау және басқа да бірқатар жағдайлар.

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да журналистер жұмыс міндеттерін өрескел бұзу немесе құпия ақпаратты жариялау немесе редакциялық саясатты бұзу сияқты жұмыс берушінің сеніміне нұқсан келтіретін әрекеттер үшін ескертусіз жұмыстан босатылуы мүмкін. Алайда, саяси немесе жұмыс берушінің беделіне нұқсан келтіретін материалдардың жариялануына байланысты да журналистерді ескертусіз жұмыстан шығару орын алатын жағдайлар да бар.

Мұндай жұмыстан босату, әсіресе саяси тақырыптарға немесе үкіметті сынауға қатысты болса, журналистердің кәсіби қызметіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Біріншіден, бұл олардың мансабындағы тұрақсыздыққа, БАҚ-қа деген сенім деңгейінің төмендеуіне әкеледі және журналистер тәуелсіз немесе сыни материал жариялағаны үшін жұмысынан айырылып қалудан қорқатын қызмет процесін тудырады. Екіншіден, мұндай тәжірибелер БАҚ-тағы өзіндік цензураны күшейтеді, яғни журналистер өз жұмысын сақтап қалу үшін саяси тақырыптардан немесе материалдардан аулақ болуға тырысады. Бұл сөз бостандығын шектейді және журналистиканың қоғамдық бақылаушы ретіндегі рөлін төмендетеді.

Сонымен қатар, ескертусіз жұмыстан шығарылған журналистер жаңа жұмыс табуда қиындықтарға тап болады, өйткені жұмыс берушілер билікпен немесе жұмыс берушілермен келіспеушілік үшін жұмыстан шығарылған адамдармен жұмыс істеуден қашуы мүмкін. Осының барлығы елдегі баспасөз бостандығының жай-күйіне және БАҚ ортасындағы кәсіби атмосфераға кері әсерін тигізуде.

Еңбек кодексінің бекітілген нормаларына қарамастан, шынайы өмірде журналистер өздерінің заңды құқықтарын пайдалана алмайды. Жұмыс беруші қызметкерді кенеттен жұмыстан босату үшін дәлелдер мен орынды себептер ұсынуы керек болғанымен, зерттеулер журналистердің редакциялық саясатпен келіспеуші немесе билікке ұнамсыз жаңалықтарды жариялауы жағдайында жиі жұмыстан босатылу қаупі бар екенін көрсетеді. Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ): «Орталық Азиядағы журналистердің 40%-дан астамы «шетін» тақырыптарды қозғағаны үшін жұмыстан босатылу немесе жұмыс берушілердің қысымына ұшырау қаупі бар»,- деп хабарлайды[6].

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры: «2025 жылы журналистер құқығының бұзылуына байланысты оқиғалардың жалпы саны 2022 жылмен салыстырғанда 17%-ға азайған» деген мәлімет береді [7]. Дегенмен, азаю жағдайдың жақсаруына емес, құқық бұзушылықтар туралы хабарламалардың азаюына байланысты болған.

Соңғы жылдары Қазақстандағы журналист мамандығы еңбек жағдайының тұрақсыздануына және еңбек қауіпсіздігінің төмендеуіне әкелетін елеулі өзгерістер мен қиындықтарды бастан кешіруде. Оның басты себептерінің бірі – билік тарапынан қысымның және сөз бостандығына қатысты шектеулердің күшеюі. Бұл шектеулер журналистерге қауіп төндіріп, олардың кәсіби қызметіне кедергі келтіреді.

Халықаралық ұйымдар Қазақстанда журналистердің кәсіби қызметі үшін қудалауға ұшырағанын бірнеше рет мәлімдеген. Бұл мәлімдеулердің бірнеше дәлелі де бар. Factcheck.kz бір мақаласында: «Reporters Without Borders» халықаралық ұйымының баспасөз бостандығы рейтингінде Қазақстан 180 елдің ішінде 142-орынға тұрақтады»,- деп жазады [8].

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры: «2000 жылдан бері журналистердің кәсіби қызметіне тосқауыл қойылған 800-ден астам іс тіркелген жағдайда тек 2 сот ісі қозғалған, бұл БАҚ өкілдерінің құқықтарының қорғалу деңгейінің төмендігін көрсетеді»,- деп жазады [9].

Freedom House (демократия, саяси бостандық және адам құқықтарын зерттейтін және қорғайтын үкіметтік емес ұйым) 2024 жылға арналған есебінде: «Редакция қызметкерлеріне қысым көрсету және БАҚ-тың жабылуы қаупінен Қазақстандағы журналистердің кейде кәсібін тастауға немесе жұмысын өзгертуге тура келеді»,- деп жазады [10].

Қазақстанда цензураға конституциялық түрде тыйым салынғанына қарамастан, оны іс жүзінде қолдану жағдайлары бар. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабына сәйкес цензураға тыйым салынады және әрбір адамның кез-келген жолмен ақпаратты алу немесе тарату құқығы бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 2-бабы да бұл тыйымды растайды. Дегенмен, іс жүзінде журналистер мен редакция қызметкерлеріне қысым көрсету, материалдарды қоғамдық қолжетімділіктен алып тастау, сайттарды бұғаттау және редакциялық саясатқа араласу фактілері кездеседі.

Қазақстан заңнамасы, атап айтқанда, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Байланыс туралы» заңдар мемлекеттік органдарға сот шешімінсіз интернет-ресурстарға кіруді шектеу мүмкіндігін береді. Бұл сөз бостандығы мен ақпаратқа қол жеткізуді шектеуге әкеледі. Internet Freedom жобасы Қазақстанда бұғатталған URL мекенжайларының тізімін жариялайды, бұл еліміздегі бұғаттау тәжірибесінің кең таралғанын көрсетеді [11].

Сондай-ақ VPN қызметтерін, прокси және Tor таратуға тыйым салынған. Дегенмен, Роскомсвобода былай деп көрсетеді: «Бұл тыйымға қандай қызметтер жататыны туралы нақты анықтама жоқ және бұл ақпаратқа қол жеткізуді өз бетімен шектеуге алғышарттар жасайды» [12].

«Reporters Without Borders» ұйымы: «Соңғы бес жылда Қазақстанда тәуелсіз және сыни БАҚ-қа қатысты цензура күшейген» деп көрсетеді. Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексі Қазақстанның 122-орыннан 134-орынға төмендегені сөз бостандығы жағдайының нашарлағанын дәлелдейді [13].

Қаржылық тұрақсыздық – Қазақстандық журналистиканың тұрақсыздануының тағы бір себебі. Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік келісім-шарттарға тәуелді, бұл олардың хабар тарату саясатына шектеулер қояды. Internews халықаралық ұйымының Қазақстандағы журналистер, БАҚ редакторлары және БАҚ сарапшылары арасында жүргізген сауалнамасына сәйкес: «Қазақстандағы аймақтық БАҚ-тың 80%-дан астамы мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді және бұл басылымдардың контенті мен тәуелсіздігіне айтарлықтай әсер етеді» [14]. Нәтижесінде аудиторияның мұндай материалдарға деген қызығушылығы төмендеп, институт ретінде журналистикаға сенім жоғалады.

Қазақстандағы журналистер мен басқа да БАҚ қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыру жалпы еңбек жағдайлары мен жұмысқа орналасудың ресмилігіне байланысты бірқатар мәселелерге тап болып отыр. 2024 жылы үкімет барлық қызметкерлерді, соның ішінде БАҚ қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін көтеру ниеті туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, түзетулер заңды жұмыспен қамтуды ынталандыруға, әлеуметтік төлемдерді беруге және ресми түрде жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік аударымдар көлемін арттыруға бағытталған. 2025 жылдың қазан айында табысы орташа республикалық немесе орташа деңгейден төмен қызметкерлерді қолдау бойынша қосымша шаралар жоспарлануда, бұл БАҚ қызметкерлерінің, соның ішінде тұрақсыз жұмыста істейтіндердің және фрилансерлердің қауіпсіздігін жоғарылатады.

Осылайша, заңнамада әлеуметтік қамсыздандыру және қызметкерлерді қорғау шаралары қарастырылғанымен, шын мәнінде журналистер мен басқа БАҚ мамандары жиі қауіпті жағдайларда қалып жатады. Бұл, әсіресе, уақытша немесе жобалық негізде жұмыс істейтін БАҚ мамандарына қатысты.

Қазақстандағы штаттан тыс журналистердің жұмыс жағдайлары, әсіресе, әлеуметтік қорғау және құқықтық тұрақтылық тұрғысынан әлі де қиын жағдайда. Қазақстандағы штаттан тыс журналистиканың жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, салықтар мен төлемдерді орындау сияқты кемшіліктері бар. Сонымен қатар, фрилансерлердің үлкен бөлігі өз жұмысын орындау үшін өздерінің құралдарын, байланыс тәсілдерін және жабдықтарын пайдалануға мәжбүр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының есебіне сәйкес: «Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар тәрізді қорғалмаған топтардың айтарлықтай бөлігінің әлеуметтік қорғау желілеріне қолжетімділігі шектеулі болады» [15]. Қазіргі уақытта штаттан тыс журналистердің сақтандырумен қамтылуы туралы деректер жоқ, бірақ ЮНЕСКО-ның алдын ала болжамы бойынша: «Штаттан тыс БАҚ қызметкерлерінің басым көпшілігі медициналық сақтандыруға немесе зейнетақы жинақтарына қол жеткізе алмайды» [16].

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтитындарға, оның ішінде журналистерге зейнетақы төлемдері заңда көрсетілген зейнетақымен қамсыздандыру түріне байланысты жасалады. Фрилансер журналистер өзгермелі табыс пен тұрақты жұмыс берушілердің болмауына байланысты зейнеткерлік жәрдемақыны жинақтауда қиындықтарға тап болуы мүмкін. Фрилансерлерге өз табысын жинақтау үшін зейнетақы жарналарын төлеуі керек екенін есте ұстаған жөн. Осылайша, олар зейнеткерлікке шығу барысында жинақтың жеткіліксіздігі мәселесіне тап болуы мүмкін.

Халықаралық еңбек ұйымы өкілі «Еңбек ету құқығы және еңбек болашағы» мәлімдемесінде Еуропа мен Орталық Азия аймақтарында кәсіподақ құқығы бойынша ең нашар нәтиже көрсеткен елдердің бірі Қазақстан екенін атап көрсеткен.

Қазақстан журналистер одағы келесі мәліметтерді көрсетеді: «Журналистердің 60%-ға жуығы еңбек демалысы мен әлеуметтік төлемдерге байланысты құқықтарының бұзылғанын хабарлайды. 35%-ға жуығы пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы алмайтынын білдірген» [17].

Inbuisness.kz: «2023 жылы Қазақстанда журналистер мен БАҚ-тың ақпарат алу және тарату құқықтарын бұзудың 208 фактісі тіркелген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп»,- деп жазады. Бұл журналистердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін бұзу санының артқанын көрсетеді [18].

Кәсіподақтар – жұмысшылардың, оның ішінде журналистердің еңбек құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі. Олар әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде, негізсіз жұмыстан босатудан қорғауда, жұмыс уақытын реттеуде және лайықты еңбекақы үшін күресте маңызды рөл атқарады. Дегенмен, заңнамалық кепілдіктердің болуына қарамастан, Қазақстан журналистері кәсіподақ қызметіне қатысты құқықтарын жүзеге асыруда жиі кедергілерге тап болады.

Кәсіподақтар журналистердің еңбек құқықтарын қорғауда, ұжымдық қорғауды қамтамасыз етуде, жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізуде, құқықтық қолдау көрсетуде, цензура мен қысымға қарсы тұруда маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабына сәйкес әрбір азаматтың бірлестіктер, оның ішінде кәсіподақтар құруға құқығы бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңы олардың қызметі мен функцияларын реттейді. Алайда іс жүзінде журналистер кәсіподақтарға еркін ұйымдасып, құқықтарын қорғауға кедергі келтіретін елеулі шектеулерге тап болады.

Қазақстан заңнамасы кәсіподақтарды құруға мүмкіндік береді, бірақ іс жүзінде оларды тіркеу қиын болуы мүмкін. Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының мәліметінше, Қазақстанда тәуелсіз кәсіподақтарды құруға кедергілер деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. Журналистер мен басқа да БАҚ қызметкерлеріне кәсіподақ құру қиынға соғады, әсіресе олар мемлекеттік немесе үкіметті қолдайтын басылымдарда жұмыс істейтін жағдайда басшылар мұндай бастамаларды шектейді.

Қазақстан журналистер одағы сауалнамаға қатысқан журналистердің 25%-ы: «Біз кәсіподақ мүшелеріміз, бірақ өз құқықтарымыздың сенімді қорғалатынына сенбейміз»,- деп атап өтеді [19]. Халықаралық журналистер федерациясының хабарлауынша, БАҚ мүшелерінің тек 10%-ы: «Құқықтарымыздың тиімді қорғалғанына және еңбек даулары туындаған жағдайда қолдауға сене аламыз»,- дейді [20].

Қазақстандағы журналистика сөз бостандығын шектеу, саяси қысым, еңбек құқықтарын бұзу, кәсіподақ қызметіне кедергі жасау сияқты түрлі факторлардан туындаған жүйелі дағдарысты бастан кешіруде.

Аталған дағдарыстың негізгі себептерінің бірі – журналистер мен редакцияларға саяси қысым көрсету, ол цензура, қудалау және тәуелсіз БАҚ-қа қарсы қылмыстық істерде көрінеді. Заңнамалық шектеулер, тіркеу шарттары және тәуелсіз басылымдардың жабылуы БАҚ-тағы пкікр алуандығына нұқсан келтіреді, сыни журналистика деңгейін төмендетеді.

Тағы бір маңызды фактор – журналистердің еңбек құқықтарының бұзылуы. Қызметкерлерді алдын ала ескертусіз жұмыстан шығару, жалақыны кешіктіру, артық жұмыс істегені үшін өтемақы төлемеу және жұмыс берушілердің кәсіподақ ұйымын мойындамауы БАҚ қызметкерлерін қорғау жүйесін әлсіретеді. Экономикалық тұрақсыздықпен бірге бұл кәсіби мамандардың журналистикадан жаппай кетуіне және медиа өнімдерінің сапасының төмендеуіне әкеледі. Осы процестердің нәтижесінде Қазақстан журналистикасының тәуелсіздігі азайып, қоғам объективті және сенімді ақпаратқа қол жеткізуден айырылып барады. Журналистер арасында өзіндік цензура күшеюде, себебі қудалау және жұмыстан шығару қаупі көпшілікті «шетін» тақырыптардан аулақ болуға мәжбүр етеді.

Сонымен қатар, еңбек жағдайының нашарлауы және БАҚ саласындағы кәсіподақтардың әлсіреуі кәсіби тұрғыда шаршауға, мотивацияның төмендеуіне және журналистердің басқа салаларға жаппай көшуіне алып келеді. Ұзақ мерзімді перспективада бұл салада кадрлық дағдарысты тудыруы мүмкін, ал бұл журналистиканың сапасын одан әрі төмендетеді және ақпараттық манипуляцияны күшейтеді.

Қорытынды

Қазақстандық журналистиканың тұрақсыздануы БАҚ қызметкерлерінің өзіне ғана емес, жалпы қоғамға кері әсерін тигізуде. Еркін және тәуелсіз баспасөз – мемлекеттік биліктің ашықтығын қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтарын қорғайтын және сыни ойлауды дамытатын демократиялық қоғамның маңызды элементі. Алайда қысым, цензура және журналистердің еңбек құқықтарының әлсіз қорғалуы жағдайында БАҚ-тың бұл функциясы барған сайын шектелуде.

Жағдайды өзгерту үшін журналистердің еңбек жағдайын жақсарту, олардың кәсіби құқықтарын қорғау, баспасөздің шынайы еркіндігін қамтамасыз ету және тәуелсіз кәсіподақтарды дамытуды қоса алғанда, медиа секторында жүйелі реформалар қажет. Бұл қадамдарсыз Қазақстан журналистикасының одан әрі деградацияға ұшырау қаупі сақталады, бұл қоғамның хабардарлық деңгейіне және елдің жалпы дамуына сөзсіз әсер етеді.

Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінің институционалдық тұрақтылығын қалыптастыру – тек журналистер қауымдастығының емес, бүкіл азаматтық қоғамның ортақ міндеті. Мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы ашық диалог орнату, медиа саясатына қоғамдық қатысуды кеңейту және журналистика саласына қатысты заңнамаларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру – бұл саладағы дағдарысты еңсерудің негізгі жолдары. Мұндай өзгерістер жүзеге аспайынша, ақпарат құралдарының қоғам алдындағы миссиясын толыққанды орындауы мүмкін емес. Демек, журналистердің құқығы мен кәсіби мәртебесі қорғалған, цензурасыз әрі тәуелсіз медиасы бар Қазақстан ғана ақпараттық тұрғыда қауіпсіз, әлеуметтік тұрғыда әділетті және демократиялық тұрғыда орнықты мемлекетке айнала алады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 UNESCO. Media Development Indicators: A Framework for Assessing Media Development. [Электронды ресурс] // Paris: UNESCO, 2008. — URL: https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000163512

2 Потемкин К. День работников СМИ: Как в Казахстане развивается медиа-сфера [Электронды ресурс] // МТРК Мир. – 2023. – URL: https://lite.mir24.tv/news/16595002/den-rabotnikov-smi-kak-v-kazahstane-razvivaetsya-media-sfera (өтініш берілген күні 17.03.2025)

3 Сколько зарабатывают журналисты в Казахстане? [Электронды ресурс] // Ranking.kz. – 2024. – URL: https://ranking.kz/digest/industries-digest/skolko-zarabatyvayut-zhurnalisty-v-kazahstane.html (өтініш берілген күні 17.03.2025)

4 Media Salary in The United States [Электронды ресурс] // VelvetJobs. – 2024. – URL: https://www.velvetjobs.com/salaries/media-salary (өтініш берілген күні 15.03.2025)

5 Media and Communication Occupations [Электронды ресурс] // U.S. Bureau of Labor Statistics. – 2024. – URL: https://www.bls.gov/ooh/media-and-communication/ (өтініш берілген күні 18.03.2025)

6 World Report 2024 [Электронды ресурс] // Human Rights Watch. – 2024. – URL: https://www.hrw.org/world-report/2024/country-chapters/kazakhstan (өтініш берілген күні 18.03.2025)

7 Нарушения свободы слова в Казахстане Январь 2025 года. – Международный Фонд защиты свободы слова «Əділ сөз». – 2025. – с. 34

8 Казахстан опустился на 8 позиций в рейтинге свободы прессы от «Репортёров без границ» [Электронды ресурс] // Factcheck.kz. – URL: https://factcheck.kz/novosti/kazahstan-opustilsya-na-8-pozitsiy-v-reytinge-svobody-pressy-ot-reportyorov-bez-granits (өтініш берілген күні 18.03.2025)

9 Калмурат А. Угрозы, иски, избиения. С чем сталкиваются журналисты в Казахстане [Электронды ресурс] // Радио Азаттык. – 2019. – URL: https://rus.azattyq.org/a/day-to-end-impunity-for-crimes-against-journalists-interview-tamara-kaleyeva/30248664.html (өтініш берілген күні 21.03.2025)

10 Freedom in the World 2025: The Uphill Battle to Safeguard Rights. – Freedom House. – 2025. – р. 30

11 Анализ запрещенного онлайн-контента в Казахстане [Электронды ресурс] // Internet Freedom Kazakhstan. – 2024. – URL: https://ifkz.org/ru/article/analiz-zapreshchennogo-onlajn-kontenta-v-kazahstane (өтініш берілген күні 21.03.2025)

12 Интернет-цензура. Как это происходит в Казахстане? [Электронды ресурс] // Роскомсвобода. – 2023. – URL: https://roskomsvoboda.org/ru/post/kazakhstan-online-censorship/ (өтініш берілген күні 21.03.2025)

13 Tokayev’s five years in Kazakhstan marked by unkept promises, more media censorship [Электронды ресурс] // Reporters Without Borders. – 2024. – URL: https://rsf.org/en/tokayev-s-five-years-kazakhstan-marked-unkept-promises-more-media-censorship (өтініш берілген күні 22.03.2025)

14 Сыздыкбекова А. Государственный информационный заказ в СМИ – Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2021. – 52 с.

15 Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік қорғау [Электронды ресурс] // United Nations Development Programme. – 2024. – URL: https://www.undp.org/kk/kazakhstan/projects/khalyktyn-leumettik-osal-toptary-ushin-leumettik-korgau (өтініш берілген күні 22.03.2025)

16 Оценка безопасности журналистов запущена в Казахстане [Электронды ресурс] // ЮНЕСКО. – 2023. – URL: https://www.unesco.org/ru/articles/ocenka-bezopasnosti-zhurnalistov-zapuschena-v-kazakhstane (өтініш берілген күні 22.03.2025)

17 В Казахстане работодатели стали чаще нарушать права сотрудников [Электронды ресурс] // 7gunkz. – 2024. – URL: https://7kun.kz/ru/news/v-kazahstane-rabotodateli-stali-case-narusat-prava-sotrudnikov-3 (өтініш берілген күні 22.03.2025)

18 Казахстан опустился в рейтинге по свободе слова [Электронды ресурс] // Inbuisnesskz. – 2024. – URL: https://inbusiness.kz/ru/last/kazahstan-opustilsya-v-rejtinge-po-svobode-slova (өтініш берілген күні 22.03.2025)

19 Жусупова А. Положение профсоюзов в современном Казахстане [Электронды ресурс] // Eurasianet. – 2024. – URL: https://russian.eurasianet.org/%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%84%D1%81%D0%BE%D1%8E%D0%B7%D0%BE%D0%B2-%D0%B2-%D1%81%D0%BE%D0%B2%D1%80%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%BC-%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B5 (өтініш берілген күні 22.03.2025)

20 Салык Т. Комитет по защите журналистов CPJ осудил преследование репортёров в Казахстане [Электронды ресурс] //Orda. – 2023. – URL: https://orda.kz/cpj-osudila-presledovanie-zhurnalistov-v-kazahstane/ (өтініш берілген күні 22.03.2025)

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх