Молдабаева Анар Әлімқызы
Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ПМПК мекемесінің басшысы.
Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ПМПК мекемелері инклюзивті білім беруді дамытуда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесінде олардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауда медициналық модельден әлеуметтік-педагогикалық модельге толығымен көшті.
Бала дамуындағы диагноздарды анықтауға бағытталған медициналық модельден айырмашылығы, әлеуметтік-педагогикалық модель білім беру ұйымдарында ерекше оқу жағдайларын жасау мақсатында балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтауға бағытталған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері — бұл балалардың оларсыз сапалы білім алулары мүмкін болмайтын, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмек алу үшін қажетті арнаулы жағдайлар.
Демек, білім беру ұйымдары балалардың табысты әлеуметтенуі және білім алуы үшін олардың бұзылыстары немесе диагноздарына емес, ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ерекше жағдай жасауға назар аудару қажет. Білім туралы Заң 11 бап, 14 тармақ.
14 бап 9тармақ. Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып бейімдеп оқытылады;
43баптың 2-3 тармағында білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру, 2-4 тармағында жеке дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
ҚР Білім туралы Заңының 45 бап, 4-1 тармағында білім беру ұйымының басшысы ерекше балалардың білім алуына арнайы жағдай жасамағаны үшін жауаптылыққа тартылады делінген.
ПМПК-ның негізгі мақсаты баланың ерекше білім беру қажеттілігін анықтау,білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқытудың ерекше жағдайларын анықтауға бағытталған психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізу.
ҚР Оқу –ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіті туралы №385 бұйрығын басшылыққа ала отырып ПМПК мекемесі ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтауды, білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасының түрін айқындап, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуы үшін білім беру ұйымдарының арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін алуы үшін ұсынымдар беруді жүзеге асырып отыр.
№385 бұйрығының 2-қосымшасы «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидалары» бойынша жүзеге асады.
- Білім беру ұйымдарында ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту:
1) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жалпы сыныпта (үш баладан артық емес);
2) және (немесе) арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша оқыту қарастырылған.
- Денсаулық жағдайы бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (ДКК) қорытындысы негізінде ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.
Үйде оқыту кезінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар психофизикалық мүмкіндіктеріне байланысты жалпы білім беретін, қысқартылған немесе арнайы бағдарламалармен оқиды.
ҚР БҒМ 27.05.2020 №223 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының 3-қосымшасы бойынша үйден оқитын балаларға мемлекеттік қызметті бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беретін ұйымдар көрсетеді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 жылғы №406 бұйрығы 2-3 қосымшаларында бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты бойынша жеңіл және орташа зерде бұзылысы бар білім алушыларға арналған білім беру ұйымдарындағы инварианттық компонентіндегі оқу пәндердің көлемі мен мазмұны ҚРБҒМ 08.11.12 жылғы №500 бұйрығындағы үлгілік оқу жоспарлары мен 03.04.2013 жылғы ҚР БҒМ №115 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларымен айқындалады делінген.Қазіргі таңда осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді 06.11.2024 жылы №327 бұйрық шыққан болатын, осы бұйрықтың 512-532 қосымшаларымен жеңіл түрдегі зиятында бұзылысы бар балаларға пәндер бойынша үлгілік бағдарламалары, 533 қосымша танымдық әрекеттерді түзету, 534 -544 қосымшалармен орташа түрдегі зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған үлгілік оқу бағдарламалары және 545-қосымшада түзет-дамыту бағдарламаларымен оқыту ұсынылған.
ПМПК қорытындағы психофизикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, баланы оқыту мен дамыту бағытында үлгілік бағдарламалар бойынша әзірленеді.
30-тармақта көрсетілген пәндер бойынша сыныпты топқа бөлу ЕБҚ бар балаға сыныптағы білім алушылардың санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
ҚРБҒМ-нің 2022 жылғы 12 қаңтарындағы «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» №4 бұйрығы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру ұйымдарында және ПМПК –да жүзеге асырылады.
ПМПК мекемелері мектепке дейінгі, арнайы және орта білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста әрекет етеді. №4 бұйрықты басшылыққа ала отырып мекеме мамандары ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалап, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, Қызылорда қаласындағы 3 арнайы түзету мектеп-интернаттарына, ППТК, 3 оңалту орталықтары мен 1 аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарына ұсынымдар береді.
ПМПК мамандары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың екі тобын айқындап, оқу қиындықтарының себептеріне байланысты бағалауды жүзеге асырады.
- 1-топ әртүрлі психикалық функциялардың жеткіліксіздігінен мектептегі белгілі бір дағдыларды меңгерудегі қиындықтары бар және мүмкіндігі шектеулі балалар.
- ІІ-топ ақыл ойы және физикалық дамуы бұзылмаған , әлеуметтік осал топтағы, микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған балалар,жергілікті жерге бейімделуде қиындықтары бар және мүгедек балалар.
Сонымен қатар ҚРБҒМ 12.01.2022 жылғы «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» № 6 бұйрығын басшылыққа ала отырып ПМПК ұсынымдары мен мектептің ПП қолдау қызметінің шешімімен ЕББҚ бар балаларға оқыту мен дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізеді.
Жалпы ПМПК қорытындысына әлеуметтік-педагогикалық модель шеңберінде бала дамуының бұзылыс түрлері енгізіледі.
ПМПК қорытындыларымен жұмыс жасауда мұғалімдерге даму бұзылыстарының түрі және баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ұсынымдарды да түсіну маңызды.
І-топтағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау нәтижесінде ПМПК-ның қорытындысы қалыптастырылады.
1)бұзылыс түрлеріне және оқу қиындықтарының себептеріне қарай білім беру бағдарламасының түрі белгіленеді.
2)оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері және критерилері өзгертіледі
3)Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарының қолдауы ; Арнайы мамандардың көмегі тек бастауыш буында ұсынылады.
4)көру қабілетінің бұзылысы бар және жеңіл зерде бұзылысы бар балаларға арналған арнайы оқулықтар;
5)мінез-құлқында бұзылыстары бар балаларға педагог-ассистент көмегі;
6)тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар және көру қабілеті зақымдалған балаларға кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу;
7)ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен жеке көмекшінің қызметтері ұсынылады.
ПМПК қорытындысы ұсынымдық сипатта болады. Жоғарыда көрсетілген бұзылыс түрлері, тек зерде бұзылысынан басқа бұзылыстар бойынша жалпы мектеп бағдарламасын бейімдеп оқыту ұсынылады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бейімдеу бастауыш және негізгі орта буында жүзеге асырылады. Тек негізгі оқу пәндері, яғни оқу бағдарламасын меңгеруде қиындық келтіріп отырған пәндер ған бейімдеп оқытылады. Қалған пәндер үлгілік оқу жоспары мен үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқытылады.
Жеңіл және орташа зерде бұзылыстары бар балалар ПМПК ұсынымы бойынша жалпы мектептің жалпы сыныбында оқытылады және жеке оқу жоспары мен жеке оқу бағдарламасы құрастырылады. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы негізгі оқу пәндері бойынша негізгі орта білім беру сатысында құрастырылады. Басқа пәндер үлгілік жалпы білім беретін бағдарлама бойынша оқытылады.
Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша танымдық қабілеттері кедергі келтіретін меңгеруі қиын пәндер алынып тасталады.
ҚРБҒМ 15.01.2015 жылғы Білім беру ұйымдарын аятағаны жөніндегі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды нысандары және олалды есепке алу мен беру жөніндегі№39 бұйрығымен зиятында бұзылыстары бар балаларға БТ сериялы арнайы үлгідегі аттестат беріледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 07 сәуірдегі «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы №34 бұйрығымен үйден оқыту мерзімі көрсетілген денсаулық жағдайына байланысты үйден оқытуға ДКК қорытынды беріледі. Әрі қарай білім беру ұйымы ҚР БҒМ 27.05.2020 жылғы №223 бұйрығын басшылыққа ала отырып мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. ДКК қорытындысы мен ата-анасы немесе заңды өкілінің келісімін негізге алып, бұйрық шығарады. ПМПК баланың оқу бағдарламасын анықтап, ұсынымдар береді.
ҚРБҒМ №500 бұйрығының 9-11 тараулары бойынша және 53,54 қосымшалары бойынша жалпы, аарнайы, жеңіл және орташа зерде бұзылыстары бар балаларға арналған бағдарлама бойынша және ҚРБҒМ №469,51 бұйрықтарын негізге ала отырып балаға үй жағдайында білім беруді жүзеге асырады.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 жылғы «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық не қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №96 бұйрығымен үйден оқитын білім алушыға педагог оқу жүктемесі мен оқып-зерделеген оқу материалдарын ескере отырып, жеке тапсырмалар әзірлейді.
Жеке тапсырмаларды қолдана отырып, білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламалары бойынша бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізеді.
Ата-анасы немесе заңды өкілінің келісімімен және ПМПК қорытындысымен 1 сыныпты қайта оқыту туралы ұсынымдары негізінде педагогикалық кеңестің шешімімен баланы 1-сыныпта қайта оқыту рәсімделеді.
ҚРБҒМ 12.01.2022 жылғы №6,4 бұйрықтары мен ҚРБҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің №1-6/643 санды әдістемелік нұсқаухатындағы мінез-құлық ерекшеліктері ескеріліп, педагог-ассистенттің сүйемелдеуі ұсынылады.
ҚРБҒМ №4 бұйрығында жеке көмекшінің көмегі ұсынылғанымен, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 жылғы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №44 бұйрығы бойынша жеке көмекшінің көмегі 0-18 жас аралығындағы балаларға қарастырылмағандықтан, басқа адамның көмегінсіз кеңістікте жылжи алмайтын тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары және көру қабілеті зақымдалған мүгедек балалар уақытша негізде физикалық қолдау, техникалық сүйемелдеу, баланың жүріп-тұруына қолдау көрсету мақсатында ассистент көмегін ұсынамыз.
Бұл функцияларды орындау үшін қызметкерге жоғарғы немесе орта педагогикалық білімді қажет етпейді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар ІІ топтағы балалардың оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары өзгертілмейді. Оқыту барысында ерекше жағдайлар(оқу орнын бейімдеу), жекелеген мамандардың қолдауы ұсынылады.
Қорытындылай келе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім мен тәрбиелеуде және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қоғамға қосу бағытында ПМПК мекемелері білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен тығыз байланыста болып, әлеуметтік-педагогикалық модель негізінде балаларға сапалы қызмет көрсетуді жүзеге асырып отыр.