Жантилеу Әдемі Амангелдіқызы
ББ 6В04201 Құқықтану 1топ, 1 курс стуендті
Ғылыми жетекші: Ф.ғ.к қауымдастырылған профессор Тулекова Гулжан Хажмуратовна
УДК 347.9
Құқық қорғау органдары мен Парламент: құқықтық институттардың өзара әрекеттестігі
Правоохранительные органы и Парламент: взаимодействие правовых институтов
Law Enforcement Agencies and Parliament: Interaction of Legal Institutions
Түйін сөздер: құқық қорғау органдары, Парламент, құқықтық институттар, заңнамалық процесс, өзара әрекеттестік, құқықтық саясат, қоғамдық тәртіп, құқықтық бақылау, құқықтық реформа, заң шығару.
Ключевые слова: правоохранительные органы, Парламент, правовая политика, общественный порядок, правовой контроль т, правовые институты, законодательный процесс, взаимодействие, правовая реформа, законотворчество.
Keywords: law enforcement agencies, Parliament, legal institutions, legislative process, interaction, legal policy, public order, legal oversight, legal reform, lawmaking.
Қазіргі кезеңде құқықтық мемлекет құру жолындағы Қазақстан үшін құқық қорғау органдары мен Парламент арасындағы өзара әрекеттестік мәселері аса өзекті болып отыр. [1]. Қоғам дамып, құқықтық қатынастар күрделене түскен сайын, мемлекеттік билік тармақтарының, соның ішінде заң шығару мен құқық қорғау саласындағы құрылымдардың өзара байланысын нығайту қажеттілігі арттып келеді. Осы өзара іс-қимыл құқықтық саясаттың тиімді жүзеге асуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықьарын қорғауға, сондай-ақ қоғамдары тұрақтылық пен заңдылық қамтамасыз етуге ықтал етеді.
Құқық қорғау- бұл құқық бұзушылықпен курес жүргізетін, қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік құрылымдар жүйесі. Ал Парламент- заң шығару функциясын атқаратын ең жоғары өкілдік орган. Бұл екі институттың үйлесімді және тиімді арекеттесуі мемлекеттегі құқықтың тәртіп пен әділеттіліктің сақталуының кепілі болып табылады.
Құқық қорғау органдары мен Парламент арасындағы қарым-қатынастың мәні;
Заңнамалық процесте құқық қорғау органдарының тәжірибесіне сүйене отырып, тиімді және өміршең заңдарды қабылдау, сонымен қатар, заңнаманың орындалуын бақылау барысында Парламент тарапынан тиісті бақылау жүргізу.
Зертеудің келесі міндеттерді айқындайды:
Құқық қорғау органдары мен Парламенттің құқықтық жүйедегі рөлін саралау;
Осы екі институт арасындағы өзара әрекеттестік механизимдерін талдау; Тәжірибелік мысалдар мен шетелдік үлгілерді қарастыру;
Өзекті мәселелер мен шешу жолдарына ұсыныстар әсірлеу.
Негізгі бөлім
Құқық қорғау органдары мен Парламенттің құқықтық жүйедегі рөлі Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарына Ішкі істер министірлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және басқа да құрылымдар жатады. Бұл органдар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарн қорғау, қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау секілді маңызды функцияларды атқарады [3].
Парламенттің негізгі міндеті- заң шығару. Заңдардың сапасы, олардың құқық қорғау саласына әсері және құқық қолдану тәжірибесіне бейімделуі Парламент жұмысының тиімділігіне тікелей байланысты. Парламент құқық қорғау органдарының қызметін заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге, олардың қызметін бақылау арқылы заң үстемдігін сақтауға ықпал етеді.
Өзара әрекеттестік механизмдері;
Құқық қорғау органдары мен Парламент арасындағы байланыс бірнеше бағытта жүзеге асады;
Заң жобаларын дайындау мен талқылау кезеніңде құқық қорғау органдарының ұсыныстары мен қорытындылары ескеріледі;
Парламенттік тыңдауларда, құқық қорғау органдарының басшылары өз қызметі туралы есеп береді;
Депуттаттық сауалдар мен сұраулар арқылы құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты нақты мәселелер көтеріледі [4].
Бақылау функиясы аясында Парламент құқық қорғау органдарының қызметіне қоғамдық және саяси баға береді.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламентінде ішкі істер, заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттері бар. Бұл комитеттер құқық органдарымен тығыз байланыста жұмыс атқарады, заң жобаларын бірлесе талқылап, құқық қолдану тәжірибесін зерттейді.
Тәжірибелік мысaлдар мeн шетeлдік үлгілер:
Қазақстандағы құқық қорғау органдары мен Парламенттің өзара әрекесттестігін жетілдіру үшін шетелдік тәжірибені де зерттеу маңызды.Мысaлы:
Германияда құқық қорғау органдары Парламенттің арнайы комитеттеріне тұрақты түрде есеп береді. Бұл жүйе құқық қорғау қызметінің ашықтылығын қамтамасыз етеді;
АҚШ-та Конгресс құқық қорғау органдарының қаржыландыруына және саясатын қалыптастыруға тікелей әсен етеді. Федералдық тергеу бюросының қызметіне қатысты есептер Конгресс алдында жария түрде ұсынылады[9];
Ұлыбританияда парламенттік бақылау мен есептілік мәдениеті дамыған. Құқық қорғау органдарының іс-қимылы арнайы қоғамдық тыңдауларда ашық талқыланады.
Қазақстанда да осы тәжірибелерді бейімдеу арқылы Парламент пен құқық қорғау органдары арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жетілдіруге болады. Атап айтқанда, құқық қорғау органдарының ашықтығын арттыру, есеп беру механизмдерін заңмен бекіту және Парламенттің сараптамалық мүмкіндігін кеңейту қажет.
Өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдары. Қазіргі тыңда құқық қорғау органдары мен Парламенттің өзара әрекеттестігінде бірқатар қиындықтар бар:
Ақпарат алмасу жеткіліксіздігі: Заң шығарушылар құқық қорғау органдарының нақты тәжирибесімен толық таныс болмағандықтан, кейбір заңдар құқықтық практикаға сәйкес келмейді.
Бақылау механизмдерінің әлсіздігі: Парламенттің құқық қорғау органдарының қызметіне тиімді әсер ету мүмкіндігі шектеулі.
Саяси тәуелділік: Құқық қорғау органдарының кейбір шешімдері саяси әсерге тәуелді болуы мүмкін.
Осы мәселелерді шешу үшін келесі ұсыныстарды ұсынуға болады:
Құқық қорғау органдары меү Парламент арасындағы тұрақты кеңестер мен сараптамалық топтар құру;
Парламент депуттарының құқық қорғау тәжірибесі бар мамандармен тұрақты байланысын жолға қою;
Құқық қорғау органдарының жұмыс нәтижелері бойынша ашық есеп беру тәжірибесін енгізу;
Қоғам өкілдерінің қатысуымен парламенттік тыңдаулар өткізу.
Қорытынды
Құқық қорғау органдары мен Парламен- Қазақстан Республикасының құқықтық жүйксіндегі негізгі тіректері. Олардың өзара тиімді әрекеттестігі мемлекетіміздегі құқық үстемдігін қамтамасыз етудің негізгі болып табылады[7]. Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлер бұл екі институттың бірлесіп жүзеге асыруын талап етеді.
Мақалада құқық қорғау органдары мен Парламенттің өзара байланысы, олардың құқықтық рөлі мен мәні, шетелдік тәжірибе және өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Енді осы бағыттағы реформалар мен тиімді тәсілдер жүйелі түрде енгізілсе, Қазақстанда құқықтық мемлекет қағидалары нығая түсері сөзсіз.
Пайдаланылған Әдебиет
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: ЮРИСТ, 2021.
2)Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2022.
3)Қазақстан Республикасының Парламенті туралы Конституциялық Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 2020.
4)Назарбаев Н.Ә. Құқықтық мемлекет құру жолында. – Алматы: Қазақстан, 2018.
5)Сапарғалиев Ғ. Қазақстанның конституциялық құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2019.
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары мен Парламент арасындағы өзара әрекеттестік талданады. Құқық қорғау органдарының қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен Парламенттің заң шығару функциялары қарастырылған. Екі институттың өзара іс-қимыл механизмдері мен олардың тиімділігін арттыру жолдары зерттелген. Мақала құқықтық реформа мен заңнамалық бақылаудың маңыздылығын көрсетеді.
В статье рассматривается взаимодействие между правоохранительными органами и Парламентом Республики Казахстан. Анализируется роль правоохранительных органов в обеспечении общественного порядка и безопасности, а также законодательная функция Парламента. Изучены механизмы взаимодействия между двумя институтами и пути повышения их эффективности. Статья подчеркивает важность правовой реформы и законодательного контроля.
This article examines the interaction between law enforcement agencies and Parliament in the Republic of Kazakhstan. It discusses the role of law enforcement in ensuring public order and safety, as well as the legislative function of Parliament. The mechanisms of cooperation between the two institutions and ways to enhance their effectiveness are analyzed. The article highlights the importance of legal reform and legislative oversight.