Касенова Махаббат Рустамовна
ББ 6В04201 Құқықтану 1топ, 1 курс стуендті
Ғылыми жетекші: Ф.ғ.к қауымдастырылған профессор Тулекова Гулжан Хажмуратовна
Аннотация
Бұл мақалада бизнесті құқықтық қорғау механизмдері қарастырылады.Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеудің маңызы, меншік құқығын қорғау, келісімшарттық қатынастарды сақтау, әділ бәсекелестікі қамтамасыз ету және дауларды шешу тетіктері талқыланады. Қазақстан Республикасының Азаматтық және Кәсіпкерлік Кодекстері негізінде құқықтық тәуекелдері, оның ішінде шарттық міндеттемелердің орындалмауы, салықтық және корпаративтік даулар сияқты мәселелер зерттеледі. Мақалада бизнесті қорғаудың тиімді құқықтық шаралары ұсынылады.
Кілт сөздер: Кәсіпкерлік, Құқықтық қорғау, меншік құқығы, келісімшарттық қатынастар, құқықтық тәуекелдер, мемлкеттік реттеу, бәсекелестік, дауларды шешу, құқықтық кепілдіктер, салықтық даулар
Аннотация
В данной статье рассматриваются механизмы правовой защиты бизнеса. Анализируется значение правового регулирования предпринимательской деятельности, защита прав собственности , соблюдение договорных отношений , обеспечение добросовестной конкуренции и механизмы разрешения споров. На основе Гражданского И Предпринимательского кодексов республики Казахстан рассматривается роль правовых гарантий и их влияние на устойчивое развитие бизнеса. Так же исследуются правовые риски предпринимателей, включая неисполнение договорных обязательств, налоговые и корпоративные споры. В статье предлагаются эффективные правовые меры защиты бизнеса.
Ключевые слова: прaвовая защита бизнеса, предпринимательскaя деятельность, прaво собственности, договорные отношения, добросовестнaя конкуренция, рaзрешение споров, прaвовые гaрaнтии, устойчивое рaзвитие, прaвовые риски, нaлоговые споры, корпорaтивные споры.
Кәсіпкерлік – бұл жеке адамның өз бастамасымен табыс табу мақсатында белгілі бір экономикалық қызметпен айналысуы. Ол жаңа өнім немесе қызмет түрін ұсынып, оны нарыққа шығару арқылы қоғамға да, өзіне де пайда әкеледі. Кәсіпкер тәуекелге барып, жауапкершілік алып, өз ісінің тиімділігін арттыруға ұмтылады. Бұл процесс экономиканың дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және халықтың әл-ауқатының артуына әсер етеді. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Алайда бизнестің тұрақты дамуы құқықтық реттеу мен қорғауды қажет етеді. Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызмет экономиканың қозғаушы күші болып табылады. Дегенмен, бизнес жүргізу барысында кәсіпкерлер туралы құқықтық тәуекелдерге тап болады. Олардың қатарында меншік құқығының бұзылуы, шарттық міндеттемелердің орындалмауы, салықтық және корпоративтік даулар, сондай-ақ құқық қорғау органдары тарапынан қысым болуы мүмкін. Бүгінгі таңда бизнестің тұрақтылығы көптеген факторларға байланысты, соның ішінде құқықтық реттеу мен кәсіпкерлік қызметтің заңнамалық негіздерінің өзгеруі маңызды орын алады. Мемлекеттік реттеулер мен құқықтық сәйкестік талаптарын орындамау айыппұлдарға, бизнес беделінің төмендеуіне және сот процестеріне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, корпаративтік даулар, үшінші тараппен құқықтық қақтығыстар және нарықтық жағдайлар бизнестің қауіпсіздігіне әсер етеді. Осыған байланысты, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және заңды кепілдіктерді қамтамасыз ету маңызды мәселеге айналып отыр. Қазіргі заманғы бизнес ортасы кәсіпкерлерге көптеген мүмкіндіктер ұсынғанымен, оған қатысты құқықтық және экономикалық тәуекелдер де жоғары. Сондықтан бизнесті қорғау үшін тиімді құқықтық механизмдерді қолдану маңызды. Бұл мақалада бизнесті құқықтық қорғау механизмдері, құқықтық кепілдіктердің рөлі және бизнесті жүргізу барысында кездесетін негізгі тәуекелдер қарастарылады. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің заң талаптарын сақтау арқылы бизнесін тұрақты және сенімді жүргізу жолдары талқыланады.
Бизнесті құқықтық қорғаудың теориялық негіздері
Кез келген елдегі бизнестің тұрақты даму оның заңдық қорғалуының деңгейіне байланысты . Кәсіпкерлік қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет белгілі бір құқықтық кепілдіктерді ұсынады. Бұл кепілдіктер заңнамалық актілерде көрініс тауып, кәсіпкерлердің құқықтарын, мүдделерін және меншігін қорғауға бағытталған. Бизнесті құқықтық қорғаудың құқықтық механизмдері әртүрлі салаларға қатысты: меншік құқығын қорғау, келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау, әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласуды болдырмау және инвестицияларды қорғау. Бизнесті құқықтық қорғау мәселелерін көптеген ғалымдар зерттеген. Қазақстандық зерттеушілер С. Сартаев, Ж.А Темірбеков, Қ.Д Жоламан сияқты заңгер-ғалымдардың еңбектері кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу аспектілерін қамтиды. Қазақстан Республикасының заңгері, құқық саласының докторы, проффесоры Сұлтан Сартайұлы Сартаев өзінің еңбектерінде бизнесті құқықтық қорғау мәселелерін қарастырған. Оның зерттеулерінде құқықтық реттеу мен меншік құқығының маңыздылығы жиі қозғалады Мысалы, Сартаев былай деп жазады:
«Құқықтық мемлекет жағдайында кәсіпкерлік қызметтің тұрақты дамуы тек заңнамалық кепілдіктермен қамтамасыз етілуі тиіс. Меншік құқығы мен келісімшарттық қатынастардың беріктігі бұл – экономиканың негізгі тірегі болып табылады”.
Сонымен қатар, құқықтық механизмдердің бизнестің тұрақтылығына әсерін А.С Ибраева, Е.Б Оңғарбаев сынды ғалымдар қарастырған. Шетелдік ғалымдардан Р.Познер, Ф.Хайек, Д.Норт бизнестің құқықтық қорғалуының экономикалық өсімге ықпалын зерттеген.
Бизнесті құқықтық қорғаудың негізгі механизмдері
Қазақстанда бизнесті құқықтық қорғау ҚР 1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексі, 2015 жылғы Кәсіпкерлік кодексі, 2017 жылғы Салық кодексі, Жеке кәсіпкерлік туралы заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер арқылы реттеледі. Бизнестің құқықтық қорғалуы ел экономикасының тұрақтылығы мен инвестициялық тартымдылығын арттырады. Егер кәсіпкерлер заң шеңберінде жұмыс істеп, өз құқықтарының қорғалатынына сенімді болса, онда олар өз қызметін кеейтіп, экономикаға үлкен үлес қоса алады. Бизнесті қорғау үшін мемлекет бірнеше негізгі құқықтық кеплдіктерді қамтамасыз етеді:
Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі (Кәсіпкерлік кодексінің [10бабы]
Меншік құқығының қорғалуы [Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабы];
Келісімшарттық қатынастардың тұрақтылығы;
Салықтық жеңілдіктер мен тұрақтылық;
Дауларды әділ шешу жүйесі.
Меншік құқығы бизнесті жүргізудің басты кепілдіктерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне қолсұғылмаушылық қамтамасыз етіледі. Мемлекет меншік құқығын келесі механизмдер арқылы қорғайды:
Заңнамалық кепілдіктер: ҚР Конституциясы, Азаматтық кодекс, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң;
Сот арқылы қорғау: Кәсіпкерлер өз құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгініп, әділ шешім талап ете алады;
Қазақстан Республикасының заңгері, құқық саласының докторы, профессоры Е. Б. Оңғарбаев бизнесті құқықтық қорғау мәселелерін жан-жақты зерттеген. Оның еңбектерінде құқықтық реттеу мен кәсіпкерлік қызметтің тұрақтылығы арасындағы байланыс жиі қозғалады. Мысалы, ол былай деп жазады: «Бизнесті құқықтық қорғау механизмдері кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер етеді деп жазылып кеткен. Тиімді құқықтық реттеу кәсіпкерлердің сенімділігін арттырады делінген .».Бизнесте келісімшарттық қатынастар маңызды рөл атқарады. Келісімшарт – бизнес жүргізудің негізгі құқықтық құралы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің [378-бабына сәйкес], шарт екі немесе одан да көп тараптардың азаматтық құқықтары мен міндеттемелерін белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі болып табылады. Кәсіпкерлер арасындағы міндеттемелер Азаматтық кодекспен реттеледі. Қазақстан заңдары келісімшарттардың еркіндігін қамтамасыз етіп, тараптардың міндеттемелерін орындауын міндеттейді.
Бизнесті құқықтық қорғау механизмдерін жетілдіру
Қазақстандағы бизнесті құқықтық қорғаудың негізгі мәселелері кәсіпкерлік қызметті тиімді реттеу үшін маңызды рөл атқарады. Әсіресе меншік құқығын қорғау, келісімшарттық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, әділ бәсекелестікті қолдау және мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудың болмауы маңызды болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін құқықтық механизмдерді жетілдіру қажет.
Біріншіден, заңнамалық өзгерістерге бейімделу және жаңа талаптарға сәйкес әрекет ету үшін кәсіпкерлерге құқықтық көмек беру қызметтерін дамыту керек. Бұл олардың құқықтық тәуекелдерден сақтануына және бизнес жүргізуде туындайтын проблемаларды дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында тиімді байланыс орнату маңызды.
Екіншіден, сот жүйесінің тиімділігін арттыру, әділ әрі ашық сот процестерін ұйымдастыру керек. Бұл кәсіпкерлердің өз құқықтарын қорғауға деген сенімін нығайтады. Құқық қорғау органдарының заңсыз араласуын болдырмау үшін олардың бақылауын күшейту, сондай-ақ мемлекет тарапынан құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету шараларын қолға алу қажет.
Қорытынды. Бизнесті құқықтық қорғау ел экономикасының тұрақтылығы мен инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады. Қазақстанда бизнесті қорғаудың құқықтық механизмдері қалыптасқанмен, оның тиімділігін арттыру үшін қосымша реформалар қажет. Бизнесің заңдық кепілдіктерін нығайту кәсіпкерлердің сенімділігін арттырып, олардың экономикалық белсенділігін ынталандырады. Келісім шарттық қатынастардың беріктігі, әділ сот жүйесі және мемлекеттік органдардың ашықтығы бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, Қазақстан халықаралық тәжірибені ескере отырып, бизнесті қорғау механизмдерін жетілдіруі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы. – 1995 ж. 30 тамыз (2023 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен).
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері). – 1994 ж. 27 желтоқсан, № 268-XII.
3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі. – 2015 ж. 29 қазан, № 375-V ҚРЗ.
4) Қазақстан Республикасының Салық кодексі. – 2017 ж. 25 желтоқсан, № 120-VІ ҚРЗ.
5) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. – 2006 ж. 31 қаңтар, № 124-III ҚРЗ.
6)Оңғарбаев Е. Б. Кәсіпкерлік құқықтың дамуы және құқықтық механизмдер // Құқық және экономика конференциясы материалдары. – Алматы, 2018.
7)Сартаев С. С. Бизнесті құқықтық қорғаудың заманауи мәселелері // Заң ғылымдары халықаралық форумы. – Астана, 2019.