Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру

Жақсықұл Нұраян Жандосұлы
Ғылыми жетекші: Ф.ғ.к қауымдастырылған профессор Тулекова Гулжан Хажмуратовна

ҚЫЛMЫCТЫҚ ҚҰҚЫҚ
УГ
OЛОВНОЕ ПРAВО
CRIMINAL LAW

МРНТИ: 56.07.35
УДК: 343.35

“Медиа және мәдени қарым қатынас” Жоғарғы мектебі 

Аңдатпа

Жазылған жобада қазіргі таңда адамдар алдау яғни алаяқтықтың көп таралуы қарастырылады. Адaмдaрдың сенімін тeріс пaйдалану, өтірік уәдeлермeн мүлiктiк зиян келтiру мәселеcі cөз етілді. Зерттеу жұмысында алаяқтылықпен күресу баяндалды. Бұл тaқырып құқықтық әрi әлеуметтiк мaңызға тән, себебi осындaй әрекеттер жеке тұлғaлaр мен зaңды мекемелерге айтaрлықтай мaтериалдық шығын туғызaды. Зерттеу барасындa aлаяқтықтың зaңдық сипaттамaсы мен оның қaзiргi Қaзақстaн зaңнaмaсындағы орны зерттелдi [4]. Сонымен қaтaр, aлаяқтық әрекеттердің aлдын aлу тетігі мен қоғамғa тигізер ықпaлы сөз етілді.

Кілт сөздер: алаяқтық, сенімді теріс пайдалану, мүліктік залал, қылмыстық құқық.

Повреждение имущества в результате мошенничества или злоупотребления доверием

Аннотация

В данном проекте рассматривается проблема мошенничества, которое в настоящее время широко распространено. Освещается вопрос злоупотребления доверием граждан путем обмана. В исследовательской работе анализируются меры борьбы с мошенничеством. Данная тема имеет юридическое и социальное значение, поскольку подобные действия наносят значительный материальный ущерб гражданам и юридическим учреждениям. В ходе исследования было изучено юридическое описание мошенничества и его место в действующем Казахстанском законодательстве [4]. Кроме того, обсуждался механизм предотвращения мошенничества и его влияние на общество.

Ключевые слова: мошенничество, злоупотребление доверием, имущественный ущерб, уголовное право.

Causing property damage through fraud or abuse of trust

Abstract

This project examines the issue of fraud, which is currently widespread. It highlights the problem of deception and abuse of people’s trust. The research focuses on measures to combat fraud. This topic is of legal and social importance, since such actions cause significant material losses to individuals and legal entities. The study examined the legal nature of fraud and its place in modern Kazakh legislation [4]. In addition, the mechanisms for preventing fraudulent actions and their impact on society were discussed.

Keywords: fraud, abuse of trust, property damage, criminal law.

Қазір дамыған заман болғандықтан адамдарды алдау алаяқтылықпен пайда көру дамып жатыр. Әр мемлекет тиісінше алаяқтылықты жою үшін сапалы түрде әрекет етуде. Біздің мемлекетте алаяқтылықтың түрлері өте көп. Соның көп тарағаны қоңырау шалу арқылы жеке шотының нөмірін сұрап ақшасын заңсыз иемденіп алу. Көптеген пікірлерге сүйене отырсақ Қазақстанда осыған жайлы көптеген фильмдер және құқық қорғау органдарының жеке парақшасында видео материалдар көп салынып жатыр [5], [7], [8].

Қазақстанда осы жақында ғана BAS production-ның мүшесі өте керемет продюссер Рүстем Омаров алаяқтық туралы сериал түсірілді. Сериал алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топтың өмірін көрсетеді [5], [6]. Қылмыстық топтың басшысы Дастан есімді кейіпкер өте білімді, психологиядан хабардар кез келген адаммен тіл табыса алатын адам және оның көмекшілері алаяқты ақшаны одан әрі қолма қол ақшаға айналдыру үшін атына карта шығарылатын адамдарды іздейді және нақты алаяқтылықтың құрбаны болатын адамдарды табу үшін банктерден қоңырау шалу мақсатында кез келген нөмірді қолдан жасайтын IT маманын іздеп табады. Алаяқтылық тек қана жалғыз адамнан емес, қылмыстық топтан құралатынын көрсетеді. Сериалдың бізге берер тәрбиесі жалпы азаматтарды қорғау және ескерту мақсатында ең көп таралған алаяқтық жоспарлармен схемаларды көрсетеді.

Құқық қорғау органдары алаяқтылықпен күресу жолын әрбір мекеме, мектеп жеке кәсіпкерлерге және т.б түсіндірме жұмыстарын айтуда. Алаяқтылықпен күресіп алаяқтылықты жоя аламыз ба?

Алаяқтық алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру – бұл қоғамда ауыр таңба қалдыратын құқықтық немесе заңдық нормаларды бұзатын және адамдық тұрғыдан өте әсерлі зиян туғызатын қылмыстардың бірі. Мұндай қылмыстар адамның сеніміне кіріп оны пайдалану арқылы пайдаға шығуды мақсат етеді. Бұл құқық бұзушылықтардың қоғамдық ортаға тигізетін кесірі үлкен, себебі олар тек адамдарға ғана емес, жалпы қоғамғада зиян келтіреді [3]. Алдымен алаяқтылықты түйіндейтін болсақ бұл әрекет көбіне пендені өз ара келісімге тарта отырып оны өтірік ақпаратпен немесе жалған әрекетпен алдап, өзінің пайдасына шығу себеп болады алаяқтардың мақсаты адамдарды сендіру арқылы оның өзіне тиесілі мүлігін иелену. Бұл қылмыс тек жеке тұлғаларға ғана емес сондай-ақ заңды тұлғаларғада зиянын келтіруі мүмкін. Мысалы, кейбір алаяқтар қызметтерін немесе тауарларын сатқан болып өздерінің міндеттемелерін орындамай жәбірленушіге қаржылық шығын келтіреді [2]. Сенімді теріс пайдалануда ұқсас әрекет болып табылады, бірақ оның ерекшелігі сенімнің негізінде жасалынатын іс-әрекеттерде. Негізінде мұнда бір адам екінші адамға өз міндеттерін дұрыс орындауға немесе белгілі бір құнды затты сеніп тапсырған кезде осы сенімді әдейіге бұзады. Мысалы, ақша немесе бағалы қағаздардан сенімді ала отырып ол өзінің жеке пайдасын көздеп заңсыз пайда табуға тырысады [3]. Бұл екі ұғымда қылмыстық жауапкершілікті туғызатын әрекет болып есептелінеді, себебі ол адамдардың құқықтарын бұзады. Алдау мен сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік залал келтіру қылмысының салдары қоғамдық әділетсіздікті тудырып құқықтық мемлекетке өз сенімінің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.

Алаяқтыққа қатысты ғалымның тұжырымдары:

Алаяқтыққа қатысты көзқарастарды қарастырған ғалымдардың бірі Батыстық әлеуметтанушы Роберт Мертон болып есептелінеді. Мертонның қоғамдық жазбаларында алаяқтықты түсіндіру үлкен рөл атқарады. Мертон аномия қоғамдық нормаларды және құндылықтардың арасында келіспеушілік болған кезде туындайтын жағдай деп түсіндіреді. Мертон өз теориясында қоғамдық құрылымның әлсіздігі немесе жеке мақсатпен құралдардың үйлесімсіздігі алаяқтықтың пайда болуына әсер ететіндігін түсіндірді. Ол өзінің «Әлеуметтік құрылым және аномия» еңбегінде былай дейді: «Егер қоғам заңды мақсаттарды ұсынғанымен, оған жетудің заңды жолдарын ұсынбаса, адамдар бейқұқықтық жолды таңдайды.» (Merton, 1938) [9]. Мысалы, егер қоғам материалдық жетістіктерге басымдық беріп, адамдар осы жетістіктерге жетудің заңды жолдарын қолдануға мүмкіндік бермесе, онда олардың алаяқтыққа, яғни заңсыз немесе әдепсіз жолдармен мақсатқа жетуге бейімділігі артады. Мртонның айтуынша, қоғамдық қурылымдағы әлеуметтік теңсіздіктер мен мүмкіндіктердің тапшылығында жатыр.

Алаяқтық құбылысын түсіндіруде американдық әлеуметтанушы Талкотт Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы да маңызды орын алады. Талкотт Парсонс рөлдік жүйе мен қоғамдық институттардың әлсіздігінен девианттық мінез-құлықтың пайда болатынын айтады. Парсонс өзінің The Social System (1951) еңбегінде қоғамды тұрақты дамыту үшін адамдардың әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға бағынуы қажет екенін атап көрсетеді. Егер қоғамда осы құндылықтарға сенім жоғалса немесе олар бұзылса, әлеуметтік тәртіп әлсірейді де, құқық бұзушылықтар, соның ішінде алаяқтық сияқты құбылыстар көбейеді [10] Parsons, T. (1951). The Social System. Free Press.

Медиа және конференция материалдары:

Зерттеу жұмысында медиа материалдар ретінде “BAS Production” компаниясының «Мошенники» сериалы [5], Рүстем Омаровтың алаяқтық туралы бейнематериалдары [6], сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми парақшаларындағы ескерту видеолары [8] пайдаланылды. Бұл медиа өнімдер қоғамдағы алаяқтық әрекеттердің түрлерін, олардың жүзеге асу жолдарын және алаяқтықтың алдын алу тетіктерін халыққа жеткізуге бағытталған. Конференция материалдары ретінде осы медиадағы мысалдар негізінде алаяқтықтың құқықтық және әлеуметтік аспектілері талданды.

Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді және жеке деректерді, банк шотының ақпаратын, құпия кодтарды бейтаныс адамдарға немесе күмән тудыратын кезде немесе ешкімге беруден аулақ болу қажет. Алаяқтық жолдарын білу- телефон арқылы қоңырау шалып, өзін банк қызметкері, полиция немесе басқада мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстыратын адамдарға барынша сенбеу қажет. Ресми мекемелер ешқашанда ұялы телефон арқылы қупия мәліметтерді сұрамайды [6]. Сілтемелер мен қосымшаларды әлеуметтік желілерде, электрондық пошталарда немесе хабар алмасу қосымшаларында келген күмәнді сілтемелерді немесе құжаттарды барынша мұқият қарап оны ашпауға тырысу керек. Құпия сөздерді қорғау – қиын әрі ұзақ құпия сөздерді қолданып, оларды үнемі өзгерісте, мүмкін болса екі факторлы аутенфикацияны қосамыз [8]. Жеке деректерге шектеу қойып әлеуметтік желілерде артық ақпарат жарияламауға тырысыңыз бұл алаяқтарға біз жайлы ақпарат жинауды қиындатады.

Алаяқтылықпен күресу әр адам өзінің жеке борышы деп есептейміз. Өзінің жеке мүлікіне ұқыпты қарап өз өзіне сенімді болуы тиіс. Қазіргі кезде алаяқтылықтың көбейуіне байланысты барлық жағдайда сақ болуы керек. Теледидар болсын, әлеуметтік желі болсын бізге қолайлы әрбір порталдарда алаяқтылық туралы ашық айтылуда. Алаяқтылықтың жоқ болуына да, көбейіп кетуіне де өзі кінәлі. Өйткені алаяқтылықпен айналысатындарда алаяқтылықпен күресетіндерде адамдар.

Жалпы Қазақстан Республикасындағы алаяқтық туралы жауапкершілік алатын заң бар екені белгілі. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 190-бабы. “Алаяқтық – бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен иелену.” (ҚР ҚК, 190-бап)

Құқықтық классификациясы: Жеке тұлғаға жасалса – орташа ауыр қылмыс, қайталанса немесе топпен жасалса – ауыр қылмыс, ірі мөлшерде, заңды тұлғаға – аса ауыр[4]. Алаяқтықтың кең таралуы қоғамдық әділеттілікке кері әсерін беріп, азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін төмендетеді [1]. Бірақ алаяқтық қандай жолмен қалай жасалатындығы бәріне беймәлім. Сондықтан адамдар өзіне тиесілі жеке мүлікінен айырылып жатады. Сондықтан адам өзінің жеке мүлікіне өзң ғана сенім артуы тиіс. Әрбір азамат өзінің жеке деректерін қорғауға жауапты. Алаяқтармен күресте ең мықты қару – құқықтық білім мен сақтық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Рспубликасы Прокуратурасы https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror
  2. Агенство Республики Казахстан попротиводействию коруупции https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=ru
  3. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-almaty
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226
  5. Сериал мошенники https://www.ntk.kz/ru/programs-and-serials/serials/moshenniki/
  6. Рүстем Омаров https://www.instagram.com/_omarov_rustem?igsh=a3c3amxzMDVzcjh5
  7. BAS production https://www.instagram.com/baspro_tv?igsh=NXJrbDRpbTVnc20=
  8. ҚР ІІМ https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim
  9. Роберт Кинг Мертон https://scepsis.net/library/id_632.html
  10. Parsons, T. (1951). The Social System. Free Press.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх