Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару
Шарипова Галия Габбасовна
Пәні: математика
Сыныбы: 5 «А»
Мерзімі: 30.01.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару туралы ұғымдарын нығайтып,есептер шығаруды үйрету.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін,математикалық сөздік қорын, ізденушілік,шығармашылық әрекеттерін,танымдылығын дамыту, математиканың өмірмен байланысын үйренуге,өз бетімен есептер шығара білуге дағдыландыру, топтық жұмыста белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, өзін-өзі және өзара бағалауға машықтандыру, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаттығу жұмыстары
Сабақтың түрі: аралас
Оқытудың әдістері: «Шаттық шеңбер», «Ыстық алақан», «Фигуралар», «Топтық ереже», «Сұрақ-жауап» әдісі, «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы, сергіту сәті, «Сәйкестендіру тесті» Рефлексия .
Пән аралық байланыс: қазақ тілі,бейнелеу,геометрия,информатика т.б
Көрнекілігі: компьютер, активинспир(флипчарт), интерактивті тақта,фигуралар, түрлі тісті суреттер,слайд,кестелер, қима қағаздар,т.б
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі (8 мин)
Психологиялық ахуал: «Шаттық шеңбер», «Ыстық алақан» стратегиясы(оқушылар екі қатарға шеңбер құру арқылы тізесін бүгіп отырады,көздерін жұмып,көз алдына биікте ілінген арқанды елестету арқылы, оны екі қолмен ұстап,арқан бойымен биікке көтеріледі,
өкшені көтеріп аяқтың ұшымен тұрып,екі қолды жоғары созып шыңына жеткенде көздерін ашып шапалақ соғады,«Ыстық алақан» арқылы жылы лебіздерін білдіп,бір-біріне сәттілік тілейді)
|
Оқушылар «Фигуралар» арқылы бөлініп, сол бойынша топтасады.
Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді
Топ ережесі жазылады
- Бірін-бірі мұқият тыңдау.
- Ойланып,тиянақты жауап беру.
- Топта ынтымақтастықта болу.
- Уақытты тиімді пайдалану.
- Талқылаудың қорытындысын шығару.
Формативтік бағалау :
|
|
|
||||
Тапсырманы толық және нақты орындаса (өте жақсы) «5» |
Тапсырманы орташа орындаса (жақсы) «4» |
Тапсырманы төмен орындаса (қанағаттанарлық) «3» |
Оқушылар 4 топқа бөлінген,берілген тапсырмаларды әр топтағы оқушылар дұрыс орындаса топтың атына ие болады.
- 1-тапсырма Қазақ алфавитіндегі 42 әріптердің орналасуын көз алдарыңа елестетіп,мына сандардан жасырын сөзді табыңдар.
3 21 16 34 8 14 25 8 23
(бөлшектер)
- 2-тапсырма Жұмбақты шешіңдер
Жұмбақ
Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз. (цифрлар)
- 3-тапсырма Керекті сөздерді қолданып сөйлемді оқы.
4-тапсырма Ребус шешіңдер
( натурал сан)
Топтың аттары: 1-топ “БӨЛШЕКТЕР” 2-топ “ЦИФРЛАР”
3-топ “АРАЛАС САН” 4-топ “НАТУРАЛ САН”
Әр топ ортасынан өздеріне спикер дайындайды,оның міндеті
өз тобындағы оқушыларды бағалайды, бағалау парағын толтырады.
________________________тобының бағалау парағы
Оқушының аты-жөні |
Өзін өзі бағалау |
Топтың бағасы |
Мұғалімнің бағасы |
Қорытынды баға____________________________________
2.Қызығушылықты ояту сатысы «Миға шабуыл» (5 мин)
Мақсаты: оқушыларға ой қозғау, ойын жинақтауға бағыттау.
- Өткен тақырыптарды пысықтау,сұрақтарға жауап беру.
Әр топқа жеке бір сұрақтан беріледі,толық жауап беруі керек.
1-топ “БӨЛШЕКТЕР” Бөлшектер қалай көбейтіледі?
2-топ “ЦИФРЛАР” Натурал санды бөлшекке қалай көбейтеді?
3-топ “АРАЛАС САН”Аралас сандарды көбейтуді түсіндіріңдер
4-топ “НАТУРАЛ САН” Жай бөлшектер туралы кітапқа мәлімет енгізген кім?
Соңында жай бөлшектер туралы кітапқа мәлімет енгізген Орта Азия математигі әл-Хорезмидің есімі жазылады және бұл мәліметтер жайында дарынды оқушының шығармашылық жұмысы қысқаша таныстырылады.
|
- Үй тапсырмасын сұрау №1087 ,№1088 жауаптарын салыстыру
3.Негізгі бөлім: (25мин)
«Ойлан/жұптас/ талқыла» стратегиясы
Мақсаты: өз бетімен білім алу,өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.
Сергіту сәті.
|
Мақсаты: бойларын сергіту.
|
|
Қорытынды: 7мин
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718